Сабақтың тақырыбы: Күш атасы Қажымұқан



бет2/3
Дата17.10.2019
өлшемі164,51 Kb.
#50163
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Күш атасы қажмұхан


Сабақтың ортасы

30 минут

10 минут


2 минут

3 минут


8 минут

7 минут


Сабақтың

соңы

1 минут

2 минут

2 минут




2-тапсырма: Т.Ж. «Аударыспақ» әдісі.

Мәтінді түсініп оқы. Нақтылау сұрақарын құрастыр.



Қажымұқан Мұңайтпасов (1883-1948)

Қазақта «Күш атасы - Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауданында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңқалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс балуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп, Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс балуаны Генрих Веберді жеңеді, Риге қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальді Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос Айрес қаласында еркін күрестен үлкен алтын медальді жеңіп алады.

1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Нижатиндер циркінде қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске шығады. Бұдан әрі балуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда жеңістерге жетті.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып балуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып он екі жыл,

Жиырма төрт латыншаның жерін басқам, -

деп жырлаған екен балуанның өзі.

1927 жылы ҚазКСР орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған балуан күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жібереді. Осы ұшқышпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындайды.

Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды. Темірланда Құжымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларында стадиондарға балуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.

(«Әлемдік және ұлттық спорт ойындары»)

Дескриптор:


  1. Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар әзірлейді.

  2. Әр топ сұрақарын қағазға жазады.

  3. Сағат тілі бойынша сұрақтарын өзге топтармен ауыстырып, жауап береді.

Қ.Б. Алтын, күміс, қола медальдар беру арқылы мұғалімнің бағалауы.
Сергіту сәті

Спортқа байланысты дене жаттығуын жасату. (Интербелсенді тақтада видео қосылып тұрады)



3-тапсырма: Ж.Ж. «Сандар сөйлейді» әдісі

Мәтін бойынша оқиғаларды кестеге орналастыр.





Сандар




1

1883 жыл




2

1910 жыл




3

1911 жыл




4

1927 жыл




5

1948 жыл




6

18 жас




7

100 мың сом




8

120 рет




9

148




10

12 тамыз





Дескриптор:

- Мәтіндегі сандарға мән беріп оқиды.

- Болған оқиғаларды анықтайды.

- Оқиғаларды кестеге орналастырады.



Қ.Б. «Бас бармақ» әдісі бойынша мұғалімнің бағалауы.
4-тапсырма: С. «Чемпион орындығы» әдісі

Мәтін негізінде және қосымша ақпарат тауып, Қажымұқанға мінездеме жаз. (Қабілеті нашар оқушыға қосымша сөз тіркестерін беріп қолдау көрсетемін)

Үздік мінездеме жазған оқушы чемпион орындығына отырып оқиды.

Дескриптор:

1. Оқылым мәтініндегі деректерді және қосымша ақпаратты пайдаланады.

2. Қажымұқанға мінездеме құрастырады.
Қ.Б: Ең үздік деп танылған мінездеме иесіне кубок беру арқылы мұғалімнің бағалауы.

5-тапсырма. Ж. «Түртіп алу» әдісі

Мәтіннен болымды, болымсыз, салт, сабақты етістіктерді теріп жаз. (Итербелсенді тақтадан ережелерін көрсету арқылы көпіршелерді қолданамын)




Болымды

Болымсыз

Салт

Сабақты


























Дескриптор:

  1. Мәтіннен болымды, болымсыз, салт, сабақты етістіктерді табады.

  2. Кестені толтырады.



Қ.Б: Жұлдызша беру арқылы мұғалімнің бағалауы.

Интербелсенді тақтада:



Болымды етістік. Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғапарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады.

Салт етістік — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі.  Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.

Сабақты етістік — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі. Табыс септікті тура толықтауышты меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай етістіктер салт және сабақты болып бөлінеді.

Үйге тапсырма:

«Қазіргі спорт жұлдыздары» тақырыбында эссе жаз.



Кері байланыс:

«Жеңімпаз белдігі»

1 орын: Қызыл белдік

2 орын: Көк белдік

3 орын: Сары белдік

Рефлексия.

«Чемпион баспалдағы»

  1. Бүгін не үйрендім?

  2. Сабақ бойынша нені түсінбедім.

Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек.

ЖОБА Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасы

Б.А.Әрінова, Г.М.Раева, Г.С.Каримова



144-145 бет

http://vesti.kz/universiada/176003/


https://www.youtube.com/watch?v=9mnM6j4i46s


http://www.myshared.ru/slide/1016797/




http://sabaq.kz/7752/%D0%BA%D0%BE%D




http://www.olymp-ekt.ru/plugins/catalog/item/id/4151


https://kopilkaurokov.ru/nachalniyeKlassi/uroki/mamandyktardynbrizhaksy


http://www.ardaktylar.kz/sport/item/393-azhym-an-m-ajtpas-ly

http://www.dodasport.kz/archives/category/


https://kopilkaurokov.ru/nachalniyeKlassi/planirovanie/ss-dybysy-mien-rpi




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет