Сабақтың тақырыбы: Ұлы жүздің Ресейге қосылуы



Дата21.04.2017
өлшемі39,86 Kb.
түріСабақ
Қазақстан тарихы 8 «А» сынып ___12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ руларының Ресей қарамағына қткен тарихы туралы баяндап, түсіндіру. Ұлы жүздің саяси жағдайы жайлы айту. Ресей әкімшілігінің күшеюі, орыс қазақ қарым қатынастары жайлы білім беру. Тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғаларды оқушы санасына ұялату.

Ел тарихын білуге деген құштарлықтарын арттыру. Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі; жаңа, ашық сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру. Сабаққа назарларын аударту.

  • Ой шақыру.

  • Қазақ қоғамы неше жүзге бөлінді?

  • Қазақтардың Ресей билігін мойындағаны туралы не білеміз?

  • Кіші жүз қазақтарының атынан Ресейге барған елшілер жайлы айтыңыз

  • Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуін, қандай жағдайлармен түсіндіруге болады?

Қазақ қоғамына тоқталу. Оқушыларға үш жүздің рулары, картадан орналасқан жерлері туралы қысқаша мәлімет беру.

Жаңа сабақ. Түсіндіру.

XVIII ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстанға орталықазиялық феодалдық мемлекеттер-Хиуа,Бұқара, әсіресе Қоқан хандықтары жиі шабуыл жасады.Қазақстанның оңтүстігін жаулап алудың себептері көп болды. Олар: қазынаны салықпен толтыру қажеттілігі; мал өнімдері, азық-түліктермен қамтамасыз ету; Орталық Азияны Ресеймен Қытаймен байланыстыратын керуен бақылау жасау; орталықазиялық хандықтардың саяси ықпалы мен беделін бекіту. Орталықазиялық хандықтардың Қазақстанның оңтүстігіне тікелей билік жасау кезеңі шамамен 1810 жылдан 1866 жылға дейін созылды. Олардың басқыншылық саясаты Англия тарапынан қолдау көріп отырды. 1812-20 жылдары Хиуа ханы Мұқаммед-Рахым қазақ ауылдарына бірқатар тонаушылық шабуылдар жасады.

Қазақстанның оңтүстігі орталықазиялық мемлекеттерінің әсерінен басқа аймақтарына қарағанда өзгеше сипатта болды. Мұнда Қоқан билігі күшті болғандықтан да орта ғасырлық феодалдық тәртіп үстемдік құрды. Қазақ билеушілерінің арасында ауызбіршілік болмады. Әрбір рулық топтың өз ханы болды және ол оқшауланған саясат жүргізді.

Ресей империясының негізгі мақсаты Қазақстанды түпкілікті жаулап алу және Орта Азия мемлекеттерін бағындыру мәселесі еді.

Ұлы жүздің Ресей қоластына өте бастауы

Ресейдің шығысқа қарай жылжуына оңтүстік Қазақстанның жерінде Қоқан өкіметі кедергі келтірді. Қоқанның одақтасы, Ресейдің шығыстағы басты қарсыласы – Англия болды

Әбден үрейленіп қалған Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей қол астына өтуіне бастама болып саналды. Қазақтарға осы кезде Орта азия мемлекеттері мен Қоқан, Хиуа хандықтары жиі шабуылдар жасады. Аймақта біртұтас биліктің болмауы, ел басын біріктіретін, өз іштеріндегі алауыздықты тоқтататын, сонымен қоса сыртқы агрессияға төтеп беретін күш жоқ еді. Осылардың бәрі патша үкіметінің Қазақстанның Оңтүстік өлкесін отарлауға қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы кезеңде қазақтардың бір бөлігі Ресеге қосылуға әзір тұрса, екіншіден патша үкіметі де белсенді түрде іс-қимылдар жасауға кірісті. Онымен қатар қоқандықтардың елдің берекесін алған шабуылдары 1818- жылы Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметінен өздерін Ресей қол астына алуын өтінді. Сөйтіп,1819 – жылы патша үкіметі Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55500 қазақ патша үкіметі қол астына өтті. 1824 – жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай немерелері мен Әділ төренің балалары басқарған 165 мыңға тарта ер адам Ресей қол астына өтті. Дегенмен, Ресей ұкіметі өздерінің ішкі жағдайларына орай Ұлы жүзбен байланыс жасауды тоқтату қажет болды. Себебі, (І-Александрдің өлімі, Сенат алаңындағы декабристер көтерілісі), сонымен қатар сыртқы проблемалары империя құрамына Ұлы жүз қазақтарын қосып, алуды уақытша тоқтатты. Қазақ билеушілері өзінің саяси мүддесіне пайдаланды. Бұл тұтастай алғанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық саяси және халықаралық жағдайына әсер етті. Орталық Аиялық хандардың бағыныштылығында бола отырып Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесі, онда тұратын Ұлы жүз қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен сауда және саяси байланысты ұстап тұрды. Осы аудандарға Ресейден келетін астық және өнеркәсіп тауарлары жылдам және ұлғая түсті.

Ұлы жүздің қосылған аумағында Ақтау (1835 ж.), Алатау, Қапал (1846 ж.), Аягөз (1831 ж.), Лепсі бекіністері тұрғызылды. Бұл бекіністер Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға қарай жылжуы үшін тірек пункттері қызметін атқарады, сонымен қоса басқа да бекіністер салынып, олар Ресейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне айналды.Ұлы жүз қазақтарын басқару жөніндегі нұсқауға сәйкес бұл өлке 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымы қызметін белгіледі. Ол Ұлы жүздің жаулап алған аудандарын басқаруды жүзеге асырды.

  • Тақтамен жұмыс.

  • Қазақ рулары ___Хиуа және Қоқан хандықтарында___иелігінде қыстады.

  • Қазақтарға _қысым_көрсетіп __салық___ төлетіп отырды.

  • Жетісу қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен__ сауда және саяси байланыстар жасап тұрды.



  • Сәйкестендіру жұмысын орындау.

  • 1818 жылы Сүйік сұлтан патшаға ұсыныс жасады.

  • 1825 жылы Қарулы топ Қаратал өзеніне жетті.

  • 1846 жылы Қызылағаш өзені бойына орыс әскерлері келді.

  • 1847 жылы Қапал бекінісі салынды.

  • 1848 жылы Ресейлік ПРИСТАВ тағайындалды.

Сөзжұмбақ «Құрылтай»

Өзіндік жұмыс Картны бояу.

Қорытындылау. Біз бүгін не білдік?

  • Омбы облыстық басқармасының бастығы: С.Б. Броневский

  • 19  ғасырда  ағылшын   үкіметінің   қолдауына сүйенді: Хиуа,Қоқан,Бұхар хандықтары.

  • Қай жылы Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды: 1818жылы

  • Қай жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды: 19 г 20-3-жж

  • Қапал бекінісі салынды: 1847ж

  • Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру: Жалайыр

  • Қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық: Хиуа хандыгы

  • Ұлы  жүзге ресейлік    пристав тағайындалды: 1848ж

  • Пристав деген не?

Үйге тапсырма беру. § 18 оқып келу

Оқушыларды мадақтау, бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет