Сабақтың тақырыбы: «Ұлт саулығы Қазақстан болашағы»



бет1/6
Дата09.02.2023
өлшемі284,65 Kb.
#168085
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ашық тәрбие сағаты
stud.kz-12421, титул олкылык, 3 тоқсан 7 а,ә сынып бжб (1), Утебекова А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: «Ұлт саулығы – Қазақстан болашағы» 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, бейне фильм, таратпа материал.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары:
компьютер, проектор. 
Сабақтың мазмұны
 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
 Қызыл,жасыл,көк түсті жүрекшелермен есіктен балаларды қарсы алу және де қызыл,жасыл,көк түсті жүрекшелермен топқа бөлінеді.
2. Топқа бөлу
1-
топ қызыл;
2-топ жасыл;
3-топ көк .Осы кезеңдерде музыка ойналып тұрады.

3.Адасқан әріптер арқылы тақырыпты ашу;

Әр топқа тақырыптың әр сөзінен шашылғанәріптер беріледі.Топтар әрсөзді құрастырып ары қарай үш топтың сөзерін біріктіріп тақырып ашылады. «Ұлт саулығы – Қазақстан болашағы» 

4.Мұғалім сөзі: Мен өз сөзімді мынадай сөзбен бастағым келіп тұр:«Дені сау сәби-әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі».  Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Ұлт саулығы- Қазақстан болашағы»
Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды. Елбасымыз халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп көрсеткен. Яғни халқына жолдаған “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.

5. «Құнды заттар»
Ендеше сіздер алдарыңызға парақтағы «Құнды заттар» деп жазылған ақ парақтар және сөздер таратылады. Оқушылар құнды сөздерді тауып параққа жапсырады. Қорғайды,пікірлерін ортаға салады.
Сөздер: Ақша,денсаулық,машина,байлық,мансап, адамгершілік,бақыт,тазалық,еңбек,табиғат,қайғы,әдемілік,жақсы күлкі,тәтті тағам,пайдалы тағам.
6. Видео ??




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет