Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесі.



Дата25.12.2016
өлшемі91,32 Kb.
#4861
түріСабақ
Кемалиева Бибігүл Қылышқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

31 жалпы орта білім беретін мектеп



Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесі.

(«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: «Ақын қонақтар» шығармасын талдай отырып, шығарма

кейіпкерлерінің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға отырып,

кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау.
Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту, есте

сақтау, танымдық дағдысын қалыптастыру, ой

белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұлы адамдардың еңбек жолын құрметтеп үлгі алуға, елінің

саналы азаматы болуға, шәкірттерді рухани құндылықтар

арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Құрылымдық талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік

жұмыс, проблемалық сұрақтар қою.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу
• Оқушыларды түгендеу
• Сабаққа қажетті құралдарды тексеру
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Молықбай күйшінің күй тартуын әсерлі суреттейтін жерін баянда
2 . Ботасынан айырылған Бозінгеннің халін суреттейтін шумақтарды

тауып оқы.
4. “Бозінген” күйінің тарихына ұқсас аңыз білесіңдер ме?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі: Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана,

Ұлы ақынды тану үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!


Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». Абай Құнанбаев та, Мұхтар Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.

Кіріспе: «Ортадағы қаламсап»

І топ ІІ топ

Абай туралы мен не білемін? Мұхтар туралы мен не білемін?


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақын қонақтар» әңгімесі, әңгіменің құрылымын талдау.
(Күнін, тақырыбын дәптерге жазғызу) (Абай туралы видео көрсеру)

ІVӘңгіменің қысқаша сюжетімен таныстыру
Ал, балалар, кез - келген шығарманың оқиғасы қалай болса солай берілмейді, ол белгілі бір тәртіппен өрістеп отырады, оқиғаның болған жері, орны, мезгілі көрсетіледі, ондағы адамдардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы, іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, күйінуі, сүйінуі, еске түсіруі болады, оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені, аяқталған соң немен тынғаны да айтылады. Ал, жазушы осы бөлшектерді келістіріп құрастырады. Оны шығарманың құрылымы немесе композиция дейміз. Қазір осы «Ақын қонақтар» әңгімесін құрылымына қарай талдаймыз.

Әңгіменің композициялық құрылымы:

Оқиғаның басталуы: Абайдың науқас күйі
Оқиғаның дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері
Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары
Шарықтау шегі: Барластың батасы
Шешімі: Қонақтарды аттандыру

(слайдтан кезекпен әр бөлімді талдаған сайын көрсетіледі.)
(Портрет, мінездеме. Электронды оқулықтан портреттің ережесін тыңдатып, дәптерлеріне жаздырып, кітаптан Абай мен Барластың портретін тауып оқыту)

VI Көрініс: (Барластың Абайға берген батасы)

Бата туралы не білесіңдер? (Оқушылар жатқа баталар айтады)
VII Жаңа сабақты бекіту:
Семантикалық картамен жұмыс:

І топ

Кейіпкерлер сөзі


Зере

Ұлжан

Абай

Барлас

Байкөкше

Е-е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен
















Ал, балам, әңгіме- жырдың дүкені енді келді
















Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген... 
















Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы... 
















Шырағым, ер жетерсің...
















Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым... 


















ІІ топ

р/с

Сұрақтары

Зере

Ұлжан

Абай

Барлас

Байкөкше

1

Абайдың әңгімешіл әжесі кім?

 

 

 

 

 

2

Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?

 

 

 

 

 

3

Абай ауылына келген жас қонақ кім еді?

 

 

 

 

 

4

Абай қонақтарға сый беру туралы кімге ұсыныс жасады?

 

 

 

 

 

5

13 жасар ақын бала кім еді?

 

 

 

 

 

  VIII. Жаңа сабақты қорыту:
(Проблемалық сұрақтар арқылы)
Әңгімедегі шаттық сыйлар құдірет неден аңғарылады? Абайдың сауығып кетуіне не себеп болды? (Балалар өздері қорытады.)

Мұғалім сөзі
Әжесі мен анасының аузынан әңгіме, жырларды естіп өскен Абай, бүгінде қазақ үшін шоқтығы биік, ұлы тұлға. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Қаламызда Абай атындағы , даңғыл, мектеп, «Абай оқулары» деген конкурс та бар емес пе?
Абайдай дананың ұрпағы - сендерсіңдер. Елбасымыз биылғы жылы халыққа жолдауында да оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау туралы айтып өтті. Еліміз үшін сендер де болашақта еңбек етіп, Абай, Мұхтардай халқын сүйетін азамат болатындарыңа мен сенемін!

IX. Оқушыларды бағалау:

X. Үйге тапсырма:
«Ақын қонақтар» әңгімесіне сценарий жазу. «Абайдың балалық шағы» портретін салу.


  

 



  VI. Ой қозғау



Сұрақтар

Дұрыс

Дұрыс емес

1

«Абай жолы» романындағы негізгі кейіпкер – Абай

 

 

2

Ұлжан – қатігез, зұлым, қара ниет адам

 

 

3

Әңгіме Абайдың жиырма жасар кезінен басалады

 

 

4

Барлас пен Байкөкше жоқ іздеп жүрген адамдар

 

 

5

Абайдың анасы ақын қонақтарға отар-отар қой тарту етті

 

 

6

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Ыбырай Алтынсарин жазды.

 

 

7

«Абай жолы» романының авторы   Мұхтар Әуезов

 

 

 

X. Сөздікпен жұмыс:
1. Тәуір болу - жазыла бастау
2. Елдің шабысы – ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс
3. Қажымай – шаршамай
4. Қош алу - келісу
5. Қан базардай - өте көп адамдар
6. Термелеу – белгілі бір мақамға алып орындау
7. Ұғымтал – түсінікті
8. Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру
9. Құлан таза болып арылу - толық жазылу
10. Ырым байлау – құрмет көрсету
11. Жетекке алу – жылқыларды жетектеп кету
12. Дән риза – қатты разы болу
X. Әдеби - теориялық ұғым:
Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді портрет дейді.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет