Сабақтың тақырыбы М. Жұмабаев «Батыр Баян»



бет2/2
Дата13.04.2020
өлшемі472,52 Kb.
#62380
түріСабақ
1   2
Байланысты:
баянн3
жау тылындағы бала2




  • Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

  • Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

  • Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.


Дескриптор. Білім алушы :

-кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін таниды;

-кейіпкер бейнесін талдайды.
3 -тапсырма.

«Келісу-келіспеу»стратегиясы бойынша саралауға арналған тапсырма.Жақтаушылар:

Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды.

Қылмыс - кісіні әдейі қасақана дайындалып өлтіру ал бұл жерде батыр ар намысын, ел намысын қорғау үшін осындай әрекетке барды.

«Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»-деген сөз бар.Халқының намысын үшін,дұшпанға мазақ болмау үшін жасалған қылмыс – қылмыс емес-деп ойлаймын.



Даттаушылар: Баянның інісін өлтіруі қылмыс.Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа болады.Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы – Баян.Сұлудан айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді. Ол бұған кіналі емес.
«Соңғы сөйлемді мен айтамын»

Шығарманы оқи келе мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....Мен поэманы оқыған кезде Баянның батырлығына тәнті болдым. Әрине, Ноян мен қызды өлтірген кезде ренжідім, алайда батырдың бойында өз еліне деген отаншылдық рух бәрінен жоғары тұрғандығы таң қалдырды. Батырдың жан дүниесін түсінуге тырыстым. Ноянды да түсінгім келді. Ол жас болғандықтан сезімге бой алдырды. Ал қалмақ қызының да бойында өз еліне деген сүйіспеншілік, ата-анасына деген құрмет бар деп ойладым. ықтимал жауап

2.Шығарманы оқи келе мен мынадай қорытынды шешімге келдім, оның маңыздылығы мынада деп ойлаймын:

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалады. ӘР оқушы өзойын, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына өлердей ғашық болатын.. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді.

4- тапсырма.»Жыр керуені» эстафетасы

Оқушылар эстафетаны бір-біріне беру арқылы жыр жолдарын жалғастырып жатқа оқиды.



ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды

https://kk.wikipedia.org/wiki

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)

7-сынып.13 –бет.


С.Ч.Тұрсынғалиевава,Р.Зайкенова

Қазақ әдебиеті:

Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық.-

Астана: Арман ПВ,2017.

93 бет




Сабақтың соңы
3минут

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:



Үйге тапсырма: «Кейіпкерге хат»

Әлімов А.

Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер-

Астана,



2014. 82-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет