Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата19.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#11056
түріСабақ
  1   2   3   4   5
1сабақ 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары .

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.

2.Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту;

3.Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: биология,химия,информатика.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.

Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш, полиэтилен.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;

2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.

1.Сорт дегеніміз не?

2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?

3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?

4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?

5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?

6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?

7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;

б)тұқымның өңгіштігін анықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.

Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,

2)арамшөмтерді отау,

3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,

4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,

5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.

Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.

Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз. Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.

Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.

Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда суды өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа органикалық және минаралды заттар қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.



Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,

құс саңғырығы.





Тыңайтқыш

Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк бар.



Бактериялық

Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.

Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке арнап бөлу.

Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу деп бөленеді.

IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.

1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.

2.Жерді тыңайту.

3.Дақылдарды егу.

4.Тұқымды әзірлеу.

5.Тұқымды себу мерзімі.

6.Тұқым себудің тереңдігі.

1001 ұсақ –түйек.

Тұқым себу.


  • Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.

  • Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;

  • Тұқымды тым жиі салуға болмайды;

  • Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;

  • Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.

V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма.§2;6;7;8;9.

VII.Практикалық бөлім.

Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда орналасқан мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек. .



1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.

2сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Асқабақтар тұқымдасын өсіру тәсілі

Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру
дамытушылығы: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырап,оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту

тәрбиелігі: Оқушыларды өз беттеріменжұмыс жасауға,тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға,алған білімдерін іс-жүзінде қолдана

білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар,асқабақ,қияр,орамжапырақ

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Рефлексия

3. Үй тапсырмасын сұрау

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

5. Артық болмас білгенің!

6.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

а) ВЕЕН диаграмасы

ә) Биологиялық диктант

б) Сергіту. Жұмбақтар

г) «Биологиялық почта» ойыны

7.Оқушыларды бағалау

5. Үйге тапсырма беру.



Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру

Рефлексия
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
II.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы сұрадым.

1.Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады,маңызы қандай?

2.Сексеуіл қандай өсімдік,оның қандай пайдасы бар?

Үй тапсырмасын сауалнама жұмысы арқылы қорытындыладым.

III.Жаңа сабақ

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар

Асқабақ тұқымдастар бұлар-бақша өсімдіктері. “Бақша”парсының “шағын бақ” деген сөзінен негіз алады. Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада өсетін дақылдар деп есептейді. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр-бақшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер.

. Бұл өсімдіктердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.

Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі яғни олар-жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік, елдерде таралған. Олар негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.

Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты,жай жапырақты болады.Гүлдері жапырақ қолтығында ,шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі.Көпшілігі дара жынысты,қосжыныстылары да кездеседі.

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары,5 тұтасқан күлтесі бар.Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып,екі-екіден біріккен.Бір аталығы бос тұрады.Кейде 5 аталық тұтасып,гүл ортасына бағана түзеді.Аталық тозаңдығы-имек.Аналық жатыны үш ұялы.Жемісі-қабақ.Асқабақ тұқымдастардың тұқымы көп болады.Бір тұқымды түрлері де бар мысалы,мексикалық қияр-чайот.

Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады.Бұлар –жемісі ірі өсімдіктер.

Асқабақ-ірі жемісті тағамдық,дәрілік,малазықтық және сәндік,біржылдық шөптекті өсімдік.Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады.Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен,Жай жапырақтарында қарама-қарсы орналасқан мұртшалары бар.Мұртша-түрін өзгерткен өркен,жатаған сабағы нәзікболғандықтан,жан-жағында басқа өсімдікке оралуға тіпек үшін қажет.Жапырағы- ірі,тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.Гүлі дара жынысты,бірүйлі,жапырағы қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Аналық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А0Ж(3)

3сабақ 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қырыққабат өсіру ,оның пайдасы.

Сабақтың мақсаты:


1. Білімділік: Ақпарат ұғымын, түсінігін, мағынасы мен түрлерін үйрету
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: экономика
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3 Алғашқы көмек деп нені айтамыз?
4 Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша сантиметр болуы керек?
5 Адамды тоқ ұрғанда не істеу керек?
6 Компьютерде жұмыс бастар алдында оқушының міндеттерін атаңыз?
7 Көзге қандай жаттығуларды білесіздер?

Жаңа сабақ

Жүктілік кезінде әйелдерге брюссель қырыққабатын фолий қышқылының көзі ретінде тамақтану үлесіне қосуға кеңес беріледі. Ол жүйке жүйесінің дұрыс дамуы үшін қажет және балалардағы туа біткен кемістіктердің пайда болуын азайтады. Бас антиоксидант С дәруменінің өте тамаша көзі ретінде брюссель қырыққабаты жас аналарға беттің өте жақсы реңін сақтауға көмектеседі. Құрамындағы жасұнық жүкті әйелдерді жиі тынышсыздандыратын іштің қатуына жол бермейді.

Сый ретіндегі брюссель қырыққабаты



Еуропалық Одақтың ғылыми бағдарламаларының бірінің ең үздік қатысушыларына арналған сый хрустальді брюссель қырыққабаты болып табылады.

қырыққабат

Брюссель қырыққабаты – Брюссель төңірегінде 1750 жылы жабайы өсімдік ретінде табылған қырыққабаттың бір түрі. Бельгиялықтар брюссель қырыққабатын 1821 жылы алғаш өсірдік деп сендіреді және оны бәрінен артық мақтан тұтатын (вафлимен, шашыратқымен, ірімшіктермен және бельгиялық печеньемен қатар) ұлттық тағам деп санайды. Брюссель қырыққабатының заманауи түрі аязға шыдамды. Бұл өсімдіктің биіктігі бір метрге дейін жетеді, оның сабағында 20-дан 75-ке дейін кішкене қауданшалар өседі.

4сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының терминдерінің

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тақырыбын оқып-үйренуді қорытындылау прогресивті мәнін анықтау, ұжымдастыру процесінің барысы,принциптерін, оның бұрмалануы, әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасуы,ғалымдардың,тарихшылардың, жұртшылықтың пікірлерімен танысу, архивтік материалдар мен мемлекеттік құжаттарды оқып үйрену
Дамытушылық: тарихи процеске сын көзбен қарау, тарихи жағдайларды сараптау, сөздіктермен, тарихи деректермен, әдебиет, баспасөз материалдарымен жұмыс жүргізу, фактілерді салыстыру, аргументтерді келтіру, нақты дәлелдер келтіру, негізгіні жалпыдан ажырата білу, өз көзқарасын айту,қорғау,қарсы пікір айту, дәлелдеу.
Тәрбиелік: Қазақстан экономикасын нығайтатын келешек кәсіпкерлерді тәрбиелеу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, тарих пәніне қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденіс жұмысын жүргізуге тәрбиелеу, азаматтық ұстанымын арттыру, қарсы пікірге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір-сайыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдттар, кесте т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жақтаушы және даттаушы болып оқушылар екіге бөлінеді, оларға партаныңда ыңғайлы етіп қарама-қарсы қойылады, резолюцияны жербеби алу арқылы таңдайды.
Сергіту сұрақтары қойылады.
1.ЖЭС-тің мәні неде ?
2. ЖЭС кезеңіне Қазақстан еңбекшілері қандай табыстарға жетті ?
3. Ф.И.Голошекиннің Қазақстанға келуі қандай өзгерістерді туғызды ?4. Сталин индустрияландыруды қаржжыландыру проблемасын қалай шешпек болды ?
5. Аса ірі бай шаруашылық пен жартылай бай феодалдарды кәмпескелеудегі большевиктердің түпкі мақсаты не ?
6. Кәмпескеледің қандай зардаптары болды ?
7. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың негізгі принциптері қандай ?
8. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қай жылдарды қамтиды ?
9. Ұжымдастырудың қандай прогрессивті мәні бар ?
10. Ұжымдастырудан болған зардаптар қандай?

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың пайдасы көп Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың зияны көп

Критерий:

Қазақстан өркениетті болу үшін ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қажет Ұжымдастыру – қазақ халқының қасіреті


Аргуметтер:

Шаруаларды отырықшыландыру прогрессивті процесс

Ұжымдастыруда қол жеткізген жетістіктер

Ұжымдастыруда шаруалар қасіретіне кінәлі ұжымдастыру емес Ұжымдастыру – қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығына зиян келтірді

Ұжымдастыру ол – аштық, демографиялық апат, шаруалар қарсылығы.

Сөздіктермен жұмыс.


Ауыл – шаруа селосы .
Ұжымдастыру – ұсақ шаруашылықтарды үлкен ұжымшарларларға біріктіру.
Пайда – жақсы, оңды әрекет,адам өміріне пайдалы.
Зиян-жамандық жасау, адам өміріне зиян.
Отықшырылық- бір жерде отырып өмір сүру.
Конфискация-мемлекет қаулысы бойынша бай кулактардың дүние-мүлкін мемлкет пайдасына алу.

Уақыт төрешісі: бір оқушы уақытты көрсетіп отырады.
4. Жанкүйерлер сайысы
Қалғаған сынып оқушылары екі топқа бөлініп отырады. Әр топ жанкүйерлері ең алдымен осы көзқарасқа не себепті таңдағандықтарын түсіндіреді. Әр топ жанкүйерлері өз топтарын дефиниция, кртитерий, аргументтерінің артықшылығын, оны спикерлер қалай дәлелдей алғандығына баға береді. Өздері де қосымша дәлелдер келтіреді.
5.Ток шоу
Екі топ жанкүйерлері бір-бірлеріне кезек сұрақ қояды. Мақсаты өз позициясын дұрыстығына сұрақ қоя отырып сендіру.
6.Төреші жоғары сынып оқушылары немесе мұғалімдер.
Бір немесе үш тқреші болу керек. Төреші қағазын толтырып, әр спикерге баға беріп, топтың қайсысы өз позициясын нақты қорғағандығыны айтады.Жеңген команданың жеңісін жариялайды.
7.Мұғалім пікір-сайыс шеберлері мен жанкүйерлерге баға береді.
Үйге тапсырма: «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы» тақырыбына эссе жазу.

5сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениетті

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.

ә) дамытушылық- тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигенасы жайында білімдерін арттыру.

Б) тәрбиелік – салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әдісі: дөңгелек стол, кездесу, сұрақ- жауап.


Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, интерактивті тақта.

Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.

Бүгінгі әңгімеміз осы қағидалар турасында өрбімек.

Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн.



Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз.

Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.



Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.

Бір күнде адамға қандай мөлшерде тағам керек? Бұл оның жасына, жынысына, мамандығына, тұрмыстық жағдайына байланысты.

Тамақтану туралы ғылым мамандыққа қарай тамақтану тұрғысында, адамдарды мынадай топқа бөледі:



Ағзада маңызды рөлді минералды заттар атқаратыны белгілі. Натрий, калий, фосфор, магний ағзамызға ауадай қажет болса, цинк, марганец, хром, кобальт, молибден, селен т.б. аз мөлшерде қажет. Бір элементтің ағзада біраз уақыт жетіспеушілігі ауру тудырады, сондықтан бір тамаққа байланып қалмай, мүмкіндігінше түрлі тағамдармен ауқаттанып отыруымыз керек. Микроэлементтердің біразын ағзамызға жеткізетін сүт пен бал, бұлардың құрамында Менделеев кестесіндегі біраз элементтер бар. Сондай-ақ дәрумендері мол тағамдарды мейлінше көп жеген дұрыс. Кері жағдайда адам авитаминозға шалдығады.

Ал сіздің тамақтанудағы ережеңіз қандай

6сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудағы көкөністерді алғашқы өңдеу

Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;
д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;
т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.
Қызығушылығын ояту : Балаларды әңгімеге араластыра отырып, жаңа сабаққа көшу. Балалар, көкөністер жалпы қандай топтарға бөлінеді? Сызбанұсқа бойынша түсінік беру.
Түйнекті – картоп. Тамыр жемісті – сәбіз, қызылша, шалғам, аскөк, желкек, сельдерей . Орамжапырақты – аққаудан, қызылбас, савойлық, кольраби, брюссельдік.

Оқулық бойынша жемісті,жапырақты,пиязды топтарға да тоқталып түсінік беру.сонымен қатар көкөністердің тағамдық құндылығы туралы да мағлұмат беріп, түсінігін кеңейту.Оқулықтағы кесте бойынша көкөніс құрамындағы дәрумендер менминералдық заттар туралы әңгімелеу. Көкөністерге жеке –жеке тоқталу.



Мағынаны тану: Балаларды келесі бөлімге өтуге бағыттау.
- Ал, балалар ,сендер көкөніс турап көрдіңдер ме? Ендеше, тураудың да тәсілдері бар. Турау тағамның әдемілігін арттырып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады. Енді қарапайым турау әдісітеріне тоқталайық. Алдымен көкөністерді өңдеу жолдарын үйреніп алу керек.

Көкөністерді өңдеу жолдары:

1 сапасы мен өлшеміне қарай іріктеу, бұзылғанын алып тастау.

2 микроорганизмдерді жою үшін тазалау,жуу.

3 қабығын аршу,шіріген жерлерін алып тастау.

4 қайталап жуу,тазалау.

5 турау.

Енді көкөністерді турауды көріп ,үйрену қажет.

Тураудың қарапайым түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеу, текшелеу, жолақшалау.

Күрделі түрлері де қолданылады. Олар әсемдеу үшін және асханалар мен мерекелік дастарқандарда кездеседі. Оқулықтағы кестемен таныстыра отырып, турап көрсету.



Сарамандық жұмыс балалар 2 топқа бөлінеді де көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу және турау бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл кезде оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі естеріне салынып, оны орындау қатаң қадағаланады. Туралған өнімнен салат түрлері дайындалады.

Сабақты бекіту. Балалардың жұмыстары салыстырылып, тексеріледі. Топтастыру жұмысы орындалып, білімдері сараланып, бағаланады. Үйден тақырыпты оқып келу және салаттың дайындалуын сызбанұсқамен жазып келу тапсырылады.

Бағалау:
Үйге тапсырма:



4сабақ 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Көкеністердің түрлері, қоректік құндылығы, алғашқы өңдеу тәсілдері. Көкеністерден салат дайындау.



Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;
д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;
т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.

0



Көкөністерден жасалған тағамдардың тартымдылығы, бұл, ең алдымен, олардың дәмі, иісі, түрі және беру тәсілі. Көкөністер мен жемістерді күніне бес рет қолдану принципін назарға ала отырып, келесі ережелерді ұстанып, біздің организміміздің аса жақсының барлығын алуы үшін тырысыңыз.

  • Егер Сіз жас піскен көкөністерді сатып алатын болсаңыз, олар тиесілі түрде өсірілген және солып қалмаған болсын. Егер Сіз мұздатылған көкөністерді сатып алатын болсаңыз, олар толығымен мұздатылған, құрғақ және жабысып қалмаған болуы тиіс.

  • Жуылған көкөністерді өте жұқалап тазалаңыз, себебі дәл қабығының астында қоректік компоненттердің аса көп мөлшері шоғырланған.

  • Тазаланған көкөністерді бірден суық суға шайыңыз, оларды суға салып қоймаңыз. Суға салып қойғанда бағалы қоректік компоненттері (суда еритін дәрумендер – В және С тобынан), сондай-ақ минералдық компоненттері жойылады.

  • Жапырақты көкөністерді жапырақтарын ажыратып және суды ауыстыра отырып, өте мұқият шайыңыз. Жапырақтарын жаншып және сындырып алмау үшін, оларды абайлап сүзіп алыңыз.

  • Жуылған, тазаланған немесе ұсақталған көкөністерді буға пісіруге арналған құрылғыға немесе тұз қосылған, қайнап жатқан судың шамалы мөлшеріне салып, оларды бірден пісіріңіз. Көкөністерді пісірудің алдында суға салып қою қате болып табылады.

Сіз пісіруге дайындаған, құрамында каротині бар көкөністерге шамалы май, мысалы, зәйтүн майын қосыңыз. Тамыр жемістерді және ірі бұршақ көкөністерін пісіру кезінде қақпақпен жабыңыз. Қырыққабат тұқымдас көкөністерді алдымен ашық ыдыста пісіріңіз, ал бірнеше минуттан кейін қақпақпен жауып қойыңыз.



  • Көкөністерді пісіру уақытын минимумға дейін шектеңіз. Оларды ұзақ уақыт емес, жоғары температурада, тиесілі жұмсарғанға дейін пісіріңіз.

  • Салаттарға арналған көкөністерді қабығымен әзірлеген және тазаламай суытқан жақсы.

  • Шикі көкөністен жасалатын салаттарды тікелей үстелге қоюдың алдында, соңғы сәтте жасаңыз.

  • Кесілген көкөністердің әрбір порциясын бірден тұздықпен немесе өсімдік майымен араластырыңыз, себебі май көкөністер тілімдерін жұқа қабатпен жауып, дәрумендерді қышқылданудан қорғайды.

  • Көкөніс тағамдарына, тікелей үстелге қоюдың алдында дәмдеуіштер немесе шөптер қосыңыз.

  • Егер бұл қоспалар жас піскен болса, оларды ақырғы сәтте, көкөністерге қосудың алдында ұсақтаңыз.

Бағалау:
Үйге тапсырма:

8сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Жұмыртқадан жасалған тағамдар

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.



Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.

Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.

Бағалау:
Үйге тапсырма:





5сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар. Бутербродтарға арналған сусындар. Дастархан басындағы мәдениет.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беру, бутерброд түрлерін таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін және аспаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кесте, суреттер, сөзжұмбақ.

Керекті құрал-жабдықтар: Тақтай, пышақ, тәрелкелер.

Бутерброд жасауға арналған азық-түліктер.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасу

- оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Салат дегеніміз не? Салаттың түрлерін ата

2. Көкөністер қандай топтарға бөлінеді?


  1. Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?

  2. Көкөністерді тураудың неше түрі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ Тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Дастархандағы нан – ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі.Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген.Нан және нан өнімдері ең маңызды тағам.

Нанды бутерброд дайындауға пайдаланса болады.Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» дегенді білдіреді.Біз бутерброд сөзін кең мағынасында қолданамыз.

Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады.Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдар дың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді.Оны жеке тағам ретінде немесе ас алдында сорпамен, шаймен,кофемен, сондай-ақ ыстық тамақсыз дастарханға басытқы ретінде беруге болады.



Кесте

Бутерброд дайындауға қажет азық-түліктердің ықтималды үйлесімі

Пайдаланылатын азық – түліктер

Пайдаланылатын азық – түліктер құрамы

Еттен жасалған

1. Май, шұжық, ветчина, піскен ет, піскен тіл.

2. Қышамен аралас май, піскен ет, қияр, қызанақ, жасымша.



Балықтан жасалған

  1. Піскен балық, май, майонез, жасымша

  2. сардиналар, қияр, кальмарлар.

Сүттен жасалған

1. Май, ірімшік сүзбе, ірімшік(брынза)

2. Сүзбе массасы, тосап.



Көкөністен жасалған

1.Май, қызанақ езбесі, жұмыртқа, ақжелкек көгі, көк пияз, салат.

2.Қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ.



Жемістен жасалған

Алма, жаңғақтар, апельсиндер, жидектер.

Қолданылған қоспаға байланысты бутербродтар былай бөлінеді:

  • еттен жасалған;

  • балықтан жасалған;

  • сүттен жасалған;

  • көкөністен жасалған;

  • жемістен жасалған;

Өңдеу тәсіліне байланысты бутербродтарды салқын, ыстық деп топтауға болады.

Бутербродтардың негізгі түрлері:



  • ашық (азық көрініп тұрады);

  • жабық (сэндвичтер);

  • тіске басар басытқы (3х3см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған.

Кесте. Бутерброд түрлері.

Бутерброд дайындау түрлері

мен әдістері



Дайындау ерекшеліктері

Салқын

Ыстық


Ашық (қарапайым)

Ашық (күрделі)

Жабық

Тіске ілерлік канапе немесе тартинкалар



Жылусыз өңдеу

Жылумен өңдеу

Бір азық түрімен

Екіден артық азықпен

Салынды екі тілім нан ортасына орналастырылады.

Нан жабық пеште (духовка), тостерде пісіріледі.Уақтап кесіліп, екі жағы кептірілген нан қолданылады.

Салындыны кептірілген нанға салады.


IV. Сарамандық жұмыс. Керекті құралдар: тақтай, пышақ, тәрелкелер,

азық-түліктер. Оқушылар өз қалаулары бойынша бутерброд жасаулары қажет.



Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз

  1. пышақты, шанышқыны ұсынғанда сабын ілгері қаратып беру керек.

  2. көкөністерді арнайы тақтайшаларда турау қажет.

  3. азықты турағанда пышақты тақтадан тым жоғары көтермеу керек, пышақ жүзінен сол қолдың саусақтары бүгіліп, қашық түруы тиіс.

  4. көкөністерді үккіштен өткізгенде оны қатты ұстау қажет және тым майдалап жіберуге болмайды.

Оқушылар өздері дайындаған бутерброд түрлерін көрсетіп, таныстырады.

V. Сөзжұмбақ шешу.

  1. Жердің астында – қызыл, жер бетінде – жасыл. (Қызылша)

  2. Түймесі жоқ, қабат-қабат тон киген көкөніс. (Қырыққабат)

  3. Қарапайым «бұйрашашты» жасылша. (Аскөк)

  4. Барлық ауру қашатын көкөніс. (Пияз)

  5. 95% судан тұратын көкөніс. (Қияр)

  6. Ол көкөністі «екінші нан» деп атайды. (Картоп)


VI. Дайын бутербродтардың сапасына қойылатын талаптар:

  • бутерброд жеу алдында ғана дайындалуы тиіс;

  • бутерброд құрамындағы азықтар жасаң болуы тиіс;

  • нан үзімдерінің қалыңдығы 0,51 см болуы қажет;

  • нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет;

  • бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс;

  • бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-80 мөшерінде 3сағаттан аспаған жөн;

  • көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет;

  • нан, көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнайы тақтайшалар пайдаланылады.

VII. Қорытынды.

Міне балалар бүгін біз сендермен әртүрлі бутерброд түрлерінің қалай жасалатынымен танысып, кейбіреулерін жасап көрдік.

Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?


  • Жаңа материал бойынша сүрақтарға жауап беру.

  • Оқушыларды бағалау.

  • Үйге тапсырма. Басқа да бутерброд түрлерін жасау.

6сабақ 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма талшықтары, мақта мен зығырдың қасиеттері. Мата құрылымы.

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Мақта және зығыр маталарының қасиеті, талшық құрамы, оларды тұрмыста тиімді қолдана білу туралы түсінік беру;
Ә) Дамытушылық: Оқушыларды халқымыздың ата-дәстүріне, қолөнеріне терең үңіліп, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
Б) Тәрбиелік: Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, ежелден келе жатқан ұлттық өнерді қастерлеу, жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.


Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Өтілу әдісі: Белсенді тақта, тірек сызбалары «Құпия сандық» ойыны, «Сиқырлы сан» сұарқтарға жауап беру
Көрнекілік: Мата түрлері, альбом.
Пәнаралық байланыс: Биология пәнімен және табиғатпен байланыстыру.

Сабақ барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың құрал-саймандарын тексеріп шығу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сиқырлы сан» сұраққа жауап-беру

1-топ.
10-мақтаны қайдан аламыз?


20-мақта қай обылыста өседі?
30-мақтаның қасиетін ата?
2-топ.
10-зығыр талшығын қайдан аламыз?
20-мата неден тұрады?
30-матаның өңделу технологиясын ата?
3-топ.
10-зығырды өсіретін Отаны қай жер?
20-зығырдың және мақта-матаның айырмашылығы қандай?
30- жазғы көйлектерді қандай матадан тіккен дұрыс?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабаққа бағыт-бағдар беру:
Оқушыларға мата қайдан алынатынын және атау түрлерімен таныстыру.

Дәптермен жұмыс.


Венн диаграммасы

Зығыр мен мақта-матаның құрылымы.

№ Қасиетін білу жолдары Зығыр матаның қасиеті Мақта-матаның қасиеті
1 Қолмен ұстап көру Салқын, ауыр, қатты Жылы, жеңіл, жұмсақ
2 Сыртқы көрінісі бойынша Жіптері қалың, тегіс, берік, жылтыр Жіптері бірдей қалыңдықта, жіңішке беті кедір-бұдырлы
3 Жыртылуы арқылы Әрең жыртылады Оңай жыртылады

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға «Құпия сандық» ойыны бойынша, көздерін байлап, сандық ішіндегі маталарды сипалап, иіскелеп , мыжып ұстау арқылы мата талшығын ажырата атау.

Қазақша мата атауын оқушылардың ойына сіңіру.
Шөжім-жұқа мата
Сан – шыт мата
Тібек – қалың мата
Оқушының білімін «Біз не білдік және нені меңгердік?» сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Мақта және зығыр маталар қиындысын жинақтау.

11сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Мата дайындау технологиясы

1) Білімділігі:Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту.Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;


2) Дамытушылығы: Оқушылардың ой-қиялын дамыту, дүниетанымын, байқағыштығын, шығармашылық қабілеттерін, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға, қол ептілігін дамыту;
3) Тәрбиелілігі:Еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке, талғампаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, ой - қозғау, топтастыру, сергіту сәттері, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта(презентация), балалар шығармашылығынан көрме, нақыл сөздер
Қажетті құралдар:мата түрлері, кесте тігуге арналған ине-жіп, қайшы, кергіш

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқу, құрал, дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Орыс, ұйғыр халқының кестесі.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
--Кестенің қандай түрлерін білесің?
--Қазақ, орыс, ұйғыр халқының кестелерінің ерекшеліктері неде?
--Бұйымды не үшін кестелейді?
--Кесте өнердің қай түріне жатады?

ІҮ. Жаңа сабақ


1.Кіріспе сөз
Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс - ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты.Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді, шеберленеді.

А) «Ой қозғау» әдісі.


- Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (топтастыру)

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз.


Ә) Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің ретімен, жаңа сабақтың тақырыбын жазамыз.
Сәуірдің 27-сі.
Шеберлерден үйренеміз.
Б) Мағынаны тану.
105-беттегі суретпен жұмыс.

--Бұл суретте тәжірибелі шебердің жұмысы бейнеленген.Онда кестелеу өнерінің негізі болып саналатын «тепшу» тігісі ғана қолданылған.


Матаны таңдау.
Кез келген матаға кестелеуге болады.Мақта, кенеп және жібек маталар кесте тігуге жақсы.Матаны кестенің түріне қарай таңдаған жөн.Жануарлар бейнесін кестелеу үшін тығыз мата керек.Бір жіппен кестелеген өте әдемі көрінеді.
Матаны кестеге дайындау:

1. Матаны жылы сумен жуады.Мата отыруы керек.


2. Матаның шеті сетінемеу үшін оның жиегін қайшымен қияды немесе тігіспен бастыруға болады.
3. Матаның бетіне кесте суреті түсіріледі.
4. Матаның өлшемдері кесте шарғысына сәйкес керілуі тиіс.
5. Шарғы диаметрі 15 см немесе 25 см болуы керек. Сурет салынған мата екі шарғының арасына бекітіледі.Мата бұранда арқылы керіліп тартылады.
6 .Кестелеуге мулине жібін пайдаланыңдар.Олардың әр түрлі түсін таңдап алыңдар.
7. Барлық нәрселер өз орнында болуы тиіс.Кесте тігетін матаны құрал-саймандар мен жіптен бөлек ұстаңдар.Матаның әрбір бөлігін полиэтилен пакетке сақтау керек.

Ү.Сармандық жұмыс.


Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек.Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.
Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.
Олай болса, іске сәт, балалар!

Сергіту сәті.«Өз орныңды тап» ойыны.


Жаңа сабақты бекіту.
Топпен жұмыс.
І - топ: «Жалғастыр» ойыны. «Өнер, еңбек, шеберлік» туралы мақалдардың жалғасын табу;
ІІ - топ: Жұмбақтың шешуін табу;
ІІІ - топ: «Кім жылдам?» тест тапсырмасын орындау;
ҮІІ. Бағалау.
Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: кесте тігіп келу.

7сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы, ережелері, қол жұмыстары. Инешаншымен тігін түрлері.

Мақсаты: Қол жұмыстарына қолданылатын тігіс түрлері туралы түсінік беру.

Білімділік: Тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық: Тігістерді өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

2-слайд


Сабақ түрі: аралас

Көрнекіліктері: буклет, стенд, қол тігістернің түрлерінің үлгілері

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ. Өткенді қайталау:

Мақал:


Гүл – жердің көркі,

Қыз – елдің көркі

- Бәйшешек гүлінен гүл күлтелерін алып, сұраққа жауап беріңдер:

1. Мақта неше жылдық өсімдік?

2. Мақта талшығының зығыр талшығынан айырмашылығы неде?

3. Талшық деп нені атаймыз?

4. Матаны неден дайындап шығарады?

5. Матаның неше беті бар?

6. Тоқу процесі дегеніміз не?

4-слайд

ІІІ. Жаңа сабақ

- Кез келген бұйымды тіккен кезде біз оған сәйкес матаның тігіс технологиясын пайдаланамыз. Қол тігістерінің терминологиясына мынадай тігістер қолданамыз:

· Көктеу – бұйымды уақытша біріктіріп тұратын тігіс.

· Көктеп тігу – қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігу.

· Бүгіп көктеу – бұйымның етегін, жиектерін уақытша бүгіп тігу.

· Қадау – сәнді әшекейді, ілгекті, түймені қадау.

5- слайд

7-слайд


- Бұйымды тігу кезінде әр түрлі тігістерді қолданамыз: көктеп тігі, сабақшалап тігу, қайып тігу, көмкеріп тігу, тор тігіс, т.б.

8-слайд


ІV. Сергіту:

Жұмбақ шешу

Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне

Киім тігіп береді ол өзіңе.

(Ине)

Ине серігі.



(Жіп)

Жарқылдаған қос қылыш

Қолға тисе жоқ тыныш.

(Қайшы)


Саусақ басына киетін темір қалпақ.

(оймақ)


9-слайд

V. Сарамандық жұмыс

10-слайд

11-слайд

VІ. Ой қозғау

«Кестені қол тігеді, көз сынайды.» – дегенді қалай түсінесіңдер?

20-слайд

21-слайд


Сұрақтары:

1. Сейіл серуенде қолданылатын тағам түрі.

2. Ашыған сүттен дайындалатын тағам түрі.

3. Май қоспаларының түрі.

4. Каротинді көкөніс.

5. Көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам.



VІІ. Бекіту

22-слайд


VІІІ. Шағын тест

23-слайд


ІХ. Қорытынды

Жұмыс орындарын жинау



- Бүгін не үйрендіңдер.

- Сұрақтарың бар ма?



Х. Үйге тапсырма

- жұмысты аяқтау

ХІ. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау, мадақтау



1сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарының құралдары

Мақсаты: Қол жұмыстарына қолданылатын тігіс түрлері туралы түсінік беру.

Білімділік: Тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық: Тігістерді өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

2-слайд


Сабақ түрі: аралас

Көрнекіліктері: буклет, стенд, қол тігістернің түрлерінің үлгілері

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тігін инесі. Қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді. Ал қол инесінің өзі — іс тігетін (диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, 12 нөмірі шығарылады); тері, қайыс тігетін (3 нөмірі); желкен (парусинді және қалың маталарды тігетін, 2 нөмірі); қап тігетін (2 нөмірі), торлайтын (3 нөмірі) және кесте тігетін (0—2 нөмірлер) түрлері болады.

Каталог: uploads -> doc -> 080c
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
080c -> Кожагулова Айгуль Асылхановна Алматы облысы Жамбыл ауданы
080c -> Сабақ тақырыбы: Есімдік, жасалуы, жіктелуі, синтаксистік қызметі
080c -> Сабақ жоспары №33 Мамандық: 0518033«Есеп және аудит» Пән аты: «Бухгалтерлік есеп негіздері»
080c -> Сабақтың тақырыбы Сөз мәйегі Б.Үсенбаев Сабақ негізделген оқу мақсаты
080c -> “Конституция – мемлекеттің негізгі заңы” /панорамалық сабақ\


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет