Сабақ жоспары №33 Мамандық: 0518033«Есеп және аудит» Пән аты: «Бухгалтерлік есеп негіздері»



Дата10.06.2017
өлшемі168,94 Kb.
#18600
түріСабақ
Сабақ жоспары №33

Мамандық: 0518033«Есеп және аудит»

Пән аты: «Бухгалтерлік есеп негіздері»

Пән оқытушысы: Рахымжан А.Б.

Оқу тобы: ЕА-21

Сабақтың тақырыбы: «Бухгалтерлік құжаттар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Бухгалтерлік құжаттар,олардың қаржылық есептегі ролі мен мағынасын, құжаттар реквизиттерін, құжаттардың жіктелуін және типтері мен арнайы нысандарын түсіндіру.



Дамытушылық: Жеке тапсырмалар беру арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту; өзіндік ізденісін дамыту үшін жеке және топтық тапсырмалар беру; ақпараттық материалдардан жинақталған мәліметтер арқылы (тақырыпқа байланысты) біліктілігін дамыту;

Тәрбиелік:

Өз бетінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін ашық айта білуге тәрбиелеу, топта ынтымақтаса қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру.



Кәсіби:

Мекемелерде толтырылған бухгалтерлік құжаттарды көрсету және өз беттерімен толтыруға үйрету.



Сабақтың типі: Білім-білік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: Тірек-сызбалар арқылы, сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, өз бетінше, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: есептер жинағы, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, оқулықтар, оқу құралдары, бухгалтерлік бюллетені, плакаттар, иннавордтар, слайдтар.

Техникалық көрнекілігі: есептеу машиналары, компьютер, интереактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: кәсіпорын экономикасы, экономика теория негіздері,

статистика, информатика, мемлекеттік тілде іс қағаздарын

жүргізу.
Күтілетін нәтиже:

- Студенттер сабақ барысында бухгалтерлік құжаттар туралы, оның құрылымы туралы үйренеді.

- Бухгалтерлік құжаттардың түрлерін және толтыру ережесімен танысады.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру-мотивациялық кезең; (1-2 мин)

А) сәлемдесу, оқушыларды орналастыру;

Ә) журналға белгі соғу;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10-15 мин)

Ұйымның бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын пайдалана отырып, есептер шығару. (кестемен жұмыс)

Берілген кестедегі баған бойынша таңдаған сан ұпайларына байланысты сұрақтар беріледі. Топ оқушыларын 2 топқа бөліп, таңдаған бағаналары бойынша сұрақтарға жауап береді. Сол сұрақтар бойынша сол оқушының ұпайы есептелініп, сабақ соңында бағаланады.

1 баған


20

30

40

2 баған

20

30

40

3 баған

20

30

40



III. Жаңа сабақ тақырыбы: Бухгалтерлік құжаттар (45-50 мин)

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, топпен жұмыс, жеке-дара жұмыс



Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың қаржылық есептегі рөлі мен мағынасы. Құжаттандыру-қаржылық есептің негізі.

  2. Құжаттар реквизиттері. Құжаттардың типтері мен арнайы нысандары.

  3. Құжаттардың экономикалық және құқықтық маңыздылығы.

1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың қаржылық есептегі рөлі мен мағынасы. Құжаттандыру-қаржылық есептің негізі.

Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық - өкімгерлік, ақпараттық-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Қаржылық қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар : жасалу немес толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегеніміз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуынан, яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.

Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі. Құжат айналымының басқару мехнизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етіледі.

Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:


  • бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;

  • бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;

  • кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру;

  • есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;

  • істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;

  • құжаттың бағалы сараптамасы және істі ұзақ сақтауға дайындау;

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:

  1. бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;

  2. қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;

  3. шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандырылған ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;

  4. кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жетілдіру;

Кәсіпорындарда мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдылық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік қызмет туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу қызметі қарастырылу қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі лауазымды адамдармен келісе отырып, әзірлейді.
2. Құжаттар реквизиттері.Құжаттардың типтері мен арнайы нысандары.

Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге жататындар: құжаттың аты, нысанының коды, құжаттың толтырылған уақыты, құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні; шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның өлшемі, шаруашылық операцияның жүргізілуіне және оған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні; жауапты атқарушының қолы;

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен жән құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Құжаттардың нысандары келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:


  1. ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;

  2. еңбек және еңбекақы;

  3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

  4. материалдар;

  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;

  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;

  7. құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;

  8. автокөліктегі жұмыс;

  9. кассалық операциялар және сауда операциялары;

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі

ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орны бойынша, көрсету тәсілі бойынша және операция мазмұнының көлемі бойынша;

Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Үкімдік құжаттарына – шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Атқарушылық құжаттар-шаруашылық операциялар орындалғаныны көрсетеді. Бұл құжаттарға тауарлы-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордері және тағы басқаларын жатқызуға болады.Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адам қолдарын қояды.Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамасы, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Біріктірілген құжаттардың құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді.

Толтырылу орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі құжаттар дегеніміз белгіл бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандай да бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Сыртқы құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз.

Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөліп қарастырады. Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операциялардың мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді. Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталды. Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады.


3.Құжаттардың экономикалық және құқықтық маңыздылығы
Құжаттардың дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы

керек. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Құжаттардағы жазбалар сиямен немесе компьютермен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады.Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізуіне жауапты болып табылады.Құжаттар кестеде көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін тексеруі керек,ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы керек. Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды.

Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді.Бұдан кейін арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді. Ол тауарлы-материалдық қорлардың көлемін оның бағасына көбейту арқылы орындалады.

Тексеріп болғаннан кейін, бухгалтер құжатты өңдейді. Өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есепшоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар белгілі бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып, бөлек папкаларға тігіледі.Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты, жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген құжаттар архивке өткізіледі.

Бухгалтерлік алғашқы құжаттардың папкаларға тігіліп нөмірленуі, сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Мұғалім: Бұл жаңа сабақ сұрақтары алдын-ала ізденіс жұмысы ретінде берілген, әр сұрақтарға студенттер әр түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, слайдтар дайындап, өз дайындаған жұмыстарын айтады.

Әдіс-тәсілі: бухгалтерлік құжатпен жұмыс, жеке-дара жұмыс. Бүгінгі тақырыптың теориялық мәнін ашу мақсатында тиісті шаруашылық операцияға бастапқы құжаттың бір нысанын Excel бағдарламасымен толтырамыз. Ол құжаттың аты кіріс кассалық ордер. Барлық студенттер компьютерге отырып, кіріс кассалық ордерін толтырады.

Әдіс-тәсілі: Сызбамен жұмыс. Сызбадағы сұрақтарға жауап беру арқылы сызба астындағы суретке сипаттама беру керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауы талқыланып, түсінік беріледі. (7-8 мин)


ІV. «Ойлан тап» ойыны. Әдіс-тәсілі: Логикалық ойлау, топтық жұмыс.

Слайдта көрсетілген әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жазып, шыққан сөзді табу керек. Сол сөзге шаруашылық операция айтып, шоттар корреспонденциясын құру керек. Студенттер тақтаға шығып, тақтамен жұмыс жасайды.Дұрыс жауап берген топтың ұпайлары есептелінеді. (5-6 мин)




  • Әрі қарай сабағымызды сәйкестендіру тестісімен жалғастырамыз. (4-5 мин)

Үкім құжаттары

Бұйрықтар мен өкімдер

Атқарушылық құжаттар

Операция жасалған сәттегі құжат

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар

Бухгалтерия жасаған анықтамалар

Біріктірілген құжаттар

Бірнеше функцияны қатар атқаратын құжат

Ішкі құжаттар

Кәсіпорынның ішінде толтырылатын

Сыртқы құжаттар

Басқа ұйымдардан немесе басқаларға жіберген құжаттар

Жинақталған құжаттар

Белгілі бір мерзімде орындалған біртектес операциялар

V. Бекіту. Әдіс-тәсілі: Миға шабуыл жасау, логикалық ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

  • Иннавордпен және сөзжұмбақпен жұмыс жасау. (6-7 мин)

  • Бүгінгі тақырыпты «Бес жолды өлең» әдісімен қорытындылау (2-3 мин)

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан студенттерді бағалау. (1-2 мин)


VI. Үй тапсырмасы. (1-2 мин)

Теориялық бағытта : К.К.Кеулімжаев



  • З.Н.Әжібаева; Бухгалтерлік есеп принциптері; Алматы ,2003 жыл 63-69 беттер.

  • В.П.Проскурина «Бухгалтерлік есеп басынан бастап балансқа дейін» Алматы 2010ж;

Шығармашылық бағытта : Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі жайлы интернет жүйесі арқылы және басқа да ақпарат көздерін пайдалана отырып, ізденіс жұмыстарын жазып келу;
Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР Президенттінің жарлығы; Заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу» туралы, 1995 ж.

Бухгалтерлік есеп стандарты, Алматы 1999 ж.

Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары, 1996 ж.

В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003 ж.

Бухгалтерге арналған шығарма «Бухгалтер бюллетені»

ҚР Министрлігінің арнаулы шығарылған нормативтік актілері.

К.К.Кеулімжаев «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2003 ж.

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

Келісілді Бекітемін

Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі

.......Альмердинова Ұ.М жөніндегі орынбасары

«.......»...................2014ж ..........Оспанова Р.М

«........».....................2014ж




Тақырыбы: «Бухгалтерлік құжаттар»
Дайындаған : «Қаржылық есеп» пәнінің пән оқытушысы

Рахымжан А.Б

Қаралды


«Экономикалық-техникалық және

арнайы»пәндер бірлестігінде

............................Рахымжан А.Б

«.........».............................2014ж

Қызылорда 2014ж

1

Үкім құжаттары


1


Бірнеше функцияны қатар атқаратын құжат

2

Атқарушылық құжаттар

2

Басқа ұйымдардан немесе басқаларға жіберген құжаттар

3

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар

3

Бұйрықтар мен өкімдер

4

Біріктірілген құжаттар

4

Кәсіпорынның ішінде толтырылатын құжаттар

5

Ішкі құжаттар

5

Операция жасалған сәттегі құжат

6

Сыртқы құжаттар

6

Белгілі бір мерзімде орындалған біртектес операциялар

7

Жинақталған құжаттар

7

Бухгалтерия жасаған анықтамалар


1

Үкім құжаттары




Бұйрықтар мен өкімдер

2

Атқарушылық құжаттар




Операция жасалған сәттегі құжат

3

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар




Бухгалтерия жасаған анықтамалар

4

Біріктірілген құжаттар




Бірнеше функцияны қатар атқаратын құжат

5

Ішкі құжаттар




Кәсіпорынның ішінде толтырылатын

6

Сыртқы құжаттар




Басқа ұйымдардан немесе басқаларға жіберген құжаттар

7

Жинақталған құжаттар




Белгілі бір мерзімде орындалған біртектес операциялар

Ситуациялық есеп №1

«Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына

С.А.Ахметовадан 70000 теңге көлемінде өнімді сатудан түскен ақша келіп түсті. Осы берілген операцияға кіріс кассалық ордерін толтырыңыз.

Ситуациялық есеп №1

«Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына

С.А.Ахметовадан 70000 теңге көлемінде өнімді сатудан түскен ақша келіп түсті. Осы берілген операцияға кіріс кассалық ордерін толтырыңыз.

Ситуациялық есеп №1

«Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына

С.А.Ахметовадан 70000 теңге көлемінде өнімді сатудан түскен ақша келіп түсті. Осы берілген операцияға кіріс кассалық ордерін толтырыңыз.

Ситуациялық есеп №1

«Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына

С.А.Ахметовадан 70000 теңге көлемінде өнімді сатудан түскен ақша келіп түсті. Осы берілген операцияға кіріс кассалық ордерін толтырыңыз.

Ситуациялық есеп №1



«Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассасына

С.А.Ахметовадан 70000 теңге көлемінде өнімді сатудан түскен ақша келіп түсті. Осы берілген операцияға кіріс кассалық ордерін толтырыңыз.
Каталог: uploads -> doc -> 080c
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
080c -> Кожагулова Айгуль Асылхановна Алматы облысы Жамбыл ауданы
080c -> Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты
080c -> Сабақ тақырыбы: Есімдік, жасалуы, жіктелуі, синтаксистік қызметі
080c -> Сабақтың тақырыбы Сөз мәйегі Б.Үсенбаев Сабақ негізделген оқу мақсаты
080c -> “Конституция – мемлекеттің негізгі заңы” /панорамалық сабақ\


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет