Сабақтың тақырыбы: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері Күні



бет5/6
Дата16.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#149778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9к160922

Сабақтың соңы
( 6 мин)

Рефлексия «Білім теңізі» әдісі арқылы жүзеге асырамын.
Орындау шарты:Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне», ал өз біліміне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.
Үй тапсырмасы.
Мөңке бидің айтқан болжамдарды пайдалана отырып, «Менің заманымның келбеті» атты тақырыпта ой толғау жазу.
Кері байланыс.
«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бүгін не үйрендің?

  2. Тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

  3. Келесі сабақта қандай мәселелерге көңіл аудару керек?






Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Пәнаралық байланыс
2.Денсаулық және қауіпсіздік
3. АКТ-мен байланыс
4.Құндылықтармен байланыс.

Сабақ барысындағы әрекеттер мақсат бойынша сараланды.
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын білуге, сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасатамын.
Қабілетті оқушыларға
автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.

Сабақта Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын білген, сұрақтарға жауап бер алған, өзіндік пікір айта алған, автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алған, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алған оқушыларды бағалауды критериалды бағалау арқылы жоспарлаймын. бағалау критерийлерге негізделген дескрипторлардың көмегімен іске асады. бағалау кезінде ауызша (мадақ сөздер) бағалаймын. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қол шапалақтау», «Смайлик», «Гүл ұсыну» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын.

1.Сабақ барысында Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс болды.
2.Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды.
3. Сабақ барысында интербелсенді тақтаны пайдаландым.
4. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрмет сабақтың тәрбиелік мәні ретінде танылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет