Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»



бет1/2
Дата05.12.2023
өлшемі20,65 Kb.
#195075
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау. Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы».
7 апта дәрісі

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі


Сабақ өткізуші:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Жуматаева Жадыра Маратқызы
Күні: 06.05.2022ж. Сыныбы: 8 - сынып Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 8.1.1.6 сөз тіркестерінің, жай сөйлемдердің мағынасын түсіну. 8.3.2.1 энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті
ақпараттарды алу.
Дамытушылық: Оқу материалдарын өмірдегі жағдаяттармен салыстыра
отырып, әр түрлі әдістерді қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік: басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу; мамандыққа
байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер,
кеспе дидактикалық материалдар, сөздік, А4 форматтағы қағаз, фломастер.



Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?





Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2


Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?





Аралас сабақ. Сабақта оқушыларға білім дайын түрде ұсынылмады, оны мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше алу қажет болды. Ішінара іздену арқылы берілген суреттер бойынша сабақтың тақырыбын анықтап, өздері білген ақпаратпен байланыстыра отырып, жұппен, ұжыммен жұмыс (белсенділіктерін арттыру үшін), ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту үшін) жүргізілді.

3


Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?


А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Мамандықтар туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.

4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?





Мамандықтарды өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім.

5


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.



«Блум түймедағы», «Телебағдарлама жүргізушісі» әдіс – тәсілдері, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту», «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтері ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізе отырып оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды».

7


Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?





Өз ойын жетік жеткізе алатын оқушылармен жекелеген жұмыс жүргіздім, себебі ол оқушылар білімдік танымы жоғары деңгейдегі оқушыларым еді. Ал білімділік дағдысы төмен, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға өз тарапымнан қолдау көрсетілді.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)



Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар мен берген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9


Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет