Сабақтың тақырыбы Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі36,28 Kb.
#94748
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бауыр әңгімесі №2 5А

3. Семантикалық карта

Кейіпкерлер сөзі

Кейіпкер

Эльжбета Сергеевнаны шақыра қойшы, Лидочка …...........




Рахмет! Костюмді қолтығына қысып, жаңағы жолына түсті.




Сөзіңе болайын, Гали. Жаттығу ағаңнан қымбат болып па?




Здравствуйте, дяденька! Как живете?




Оқуың қалай? Биылғы сыныбың сегізде ме?




Ауылың есіңде ме? Көкем мен ….... Қалғұты … тау, қалың орман есіңде шығар?




Ұшқыш..... Әскери ұшқыш боламын. Балалар үйінен түлеген ұшқыш ағалар баршылық.




Сіз ….. қонасыз ба?




Ойнайтын да, қайнайтын да спортзалымыз – осы. Балалар қазір жаттығып жатыр






4. Шығарманы талдау
Манап балалар үйіне не үшін келді?
Балалар үйі туралы естулерің бар ма?
Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?
Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?
Балалар үйінің тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?
Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?
Ағасы мен інісінің кездесулеріндегі салқындық сыры неде?
Қалидың мінез-құлқы кімге ұқсаған?
Ағалы-інілі екеуі түбінде түсінісе ме?
Қали ел жайында, әкесінің қазасы туралы естігенде неге жайбарақат қабылдады?


5. «Дұрыс – бұрыс» ойыны
Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.
1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс
2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс
3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс
4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.
5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.
6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.
7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.
8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.
9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

  1. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.



6. «Егер де .........»
1 – ші топ: „Егер Қали өз ағасын жылы қабақпен қарсы алғанда, онда …......................................“
2 – ші топ: „Егер Манап өз інісін жетімдер үйіне бермгенде, онда ….........................................“
3 – ші топ: „Егер Манап өз бауыры Қалиды іздеп келмегенде, онда ….........................................“
4 – ші топ: „Егер мен автор орнында болсам, онда …..................................................................“


7. «ТВ жарнама»
Әр топ осы шығарманы басқа сынып оқушыларына жарнамалайды.


8. Шығарманың композициялық құрылысына талдау

  1. Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.

  2. Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ерті бару.

  3. Оқиғаның шиеленісуі – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

  4. Оқиғаның шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.

  5. Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағытталуы.

9. Берілген кестені толтыр.



Қалидың қызығушылықтары

Менің қызығушылығым

Қалидың ұшқыш болғысы келеді, себебі …...........




Қали және оның достарының жазғы демалысы ….........







Видеоролик


слайд

слайд
кесте

слайд

слайд


слайд

А4 парақ


дәптермен жұмыс

кесте


Рефлексия

«Білім ағашы» әдісі

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

«Менің бауырым» эссе жазу.




Мұғалім: « » Мажкеева Д.К.
(баға, қолы, аты-жөні)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет