Сабақтың тақырыбы: Мақсаты: 1 Пирамида жөніндегі білімдерін тиянақтау,қиық пирамида туралы түсініктерін толықтыру



Дата05.05.2020
өлшемі14,68 Kb.
#66058
түріСабақ
Байланысты:
Көпжақтарға есептер шығару
Пирамида та ырыбына арнал ан ба ылау ж мысы

Сабақ жоспар

Тақырыбы: Пирамида, Қиық пирамидаға есептер шығару.

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты: 1) Пирамида жөніндегі білімдерін тиянақтау,қиық пирамида

туралы түсініктерін толықтыру.

2) Есептер шығару арқылы студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін

өз бетімен дамыту.

3) Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, өзара достастыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тапсырмалар

Сабақтың түрі: Білім бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Қашықтықтан ұйымдастыру

ІІ. Тапсырма бойынша есептер шығару:



Ауызша тапсырмалар:

1.Тік пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

2.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың диогональдық қималары қандай фигуралар болады?

3.Қиық пирамида деп қандай пирамиданы атайды?

4. Қиық төртбұрышты пирамиданың диогональдық қималары қандай фигуралар болады?

Сызбасын сызып есептеу тапсырмалары:

1). Пирамиданың табаны диагоналі 10 см-ге тең тіктөртбұрыш. Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13 см. Пирамиданың биіктігін табыңдар.



2) Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең .Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.

3) Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7см-ге тең,ал табан қабырғасы 8см. Бүйір қырын табыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет