Сабақтың тақырыбы: Үмбетей жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту»



Дата29.03.2017
өлшемі91,37 Kb.
#12627
түріСабақ




Әдебиет

9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Үмбетей жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауы

Сілтеме:

Александер ( 2001), Мерсер (2000); Выготский;

Жалпы мақсаты:

  • Жыраудың өмірі және шығармашылығымен танысу, толғауының мазмұнын ашу;

Күтілетін нәтижелер:

  • жырау жайлы мағлұмат алады;

  • толғауларының тақырыбымен танысады;

  • қазақтың естірту дәстүрінің ерекшелігін ажырата алады;

  • толғауда айтылған ой-пікірдің түйінін түсінеді;

  • ойларын тұжырымдап, еркін жеткізе алады.

Уақыты:

45 минут


Жұмыстың түрі,

мазмұны:


Қолданған модульдер

Оқушының әрекеті


І кезең

«Ой шақыру».

(15 минут)

Жалпы сабақ 3 технологиялық кезеңнен тұрады:

І кезең: «Ой шақыру»;

ІІ кезең: «Мағынаны ажырату»;

ІІІ кезең: «Кері байланыс».

І кезеңде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.

Мақсаты: сабақтың беташары ретінде оқушыларды жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге шақыру, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.

Сабақта ұстанатын қағида:

Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу – жақсылық пен ізгілік нышаны.



Оқушыларды топқа бөлу: Өтілетін тақырыпқа байланысты «Жыр», «Жырау», «Толғау» сөздерін стикерге жазып, оқушыларға тарату арқылы топтастырамын.

«Кіру парағымен» сабақты бастау. Мақсаты: өткен сабақтағы оқушылардың ұсыныс, тілектерін ескере отырып, сабақты жоспарлауда өзгерістер енгізу.


Жаңа ақпарат алу үшін қызығушылығын ояту мақсатында «Білемін – білдім – білгім келеді» (Б-Б-Б) әдісінің «білемін» бөлімі бойынша оқушының білетін мәліметін жаздыру.

Мақсаты: оқушыны бұрынғы алған білімдеріне негіздей отырып, тақырыптың мән мәтінін ашуда өзіндік ой тұжырым жасауға дағдыландыру.

Күтілетін жауап:

Үмбетей жыраудың атақты жыршы екенін, оның кейбір жырларын, толғауларын білемін. Оның ұстазы әкесінің болғаны, жыр-дастандарға бала кезінен құмар болғанын білемін. Ерейментау жерінде дүниеге келгені туралы хабардармын.

Оқушының жекелей білім алуына мақсат қоюы бөлімінде электронды оқулықты пайдалана отырып, аудиодан Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет тыңдату. Нәтижесінде оқушылар (Б-Б-Б) әдісінің «білдім» бөлімінде өздерінің жырау жайлы тағы мынада мәлімет алғандығы жөнінде жазды.

Жауап: жыраудың батырлар жөнінде көп жырлағанын, өлең жолдарында қайталауларды пайдаланатыны жайында білдім. Сонымен қатар жыраудың Бұқар жыраумен дос болғанын, Бөгенбай батырдың өлімін толғауымен ханға жеткізгенін, оның ақылды, парасатты жыршы болғаны жайлы мәлімет алдым.


Ынтымақтас-тық атмосфера-сын қалыптас-тыру, қызығу-шылығын ояту

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту


Оқушылар-дың белсенді-лігі артады


ІІ кезең

«Мағынаны ажырату».

(20 минут)

ІІІ кезең

«Кері байланыс»:

(10 минут)



  • Электронды оқулықты пайдалану.

  • (Мақсаты: Жыраудың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру).


«Сергіту сәті»


  • Оқушының білім алудағы мақсатын өзгерту мен түзету барысында үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

  • (Мақсаты: 1. Постер арқылы сабақта алған білімдерін жүйелеу.

  • 2. Тақырыпқа қатысты ашық сұрақтар әзірлеп, басқа топ мүшелерінен жауап алу.

  • 3. “Фишбоун” әдісі арқылы толғаудың тарихи маңызын ашып, тұжырым жасау).

  • 1-топ: Үмбетей жырау кім? (Постермен жұмыс).

  • 2-топ: Үмбетей жыраудың шығармашылығы жайлы не білесіңдер? (Блум таксономиясы бойынша сұрақтар құрастыру).

  • 3-топ: «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауының тарихи маңызы неде? («Фишбоун» әдісі).

  • Күтілетін жауап:

  • 1-топ: Постер қорғау.

Үмбетей Тілеуұлы Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған әкесі Тілеу. Оның Бөгенбайға арнаған екі үлкен жыры бар. Оның бірі «Бөгенбайды жоқтау» болса, екіншісі «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» деген толғауы. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойып өскен.

2-топ: Блум таксономиясы бойынша сұрақтар құрастыру.



Күтілетін жауап:

1. Білім: Үмбетей жыраудың қандай толғауларын білесіңдер?

(Жауап: Үмбетей жыраудың Бөгенбайға арнаған 2 ұзақ жыры бар. Бірі «Бөгенбайды жоқтау», екіншісі «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауы).

2. Түсіну: «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауында жырау алдымен Абылай хан есіне нені салады?

(Жауап: Абылайдың өз басынан, халық басынан өткен ауыр күндерді «Ұмыттың ба ссоны, Абылай» деп еске салады).

3. Қолдану: «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауындағы Бөгенбай батыр тұлғасына сипаттама беріңдер.

(Жауап: жасы сексенге келген, Абылайдың сырласы болған, үлкен болса да екеуі құрдас болған, дөмпеш таудай басы үлкен, жауын жапырып қырған деп суреттеледі).

4. Талдау: Жырау толғаулары несімен құнды?

(Жауап: Жырау толғаулары халықтың басынан өткерген тарихи оқиға-ларды, оның арман-мұратын, ке-шірген ауыртпалықтарын жыр-лаумен қатар, көркем бейнелі тілмен бере білуімен құнды).

5. Жинақтау: Толғаудың мазмұнын бір сөйлеммен жазыңдар.

(Жауап: Абылай ханды жыламауға, өзіне берік болуға, сабыр сақтауға үндейді).

6. Бағалау: Толғау мазмұны қалай әсер етті?

(Жауап: толғауды талдай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрінің ерекшелігін, соның ішінде естірту дәстүрінің орны ерекше екені маған қатты әсер етті. Қазіргі заманда да Үмбетей жырау сияқты абыз жыршылар болса екен деп ойлаймын).

3-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауының тарихи маңызы неде? деген сұраққа жауап жазу керек.

Күтілетін жауап:

Себептері: Үмбетей жыраудың қалыптасқан дәстүрді бұзбай, қайғылы хабарды бірден тоқ еткізіп жеткізе салмай, айтар ойын алыстан орағытып бастайды. Одан кейін дүниенің аумалы-төкпелі екенін, қазасыз пенде жоқ екенін еске салады.

Фактілер: Үмбетей жыраудың қаралы хабаршы екендігі, атақты батырлардың бірі дүниеден өткендігін естірту үшін келгендігін жеткізуі.

Тұжырым: Бөгенбай батырдың қазасын Абылай ханға естіртудің өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осындай қайғылы қазаны басқа емес, Үмбетей жыраудың естіртуі, сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрінің бірі «естіртудің» адамның сөзге шешендігін, шеберлігін талап ететіндігі жайлы білу.
Жаңа білімге жету бөлімінде оқушылар жырау жайлы тағы қандай мәліметтер білгісі келетіні жөнінде «Б-Б-Б» әдісінің «Білгім келеді» бөлімін толтырады.

Күтілетін жауап:

Үмбетей жыраудың басқа да жырларын, қобызшы Үмбетейдің күйлерін, жыраудың өмірбаяны жайлы толық білгім келеді.

Оқушының білім алуда жаңа мақсат қоюы бөлімінде оқушының үйдегі өзіндік білім алуына бағыт беру мақсатында шығармашылық жұмыс беріледі. Үмбетей жыраудың өнегелі өміріне байланысты шағын ойтолғау жазып келу.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, диалогтік оқыту


Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, диалогтік оқыту


Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, диалогтік оқыту, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, диалогтік оқыту





Бағалау
Рефлексия

Мұғалім жалпы топты, топ басшылары өз тобының мүшелерін бағалау парағына сәйкес бағалайды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, «Екі жұлдыз, бір тілекке» жабыстырады.



Үйге берілген жұмыс:

Үмбетей жыраудың өнегелі өміріне байланысты ақпарат көздерінен қосымша мәлімет ізденіп келу.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет