Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді
1топ – «Жас Қыран», 2 топ – «Жас ұрпақ» Оларды Әділқазылар алқасы бағалайды Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең – Тарих беттері
2 кезең – Тәуелсіздік рәміздері
3 кезең – Мақал-мәтелдер.
4 кезең – Грамматика әлемінде
5 кезең – Қазақстанның басты қалалары
Ислам: Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 21 жыл да болып қалыпты
Аружан: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
Ислам: Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
Аружан:Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
Ислам: - Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
Аружан: - Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
Ислам: - 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Аружан: - Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
Аружан:
Қазақстан арайланып азат таңы,
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үкілеумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарды.
Аңсаған азаттықты ұлы халық,
Бостан күнге жеткенді белі талып.
Бет түзеп өркениет ауылына,
Арманның алаулайды шамын жағып.
1992 жыл - Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |