Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс



бет10/130
Дата07.10.2019
өлшемі15,74 Mb.
#49332
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130
Байланысты:
9 сын Физика КМЖ обнавл








Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 9


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану;

Сабақтың тақырыбы:


Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі

Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолданады;



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Қозғалыс ұғымын қалыптастыруды жалғастыру. Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі туралы түсінік алады



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Дененің еркін түсуін, еркін түсу үдеуін біледі

Еркін түсу үдеуінің формуласын пайдаланып есептер шығара алады.

есеп шығарғанда түрлендіреді, күрделілігі жоғары есептерді шығара алады


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Дененің еркін түсуін, еркін түсу үдеуін,формуласын біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: еркін түсу үдеуі, g=9,8м/с2

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Галилей еңбектерінің маңызы неде?

Дененің еркін түсуі деп нені айтамыз?

Еркін түсу үдеуі қандай шама?



Құндылықтардыдарыту



-патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- көшбасшылық

- ұлттық сана – сезім

- бостандық



Пәнаралық байланыстар

География мен математика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларындамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


Түзу сызықтық қозғалыс, үдеу

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

«Шаттық шеңбер» (бір-біріне жақсы тілектер айту).



Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқатүсіру..


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс графигінен айырмашылығы неде?

  2. Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табу үшін нені білу керек?

  3. Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.

  4. Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болады?

  5. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Еркін түсу дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Дененің еркін түсуінің мәні неде?

  3. Еркін түсу үдеуі дегеніміз не?




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну

Қызығушылықты ояту

Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау

«Өкіл» әдісі арқылы топтарда есептер шығару.Топта тапсырманы орындап болғаннан кейін «елші» сайланады. Ол басқа топқа барады. Ол топтың ойын, шешімін, жетістігін өз тобына баяндайды.

Қандайда бір биіктікте бос тұрған дене Жерге құлайтыны бәрімізге мәлім. Жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тарту әсерінен болады дейміз. Мәселен ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен қалықтап түседі.

Демек құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Мұндай денелердің қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибеде бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді.

Ең алғаш мұндай тұжырымды итальяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталаған. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығын тәжірибе арқылы көз жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп ұйғарды.



Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткен соң И. Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді. И.Ньютон жасаған тәжірибесінің мәнісі мынада. Ұзындығы бір метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады.Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтіктің ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсуі деп аталады.

Еркін түсу үдеуі әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы әрдайым төмен қарай бағытталады. Еркін түсі кезіндегі барлық денелер Жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады.Есептеулерде жуық түрде немесе деп аламыз.


Оқулық,

мәтіндер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет