Сабақтың тақырыбы: Менің арманым Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі186,43 Kb.
#4926
Сабақтың тақырыбы: Менің арманым
Мақсаты: 1. Оқушыларға арман сөзінің мағынасын таныстыру, үйрету.
2. Өз армандарын, қиялдарын ашық айтуға, өз бетімен өз ойларын жинақтай білуге дағдыландыру. Балалардың ойын, қиялын дамыту.
3. Шығармашыл, арманшыл оқушы қалыптасуына ықпал жасау және жақсылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Теңіз, балық, дельфин, сызба «күн шұғыласы»шаттық шеңбері.

ІҰйымдастыру кезеңі:
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!Шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасып аламыз .Балалар сіздерге алдымен сәл жымиып күлкі сыйлаймын ,сіздерде бір бірімізге сәл жымиып ықыласымызды білдірейік,енді тұрмаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.


Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында, үй тапсырмасын сұрау.
“Біздің сынып’’тақырыбында құрастырып келген әңгімелерін тыңдау(Әр оқушыға жүрек беру гүл тарату) ЕНді 2 топқа бөлінеміз.
Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?Қазақстан.Қазақстанда қандай теңіз бар?Каспий теңізі бар.
- Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің арманым".

Адам баласы өмірге келген соң әр нәрсені өз уақытында армандай, қиялдай алады. Осы арманға жету үшін көзделген мақсаттарды орындай білу қажет. Осындай мақсаттарды орындай отырып арманға қол жеткізеді.

Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Сұрақ: Арман дегенді сіз қалай түсінесің?
- Сұраққа оқушылардан жауаптар алынады.
Шаттық шеңбері,Әуелі барлығымыз шаттық шеңбер құрып амандасайық.
- Армысың ба, сыныптастар!
- Армысың ба, кәрі Каспий!
- Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
- Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)
- Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды). Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы. Таза ауа. Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.
Ой қозғау
Теңізде не істей білу керек?- жүзе білу
- Теңізде немен жүзеді?- қайықпен
Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.
- Балалар енді бір-біріңнің армандарыңыз орындалуына тілектестік білдіріңдер.
- Еламан қандай тілек тілейсің?
- Досым, Айқын арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!
Даниял қанатың талмасын!
(балалар бір-біріне тілек айтады, айтқан бала қуана қайыққа мінеді, тербеледі)
Оқулықпен жұмыс

"Бала арманы"өлеңін оқушылар оқиды. (оқулықта берілген 30бет)
Ұлы Абайдай кең жүрек
Ақын болғым келеді
Бауыржандай ер жүрек
Батыр болғым келеді.
Жағдаяттарды талдау. Сұрақ-жауап.
- Бұл теңізде қандай қайықтар жүзеді?
(бірлік, татулық, кешірім, мейірімділік қайық)
- Сол қайықтарды теңізге жіберейік.
Бірлік қайығы
- Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
(сұраққа жауап алу)
Татулық қайығы
- Өздеріңнің қандай армандарың бар?(сұраққа жауап берсе «Татулық қайығына» мінеді)
Кешірім қайығы
Адамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мейірімділік қайық
Арманға қалай қол жеткізуге болады?
Балалар, теңізде ақылды адамдардың көмекшісі
- дельфиндер мекен етеді екен. Бізге тапсырмалар дайындапты. Осы тапсырмаларды орындайық.
Тапсырма
1 тапсырма:Дәйек сөз. "Арман – адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер?

Арман – адамға қанат. Халық мақалы. Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың.
2 тапсырмаМәтінмен жұмыс
Әже әңгімесі (оқушылар оқиды)

- Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды.
Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшінші арман жалғаса береді.
"Арман мен ақыл" Қадыр Мырза Әли
- Білімнің арманға қандай қатысы бар?
- Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?
3 тапсырма  «Сөйлемді аяқта» ойыны

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

-Егер де мен мұғалім болсам,………………

-Егер де  мен дәрігер болсам,…………..

-Егер де мен президент болсам, ………………..

-Егер де мен әкім болсам, ………………..

4 тапсырма

Дәптермен жұмыс.


Сендердің армандарың жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Өз армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар. /оқыту/
Бекіту.Ойын. «Арманымның сурет».

Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарынды таңданыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңніңармандарыңның суретін саламыз. Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.

Қорытынды. - Менің арманым болашақта азамат атына лайықты мәнді өмір сүру.
Ақыл сана біліммен,
Арманыма жетемін
Жүректен- жүрекке
Арманға бірге жетейік. Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды Қолымыздағы жүрекке өз армандарыңды жазып мынажүректің айналасын қоршап қоялық.
Ұстаз тілегі: - Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар Адам арманға біліммен, ізденумен, еңбектену мен жетеді.- Алға самға- Нағыз адам бол ыңыздар деп сабағымызды аяқтаймын.
Үйге тапсырма:«Өмірге» өлеңі. /оқу/

Оқушылар шеңбер құрып, теңізден балықты аулап өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады.


Айдар:балықты аулап - "Шіркін - ай басшы болсам, еліме нұр сыйлайтын"
Ердос:- "Шіркін - ай банкир болсам, жайнайды менің елім"
Ербол:- "Шіркін - ай биші болсам, мың бұрала билейтін"(ойын жалғаса береді, жылдам оны не үшін армандайтынын айтады

Жаңа ақпарат


"Адам көкейіндегі ізгі ниет болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.
Шығармашылық жұмыс.
- Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру.
- Қандай баланы «жақсы бала» деп айта аламыз?

/Күннің шұғыласына жазып, өздері оқиды/


Тыныштық сәті. Көгілдір теңізді елестетеміз. Қиқулаған шағалалардың даусы, әсем, киелі құс аққулар. Айналадағы тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, барлығы қамқор болып жатқан секілді. /2минуттай отыру/


Өсиет әңгіме
- Арман деген не?- деді жігіт
- Арман – ақыл - ойдың шындығы
- Ұстаз шәкіртке үлгі болсам дейді.
Арманға адаспаған жетеді.
Адасқан жете алмайды.
Арманым

ІІ. Негізігі бөлім.

2. «Біздің фантазиямыз»

Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбер бойынша әр түрлі берілген сұрақтарға жауап береді.



Сұрақтар:

-Мектептегі балалар басқарса не болар еді?

-Егер сенде ұшатын кілем болса, сен қайда ұшасың?

5. «Біздің арманымыз».

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топқа да «Біздің арманымыз» тақырыбына бірігіп бір ватманға болашақ негізгі арманын бейнелеу тапсырылады.

Сұрақтар:

-         Бірігіп жұмыс істеген қалай?

-         Не ұнады, не ұнамады?

-         Сенде қандай армандар бар?

II. Сұрақтар:
1. Арман, қиялдарыңды айтып беріңдер.
2. Сол арманға жету үшін не істеуіміз керек?
3. Мамандық пен арманның бір-бірінен айырмашылығы.
4. Жазғы демалыстағы сенің басты мақсатың қандай?

III. Негізгі бөлім


Бұл шараға 2 топ мүшелері түгел қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Болашақ»
1. Әр топ мүшелері өздерінің арман, қиялдарын баяндайды.
1-топ «Балдәурен»

2-топ «Болашақ»


- Үлкен болып өскенде ұшқыш болу.
Қиял, Сезім
Ой, Мақсат
3-топ «Балдырған»
- Сабақ құралдарын алдын-ала алып қою.
4-топ

IY. Қорытынды


«Армандай білеміз бе?» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып, мақтау қағаздарымен марапатталады.
1-орын «Болашақ» тобы
2-орын « Балдырған»

Дәйек сөз

Мұғалім:-Балалар,сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі.Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді.Тіл адамды өсіреді де,өшіреді де.Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсақ,адамдар арасында сыйлы боласың.Өз тіліңді жетік біліп,оны дамыта алсаң,сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең,олар сондай халық бар екендігін біледі.Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасаң,халқыңды өсіресің.Егер сенің ана тіліңде ешкім де сөйлемесе халқың өшеді деген-осы.Сондықтан да ақын С.Торайғыровтың

«Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»,деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

Жағдаятты талдау.

Жаттығу ойлану. 7 слайд

1.Дәурен мен Қуат тіл үйрену жөнінде әңгімелесіп отыр. «Адам ең алдымен өз ана тілін жетік,сонан соң өзге тілді үйрену керек», - деді Қуат.

Дәурен бұл пікірге қосылмады.....
-Өздерің қандай кеңес берер едіңдер?
2.Әсем мен Данияр «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатыр.Олар бірнеше тілді жетік біледі.Балалар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеседі.Бірде олар интернет арқылы елдегі ағалары Нұрханмен хабарласты.Олардың өз тілін біле тұра, өзге тілде сөйлескендеріне разы болмаған Нұрхан.......

- Нұрхан қандай ақыл қосты деп ойлайсыңдар?

- Сендер не айтар едіңдер?
8 слайд.(Қара жорға биі көрсетіледі)

Сергіту сәті:Би: «Қара жорға»
Бала күнімде нағашыларымнының ауылына өте көп баратынмын. Нағашыларымның  үйі темір жол вокзалына жақын еді. Сол себеп болды ма, кішкентайымнан пойызға құмар болдым. Ауылда жүргенде алыстан пойыздың дауысын естей қалсам тамның төбесіне қарай сатымен өрмелейтінмін. Тамның үстіне шығып алып сол пойыздың вагондарын ерінбей санайтынмын. Көрген пойыздарды екіге бөлетінмін. Жаман пойыз және әдемі пойыз деп. Күніне он шақты пойыздың вагондарын санап көзбен шығарып салатынмын. Кейде үйден қашып шығып вокзалға барып жүрмей қалған пйыздардың ішіне кіріп алып арман қуалап ойнап қайтамын.

   Бала кезімде туған туыстарыма көп қыдыратынмын және барлығына пойызбен жүретінбіз. Әкемнің туып өскен жері, өзімнің ауылыма баратын кезде бір жылап алатынмын. Өйткені ол жақа пойыз бармайтын. Ал мен машинамен емес пойызбен барамын деп жылайтынмын.


Мектепте бесінші сынып оқып жүргенде бір сабақтан шығарма жаздық. Тақырып: «МЕНІҢ АРМАНЫМ» еді. Сыныптастарымның көбісі ҒАРЫШКЕР, ӘНШІ, ДӘРІГЕР, ПРЕЗИДЕНТ, ӘКІМ болуды армандаған. Ал менің шығармам «АРМАНЫМ ПРОВОДНИК БОЛУ» деген тақырыпта еді. Шығармамды оқыған мұғалімім, ата-анам әбден күлген. Бірақ сол кезде анам жөнді нәрсе армандасаң қайтеді деп ұрысқан болатын.
Сөйтіп жүріп тоғызыншы сыныпты бітіріп Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне «ТАСЫМАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ» мамандығын таңдап түстім. Оқу барысында жаман пойызды жүк тасымалдайтын (ГРУЗОВОЙ) ал әдемі пойызды адам тасымалдайтын (пассажирский) пойз екендігін және өзімді қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарыма жауап алдым. Қызыққан мамандығым болғандықтан ба, сабақтан қалмайтынмын.
Әлі күнге дейін қайда барсамда пойызбен жүргім келеді және пойызбен баруға тырысамын. Достарыма үйленгенде гулянкамда лимузинмен емес пойызбен жүремін деп әзілдеймін. Әр әзілде бір шындық! Пойызбен шығып қалуым да ғажап емес. Егер пойызбен шығып қалсам барлығыңызды хабардар етемін
Алға қойған мақсатым Бала күнгі арманымды орындап, темір жол саласының маманы болу. АЛЛАҺ ТАҒАЛА сол күнге жеткізсін!!!
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жобажарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.
Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.

Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.

Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.

ЭССЕ

Тақырыбы: «Мен осы мамандыққа,  лайықтымын!»

Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын

   Арманның қиялынан таңдағанмын

  “Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,

   Өміріме діңгек қып таңдап алдым.   деген

 жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.

    Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің  өміріңе бағыт берген, кәсібімді  үйреткен, тіршілігіме  нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!

 «Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан  мұғалімдік мамандықты таңдап,  Арқалық қаласына Торғай гумманитарлық колледжге оқуға түсіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол қалада Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтта   жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 3 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен мектепте, бастауыш сыныптарға  дәріс бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Мен өз әріптестерім арасынан Бекейқызы Жансәулені  ұстаздық тәжірбиесін өзіме үлгі етемін.  

Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы  керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек. 


    Осы маманға лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап өткім келеді.

     Өзімнің алдағы 3-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық  білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым.Оқушыларым  облыстық  «Ақ бота» интелек туалдық ойындарға қатысып отырады. 2012 жылы  оқушым Халел Еділ ІІ –аудандық Кіші пән Олимпиадасына қатысып, ІІ –орынға  ие болды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20жұлдызды шыңы» бағдарламасы аясында өткізілген «Ауылым алтын бесігім» атты аудандық өнер байқауында I-орын, «Менің сүйікті ертегім» атты аудандық конкурста II-орын, сыныбым оқушылары 2009 жылғы аудандық «Праменад шоу» би конкурсында Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорға » биімен 1-ші орынға ие болды.

 Осы жұмыс істеген жылдарымда Мектепішілік рейтінгі бойынша 2009-2011 жылдары  «Жоғарғы білім сапасы үшін» І орынға ие болдым, «Тәрбие жұмысының рейтингісі бойынша» екі жыл қатарынан І орынмен марапатталдым.       

 Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

Абшукирова Айгерим Жексембаевна

Педагог- психолог, Бершүгір орта мектебі

Шалқар ауданы, Біршоғыр стансасы

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлар



Сабақ атауы

Өзін - өзі тану



Менің арманым


Сілтеме

4 сынып

Жалпы

мақсаты

1. Оқушыларға арман сөзінің мағынасын таныстыру, үйрету.
2. Өз армандарын, қиялдарын ашық айтуға, өз бетімен өз ойларын жинақтай білуге дағдыландыру. Балалардың ойын, қиялын дамыту.
3. Шығармашыл, арманшыл оқушы қалыптасуына ықпал жасау және жақсылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері

Балаларға арман сөзінің мағынасын ұғындыру


Өз бетімен өз ойларын жинақтай білуге дағдыландыру.

Балалардың ойын, қиялын дамыту.


Шығармашыл, арманшыл оқушы қалыптасуына ықпал жасау

Оқыту

нәтижелері

Өз армандарын, қиялдарын ашық айтып, өз бетімен өз ойларын жинақтайды Балалар ойларын, қиялын дамытады.
Шығармашылығы фантазиясы дамиды.


Ұйымдастыру

Кезеңі: (2 мин)

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!Шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасып аламыз .Балалар сіздерге алдымен сәл жымиып күлкі сыйлаймын ,сіздерде бір бірімізге сәл жымиып ықыласымызды білдірейік,енді тұрмаймыз. Енді мына түстерді алып 2 топқа бөлінеміз.


1-тапсырма

(5 мин)


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында, үй тапсырмасын сұрау.
“Біздің сынып’’тақырыбында құрастырып келген әңгімелерін тыңдау(Әр оқушыға жүрек беру гүл тарату)


2-тапсырма

(10 мин)

Оқушының іс - әрекеті

Қазақстан.

Каспий теңізі бар.
Шаттық шеңбері,

- Армысың ба, сыныптастар!
- Армысың ба, кәрі Каспий!
- Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
- Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)
- Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды). Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы. Таза ауа. Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.

-жүзебілу


- Теңізде немен жүзеді?- қайықпен
Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.

Оқулықпен жұмыс
"Бала арманы"өлеңін оқушылар оқиды. (оқулықта берілген 30бет)

- Сол қайықтарды теңізге жіберейік.


Бірлік қайығы
- Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
(сұраққа жауап алу)
Татулық қайығы
- Өздеріңнің қандай армандарың бар?(сұраққа жауап берсе «Татулық қайығына» мінеді)
Кешірім қайығы
Адамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мейірімділік қайық
Арман – адамға қанат. Халық мақалы. Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың.
Әже әңгімесі (оқушылар оқиды)
- Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды.
Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшінші арман жалғаса береді.
"Арман мен ақыл" Қадыр Мырза Әли
-



Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстанда қандай теңіз бар?


- Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің арманым".

Адам баласы өмірге келген соң әр нәрсені өз уақытында армандай, қиялдай алады. Осы арманға жету үшін көзделген мақсаттарды орындай білу қажет. Осындай мақсаттарды орындай отырып арманға қол жеткізеді.

Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Сұрақ: Арман дегенді сіз қалай түсінесің?.
Ойқозғау
Теңізде не істей білу керек?

Ұлы Абайдай кең жүрек


Ақын болғым келеді
Бауыржандай ер жүрек
Батыр болғым келеді.
Жағдаяттарды талдау. Сұрақ-жауап.
- Бұл теңізде қандай қайықтар жүзеді?
(бірлік, татулық, кешірім, мейірімділік қайық)

Арманға қалай қол жеткізуге болады?


Балалар, теңізде ақылды адамдардың көмекшісі
- дельфиндер мекен етеді екен. Бізге тапсырмалар дайындапты. Осы тапсырмаларды орындайық.
Тапсырма
1 тапсырма:Дәйек сөз. "Арман – адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер?

2тапсырма Мәтінмен жұмыс


Білімнің арманға қандай қатысы бар?
- Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?

Бекіту:

3-тапсырма

(14 мин)

инсерт кестесін толтыру

-Егер де мен мұғалім болсам,………………

-Егер де  мен дәрігер болсам,…………..

-Егер де мен президент болсам, ………………..

-Егер де мен әкім болсам, ………………..


Жаңа сабақтан алған ұғымдарын пайдалана отырып сұрақтарға жауаптар іздеу

3 тапсырма  «Сөйлемді аяқта» ойыны

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.


Қорыту:

4-тапсырма

(10 мин)

- Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?

Бүгін қандай тақырып өттік?



4 тапсырма

Дәптермен жұмыс.


Сендердің армандарың жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Өз армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар. /оқыту/

Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.
Қорытынды. - Менің арманым болашақта азамат атына лайықты мәнді өмір сүру.
Ақыл сана біліммен,
Арманыма жетемін
Жүректен- жүрекке
Арманға бірге жетейік. Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды Қолымыздағы жүрекке өз армандарыңды жазып мынажүректің айналасын қоршап қоялық.

Үйге тапсырма:«Өмірге» өлеңі. /оқу/




Оқушылардың бір-бірімен ой бөлісуін,пікір алмасуын қадағалау

Бекіту.Ойын. «Арманымның сурет».

Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарынды таңданыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңніңармандарыңның суретін саламыз.
Ұстаз тілегі: - Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар Адам арманға біліммен, ізденумен, еңбектену мен жетеді.- Алға самға- Нағыз адам бол ыңыздар деп сабағымызды аяқтаймын.

Бағалау:

(3 мин)

Бағалау критерилері арқылы оқушыларды бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.:

ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУ:

САБАҚҚА БЕЛСЕНЕ АРАЛАСУЫ.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет