Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымның рухани құндылықтары



бет6/13
Дата21.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#112752
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2 5247253870140195995
Ulbosyn
Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты негізгі сөздер мен терминдер

• Көне түркі халқы; Бумын қағанаты

• Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштері

• Қазақ хандығы; Бөгенбай батыр; Әлия Молдағұлова

• Қайрат Рысқұлбеков


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу

Бастапқы білім:

Менің бабаларым қыпшақтар

Сабақ барысы

жоспарлан

ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Сабақтың ортасы

35 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын алып шығу.



Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Өлеңді тыңдаңдар: Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Жаным менің, кеудемді жарып шық та

Мен оның қасиетті тілін сүйем, Бозторғайы бол оның шырылдаған

Мен оның құдіретті үнін сүйем Отан! Отан! Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

(Мұқағали Мақатаев)

– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?

Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.

Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.

Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.

(Ж, Ұ) Сабақтың соңында нені білуіміз, нені үйренуіміз керек?

– Қазақ хандығының құрылу себептерін білеміз; Мұғалім толықтырады:

Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.

Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.

Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:


Оқулық

айтылым


айтылым

тыңдалым


айтылым

айтылым





Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:

– Әбілқайыр ханнан кетейік! Ол – қатал, дүниеқор, сараң хан. Билеуші ретінде ол өз халқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада бас көтермей

жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?

– Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктің жолында қаншама адамды қырғынға ұшыратты. Бізге ондай ханның керегі қанша?

– Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыт алады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісіз еді.

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.

Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.

Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.

Оқушылардың жауаптары.

Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.

Оқушылардың жауаптары:

– жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуы мүмкін;

– оларды достық кездесу күтіп тұруы мүмкін.

Мұғалім: Сендердің болжамдарыңды тексеру үшін оқулықтағы мәтінді оқимыз. Шешімі:

көшпелілердің Есенбұға ханмен болған достық кездесуі, ханның оларға Жетісудың батысынан

жер бөліп беруі, Қазақ хандығының құрылуы.

Мұғалім: Осылайша Қазақ хандығы құрылды. Бұл оқиғаның халық үшін қандай маңызы

болды?


Оқушылар:

– бұрын қазақтар басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүрді, ал енді олар өз алдына бір

мемлекеттің астына бірікті.

– халық өз билеушісін өзі таңдады. Хандар елдің шегарасын жаудың шабуылынан қорғады.

– Қазақ хандығы басқа елдермен байланыс орнатты.

– Қазақ хандығы құрылған соң, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салты гүлдене түсті.




айтылым

тыңдалым


айтылым

айтылым


тыңдалым

1 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет