Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым



бет2/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#4399
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

V. Сабақты бекіту.

Қандай жаңа сөздермен таныстық? Жұма аптаның нешінші күні? Бәйтерекке қашан барасың?

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру.

126 - бет. 6-тапсырма, мәнерлеп оқу.
2 «А» 06.04.2015 ж. 2«Б» 06.04.2015 ж. 2«В» 06.04.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сенбі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: апта түсініктерін терең меңгерту, тақырып бойынша қысқа әңгіме айта білуге машықтандыру, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.

3. Тәрбиелік: өз уақыттарын орнымен пайдалануға және ұтымды жұмыстарға жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

барамын – пойду, поеду сенбі - суббота

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Үлгі бойынша жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен жан-жақты жұмыс жасауды жалғастыру.

3-тапсырма. Өтіліп жатқан тақырып негізінде сұрақ-жауап жұмысын жұптық түрде жүргізу.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырма бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

5-тапсырма. Аударма жұмысын саналы түрде орындауды ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

6-тапсырма. Тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлем құратып үйрету.

V. Сабақты бекіту.

Аптаның қай күні туралы өттік? Қашан киноға барасың? Аптаның алтыншы күні қалай аталады?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.

129 - бет. 6-тапсырма жазу. Жаңа сөздерді жаттау.
2 «А» 09.04.2015 ж. 2«Б» 09.04.2015 ж. 2«В» 09.04.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Жексенбі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, тақырып бойынша қысқа әңгіме айта білуге машықтандыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөздіктер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма, ой қорыту.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

орман – лес жексенбі – воскресенье кітапхана - библиотека

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген тапсырмамен жқмыс өткізу. Тақырыпты саналы меңгергендігін бақылау мақсатында түрлі тапсырмалар беру.

2-тапсырма. «Үлгі бойынша сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөзбен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке – жеке жұмыс жасау.

3-тапсырма. Қ.Жұмағалиевтің «Жеті ұл» өлеңімен жан-жақты жұмыс жасауды аяқтау, жазылым әрекетімен ұштастыру.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырма бойынша жұмысты жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты жазу дағдыларын қадағалау.

5-тапсырма. Тапсырмада берілген сұрақ бойынша жұмыс өткізу.

6-тапсырма. Тақырып бойынша қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жұмыс ұйымдастыру.

V. Сабақты бекіту.

Аптаның қай күні туралы өттік? Қашан «Думанға» барасың? Аптаның жетінші күні қалай аталады?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.

130 - бет. 3-тапсырма, жаттау.

2«А» 16.09. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Атам мен әжем.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. «Отбасы» тақырыбында әр оқушыны өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын байыту.

3.Тәрбиелік. Үлкенді сыйлау, «сіз» деген сөздің мағынасын оқушыларға жете түсіндіру. Үлкендермен қарым-қатынас, сыпайылық әдеттерді сіңіру.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

алыңыз – возьмите оқыңыз – читайте ішіңіз – пейте көріңіз – смотрите

беріңіз – дайте тыңдаңыз – слушайте жазыңыз – пишите отырыңыз – садитесь

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.



IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша оқылым әрекетін мәнерлеп оқудан бастап, оқушыларды айтылым әрекетіне жетелеу. Өз отбасы жайлы айтып үйрету.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген диалог арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларды тілдесім әрекетіне баулу.

3-тапсырма. Сурет бойынша әдептілік әліппесі төңірегінде тапсырмада берілген сыпайылық қарым- қатынас үлгісін оқушыларға дете түсіндіру.

Ата, алыңыз. Әже, отырыңыз. Ата, тыңдаңыз. Әже, көріңіз. Ата, оқыңыз. Әже, ішіңіз.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Тапсырмадағы «Әжем» өлеңмен оқылым әрекетін жандандыру. Сұрақтар қою арқылы әр оқушымен практикалық жұмыс жасау.

5-тапсырма. Жазылым әрекетіне тапсырма бойынша іске асыру. Әдептілік әліппесіндегі сөздерді тапқызу, мағынасын сұрау.

радио тыңдаңыз. шай ішіңіз.

Ата Әже

теледидар көріңіз. диванға отырыңыз.
6-тапсырма. Тақырып бойынша сөздік жұмысын бекіту үшін ойын ұйымдастыру.

Оқушыларға орыс тілінде отбасы мүшелерінің атауы жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар оларды қазақ тіліне аударып, тақтаға жазуы тиіс.



Отец, мать, дедушка, бабушка, брат, младший брат, старшая сестра, младшая сестра.
V. Сабақты бекіту.

Сенің әжең бар ма? Аты кім? Сенің атаң бар ма? Аты кім?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.

14 - бет. 1-тапсырма, өз отбасы туралы айту. Жаңа сөздерді жаттау.
2«А» 14.09. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Әкем мен шешем.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Сөздік диктантын жазуда жіберген қателермен жұмыс өткізу. Оқушылардың сөзлеу қабілетін жетілдіру. Әр оқушының білім сапасын арттыру. Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға дұрыс жауап беруге баулу. Сөздік қорды байытып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тілдесім әрекетін жандандыру.

3.Тәрбиелік. Ата-анаға құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдеріне баулу, әдепті сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

аға – старший брат әпке – старшая сестра қарындас – младшая сестра

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.



IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тапсырмада берілген диалогпен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға өз отбасы туралы айтқызу.

2-тапсырма. Оқушыларға тәуелдік жалғауын І және ІІ жақта меңгерту мақсатында тапсырманы топтық түрде орындау. Олардан сөйлем құрату.

Менің атам бар. Менің әжем зейнеткер. Менің әкем дәрігер. Менің шешем сатушы. Сенің ағаң студент. Сенің қарындасың оқушы.

3-тапсырма. Сөйлесім әрекетін жандандыру мақсатында тапсырманы үлгі бойынша жеке тапсырма ретінде орындату. Оқушыларға сұрақ қойып, дұрыс жауап беруді үйрету.

  1. Кім? 1. Анам.

  2. Кім кірді? 2. Анам кірді?

  3. Анам қайда кірді? 3. Анам үйге кірді.


Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Оқушылардың оқу техникасын жандандыру мақсатында тапсырмада берілген жаңылтпашпен жұмыс өткізу. Мәнерлеп және тез оқу сайысын ұйымдастыру.

5-тапсырма. Жазылым әрекетіне тақырып бойынша берілген тапсырмамен жұмыс жасау.

Біздің отбасымызда ... адам бар. Олар: ... , ... , ... , ... , ... , ... . Атам ... . Әжем ... . Мен ... жастамын.

6-тапсырма. Оқылым, айтылым, әрекеттерін жандандырып, сергітуді орындау.

V. Сабақты бекіту.

Сенің әкең, шешең не істейді? Олар қайда жұмыс істейді?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.

13 - бет. 6-тапсырма сергітуді мәнерлеп оқу. Жаңа сөздерді жаттау.


2«А» 09.09. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Зат есім туралы алған түсініктерін тереңдету. Кім? не? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Өз отбасы туралы әңгіме құрау.

2.Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жасау.

3.Тәрбиелік. Тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасындағы қарым – қатынастың қандай болу керектігін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

сатушы – продавец аспаз – повар дәрігер – врач мұғалім – учитель

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне арналған тапсырмадағы мәтіндермен жұмыс жасау. Осы мәтіндер бойынша оқушыларға жеке-жеке тапсырма беру. Тапсырманы айтылым әрекетімен ұштастыру.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген сөз тіркестерімен жұмыс жасау.

Мой брат, во 2 классе, моя бабушка, мой дедушка, семь лет, моя сестренка.

3-тапсырма. Мәнерлеп оқуға берілген өлеңмен жұмыс өткізу.

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Зат есімнің кім? деген сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету. Практикалық жұмыспен тапсырманы жандандыру.

5-тапсырма. Жазылым әрекетіне тақырып бойынша берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Өз отбасы туралы жазғаннан кейін тапсырманы айтылым әрекетімен жалғастыру.

6-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы үйде дұрыс орындау үшін сыныпта қосымша жұмыс жүргізу.

V. Сабақты бекіту.

Сен неше жастасың? Нешінші мектепте оқисың?

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру.

11 - бет. 6-тапсырма жазбаша орындау.


2«А» 07.09. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2.Дамытушылық. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын сөйлесім әрекеті арқылы дамыту. Сөздік қорын байыту.

3.Тәрбиелік. Отбасы және отбасындағы қарым – қатынас жайлы тәрбиелік әңгімелер жүргізу. Үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

іні – младший брат сіңлі – младшая сестра оқимын – учусь

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс. Сөздікті пайдалана отырып аударма жұмысын өткізу. Сурет бойынша өз отбасы туралы айтқызу. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген мәтіндер бойынша әр оқушыға жеке-жеке тапсырма ұсыну. Өзі туралы айтуға дағдыландыру.

3-тапсырма. Тілдесім әрекетіне баулуға арналған тапсырмамен жұмыс жасау. Сұрақтарға ауызша жауап бергізіп, жазылым әрекетімен ұштастыру.

Сенің атың кім? Сенің фамилияң кім? Сен нешінші сыныпта оқисың? Отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Тапсырмада берілген санамақты қисында ойлау қабілеттерін жандандыру мақсатында орындау.

5-тапсырма. Сөйлеп үйренуге арнайы берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс жасау.

Жаннаның сіңлісі бар. Аты – Сая. Асқардың қарындасы бар. Аты Сая.

6-тапсырма. Ережеге байланысты ұсынылған тапсырмамен жұмыс өткізу. Кім? және не? сұрақтарының мағынасын түсіндіру. Көрнекілік бойынша тапсырманы бекіту.

ата кітап

әже қалам

кім? не?

әке торғай

шеше көбелек
ІV. Сабақты бекіту.

Сен нешінші сыныпта оқисың? Кім? Не? сұрақтарына мысалдар келтіріңдер?

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру.

7 - бет. 2-тапсырма.


2«А» 02.09. 2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері, тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

отбасы –семья менің отбасым – моя семья әже – бабушка

ата – дедушка шеше – мать әке – отец

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


IV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тыңдалым және айтылым әрекеттеріне берілген тапсырманы іске асыру. Сөздікті пайдалана отырып аударма жұмысын өткізу. Сурет бойынша өз отбасы туралы айтқызу. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

Это бабушка. Ее зовут ... . Это дедушка. Его зовут ... . Это мама. Ее зовут – ... . Это папа. Его зовут – ... .

2-тапсырма. Берілген диалог бойынша жұмыс жүргізу. Айтылым әрекетін іске асырып, оқушылармен жұптық жұмыс жүргізу.

3-тапсырма. Үлгі бойынша берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Сыныптағы оқушылардың барлығын сұрақ бойынша сөйлету. Жазылым әрекетімен ұштастыру.

Кім қайда?

Саша үйде. Айбек балабақшада. Санжар мектепте.
Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Практикалық жұмыспен тапсырмада берілген кім? сұрағы арқылы жұмыс жасау. Берілген сөздерді І жақта айтқызу.

Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, сіңлі, қарындас, іні.

Үлгі: Кім? Менің әкем.

5-тапсырма. Сурет бойынша тапсырманы сыныптағы барлық оқушылармен орындау. Тапсырмадағы қайда? сұрағының мағынасын түсіндіру.

Ата қайда? Үйде жатыр. Әже қайда? Бөлмеде отыр.

6-тапсырма. Сергітуді барлық оқушылармен бірнеше рет қайталап орындау.
ІV. Сабақты бекіту.

Отбасы мүшелерін атаңдар? Кім? сұрағына мысалдар келтіріңдер?

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру.

6 - бет. 6-тапсырма сергітуді мәнерлеп оқу.

2«А» 19.10.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің дене мүшелерім.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларды өз дене мүшелері турады өз сөздерімен әңгімелей алатын деңгейге жеткізу. Сөйлеу қабілеттерін жандандыру, әр оқушының білім сапасын арттыру.

2.Дамытушылық. Адамның дене мүшелерінің атауларын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөзді дұрыс айтуға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік. Гигиеналық тазалық туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізу. Оқушыларды тазалыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Дене мүшелерінің суреттері, тірек сызба.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым және айтылым әрекеттерін аударма жұмысымен жандандыру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

Моя голова. Мои волосы. Мои глаза. Мой рот. Мои уши. Мои руки. Мои ноги.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген орыс тіліндегі сөйлемдер арқылы жұмысты І жақта орындаған соң ІІ жақта орындау.

сенің басың

сенің шашың

сенің қолың

Мынау сенің көзің



сенің мұрның

сенің аяғың

3-тапсырма. Тапсырмада берілген Не істеді? сұрағымен жұмыс жүргізу. Сыныптағы оқушылардың барлығын сұрақ бойынша сөйлету.

Не істеді?


оқыды



читал(а)

ашты

открыл(а)

Оқыды




жапты

закрыл(а)

жазды

писал(а)

Сергіту сәтін жасау.

4-тапсырма. Практикалық жұмыспен тапсырмада берілген бұйрықты сөйлемдер арқылы жұмыс жасау.

Оң қолыңды көтер. Екі қолыңды көтер. Тақтаға шық. Оң аяғыңды көтер. Сол аяғыңды көтер. Кітабыңды аш. Дәптеріңді жап. Сен тұр. Сен жүр. Сен отыр.

5-тапсырма. Жазылым әрекеттеріне берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Сөз тіркестерін құрап жаздыру.

Оң (сол) көз. Оң (сол) құлақ. Оң (сол) қол. Оң (сол) аяқ.

6-тапсырма. Сергітуді барлық оқушылармен бірнеше рет қайталап орындау.

ІV. Сабақты бекіту.

Адамның дене мүшелерін атаңдар? Оң қолдарыңды көтеріңдер! Сол қолдарыңды көтеріңдер!

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру.

42 - бет. 6-тапсырма сергітуді жаттау.

2«А» 12.10.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Тазалық - саулық кепілі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Тапсырмаларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.

2.Дамытушылық. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік. Тазалық туралы тәрбиелік маңызы зор әңгімелер жүргізу. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Дене мүшелерінің суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

қол –рука аяқ – нога саусақ – палец

оң – правый (-ая, - ое, -ые) сол – левый (-ая, - ое, -ые

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.



Каталог: uploads -> doc -> 0336
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0336 -> Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным
0336 -> Сабақтыңтақырыбы: «Менің сүйікті тағамым. Табыс септік»
0336 -> Сабақ Пәні: «Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері»
0336 -> Сабақ Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Біржан сал Абай ауылында ( «Абай жолы» роман- эпопеясынан үзінді) Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Жабагиева Енлик Жалгасовна 2012 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет