Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым



бет4/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#4399
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сергіту сәті.

Бала, бала, баламыз,

Орнымыздан тұрамыз.

Жоғары қолды көтеріп,

Алақанды ұрамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Денені жазып аламыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру мақсатында берілген тапсырманы берілген суреттермен байланыстыра орындау.

5-тапсырма. Жазылым әрекетін сызба бойынша орындау, сауатты жазу қабілетін дамыту.

6-тапсырма. Сергітуді барлық оқушылармен бірнеше рет қайталап орындау.
VI. Сабақты бекіту.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

47-бет, 6-тапсырма. Сергітуді жаттау.


2 «А» 13.11.2014 ж. 2«Б» 13.11.2014 ж. 2«В» 13.11.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Біздің жануарларымыз.

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың сөздік қорын оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым

әрекеттері арқылы қалыптастыру.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.



Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, жаңа сөздер, сандар жазылған парақтар,.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

жақсы көремін – люблю біздің наш ( -а, -е ) сауды доил ()

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс жасау, оқушылардың сөздік қорларын бақылау.

Бұл – біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой бар. Менің күшігім мен мысығым бар. Күшіктің аты – Тарзан. Мысықтың аты – Барсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.

2- тапсырма. 2-тапсырмада берілген ережемен жұмыс жасау. Әр оқушыға оқыту.

3- тапсырма. Тапсырмада берілген өлең бойынша мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.
4-тапсырма. Жазылым әрекетін жеке тапсырма ретінде орындату.Айтылым әрекеті және сұрақ-жауап жасап, тапсырманы бекіту.

Мен ауылға машинамен бардым. Атамның тракторы бар. Әжем сиыр сауды. Мен құлынға су бердім.

5-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген «Сандарды сөйлет» тапсырмасын орындау. Тапсырманы жазылым әрекетімен аяқтау.

Он бұзау, бес құлын, жеті қозы, жиырма бес лақ, он екі сиыр.
VI. Сабақты бекіту.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

49-бет, 6-тапсырма. Жазбаша орындау.


2 «А» 17.11.2014 ж. 2«Б» 17.11.2014 ж. 2«В» 17.11.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің күшігім.

Сабақтың мақсаты:1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде

қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Төмен деңгейдегі оқушыларды жоғары деңгейге көтеру мақсатында

жұмыс жасау, есте сақтау,байланыстырып сөйлеу дағдыларын

дамыту. Сөздік қорларын дамыту.

3. Үй жануарларына қамқорлық жасауға баулу.



Сабақтың көрнекілігі: Күшіктің суреті, жаңа сөздер жазылған парақтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІІ. Сөздік жұмысы.

ойнайды – играет тамақ жейді ест, кушает ұйықтайды спит

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс ұйымдастыру, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген сөйлемдермен тілдесім әрекетін жандандыру.Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.

3-тапсырма. Ит туралы жұмбақты оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерімен ұйымдастырып, сурет салу жарысымен аяқтау.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.
4-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындау. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

5-тапсырма. Күшік сөзіне берілген тапсырманы түрлендіріп орындау.

6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жұмыс.
VI. Сабақты бекіту.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

50-бет, 3-тапсырма. Жұмбақты жаттау.



2 «А» 20.11.2014 ж. 2«Б» 20.11.2014 ж. 2«В» 20.11.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің мысығым.

Сабақтың мақсаты:1. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын молайту. Оқылым,

тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.

2. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 3. Үй жануарларына қамқорлық жасауға баулу, саналы білім алуға, өз

бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Мысықтың суреті, жаңа сөздер жазылған парақтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІІ.Сабақтың мақсатын хабарлау.

Сөздік жұмысы.

ол – он, она тышқан мышь бар есть жоқ - нет

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады.Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып, аудармасын жазады, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс ұйымдастыру, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Өз мысығы бар оқушыларға өздік жұмыс беру.

2- тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген мысалмен жұмыс өткізіп, әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.

3- тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген жаңылтпашпен жұмыс.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.
4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, жазылым әрекетін іске асыру.

5-тапсырма. Жазылымға берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

6-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген сөйлем арқылы өздік жұмыс тапсыру.

7-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақ бойынша жұмыс.
VI. Сабақты бекіту.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

Өз мысықтары туралы әңгімелеу.



2 «А» 24.11.2014 ж. 2«Б» 24.11.2014 ж. 2«В» 24.11.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - кітап оқу.

Сабақтың мақсаты:1. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі

түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Тақырып бойынша сөздік қорларын қалыптастырып, байланыстырып

сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды саналы еңбекке баулу, және өз бетімен кітап оқуға

үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кішкентай кітапшалар, жаңа сөздер жазылған парақтар,

деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ, сызба.



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.

«Үй жануарлары» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешу.



ІV.Сабақтың мақсатын хабарлау.

V.Сөздік жұмысы.

сүйікті ісім – любимое дело кітапхана – библиотека Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  1. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  3. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.

VI.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тыңдалым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру.

2- тапсырма. Тақырып бойынша берілген мақалды түсіндіріп, жаттап келуді тапсыру.

3-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөйлем құруды үйрету мақсатында берілген тапсырмамен жеке жұмыс жасау.

1. Кітап.

2. Кітап алдым.

3. Мен кітап алдым.

Сергіту сәті.

Бала, бала, баламыз,

Орнымыздан тұрамыз.

Жоғары қолды көтеріп,

Алақанды ұрамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Денені жазып аламыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

4-тапсырма. Кітапханада болатын әңгімеге арналған сұрақ-жауаппен жұмыс жасау. Тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау.

5-тапсырма. Қарындаштар туралы ертегіні мұғалімнің көмегімен оқу. Тақырып бойынша сурет салдыру.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

54-бет, 1-тапсырма. Мақалды жаттау.


2 «А» 27.11.2014 ж. 2«Б» 27.11.2014 ж. 2«В» 27.11.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім- спорт. Диктант «Спорт».

Сабақтың мақсаты:1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде

қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сауатты жазу,

мінерлеп оқу дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын байыту.

3. Оқушыларды саналы еңбекке баулу, және салауатты өмір салтына

үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: спорттық ойындар суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар,

сызба.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

ойыншы – игрок қақпашы – вратарь үйірме – кружок пайдалы- полезно

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.

V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тыңдалым әрекетіне берілген өлеңмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру.

2- тапсырма. 2-тапсырмада берілген мәтін бойынша оқылым әрекетін жүзеге асыру.

3- тапсырма. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатында сызба бойынша сөйлем құру.

боксты



Мен футболды жақсы көремін.

хоккейді

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

4-тапсырма. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында доп туралы өлеңді оқу.

5-тапсырма. Берілген диалог арқылы сөйлесім әрекетін іске асыру.

VІ. Диктант.


  1. Диктантты оқып, түсініктерін айту.

  2. Қиын сөздермен жұмыс

  3. Диктантты жазу.

«Спорт»

Менің сүйікті ісім-спорт. Мен футбол, хоккей ойнағанды ұнатамын. Менің досым Арман боксты жақсы көреді. Ол бокс үйірмесіне барады. Спорт өте пайдалы. (22 сөз)

Тапсырмалар.

  1. Сүйікті, ұнатамын, үйірмесіне, пайдалы сөздерінің дауысты дыбыстарын ажырат.


VII. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

57-бет, 4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.



2 «А» 01.12.2014 ж. 2«Б» 01.12.2014 ж. 2«В» 01.12.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Менің сүйікті ісім- компьютер ойнау.

Сабақтың мақсаты:1. Диктантта жіберген қателер бойынша жұмыс жүргізу.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы

сөздік қорын жүйелі қалыптастыру.

2. Тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сөздік қорларын байыту.

3. Оқушыларды компьютер үйренуге және өз бетімен жұмыс жасауға

баулу.


Сабақтың көрнекілігі: Компьютердің суреті, жаңа сөздер жазылған парақтар,
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Ұнайды-нравится, жаңа-новый, пернетақта-клавиатура, тінтуір-мышка, ойын-игра.

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Танымдық қабілетке берілген тапсырмамен жұмыс жасау. Тақырып бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру.

монитор

процессор

Компьютерде бар.



пернетақта

тінтуір

2-тапсырма. Оқылымға берілген диалогпен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру.

3- тапсырма. Тақырып бойынша берілген сұрақ-жауаппен жұмыс жүргізу. Оқушыларды тілдесімге шақыру.

Бұл кім? Ол не істер отыр? Бұл – менің құрбым. Ол компьютермен ойнап отыр.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.

4-тапсырма. Компьютер туралы айту дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырманы орындау. Әр оқушымен жеке жұмыс жасау.

Бұл – компьютер. Бұл – менің компьютерім. Бұл – менің жаңа компьютерім.

5-тапсырма. Оқылымға берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру. Тілдесім әрекетін жандандыру.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

59-бет, 5-тапсырма, мәтінді оқу.


2 «А» 04.12.2014 ж. 2«Б» 04.12.2014 ж. 2«В» 04.12.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім- гүл өсіру.

Сабақтың мақсаты:1. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын қалыптастыруды

жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін

жүйелі түрде қолдану

2. Тақырып бойынша саналы түрде байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп

оқу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды табиғатты сүюге баулу, үй өсімдіктерін баптап күту

туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу.



Сабақтың көрнекілігі: Үй өсімдіктері туралы кітап, гүлдердің суреттері, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

гүл – цветок аулада – во дворе өсіру – растить суару – поливать

  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Окушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау мақсатында әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданып тапсырманы орындау.

2- тапсырма. Танымдық білім қалыптастыру мақсатында сурет бойынша жұмыс жасау. Бейнелеу өнерімен жалғастыру. (Үй өсімдіктері туралы кітап бойынша кейбір өсімдіктермен таныстыру)

қызғалдақ (тюльпан)

раушан (роза)

Гүлдер

қалампыр (гвоздика)

түймедақ (ромашка)

3- тапсырма. Оқылымға берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жүйелі түрде жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру. Сурет бойынша да әңгіме өткізу.

Сергіту сәті.

4-тапсырма. К. Сауғабаевтың «Су құям гүлге» атты өлеңі бойынша мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

5-тапсырма. Тақырып бойынша берілген сұрақ-жауаппен жұптық жұмыс ұйымдастыру.

6-тапсырма. Сөйлем құрап үйренуге берілген үлгімен жаңа сөйлемдер жасату.

  1. Гүл.

  2. Гүл ектім.

  3. Мен гүл ектім.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

61-бет, 4-тапсырма, өлеңді жаттау.



2 «А» 08.12.2014 ж. 2«Б» 08.12.2014 ж. 2«В» 08.12.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім- ән айту.

Сабақтың мақсаты:1. Өтіліп отырған тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын

қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін

жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Төмен деңгейдегі

оқушыларды жоғары деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жасау,

есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды өнерді сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

Ән-песня ән айту-петь олар-они


  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау мақсатында әр түрлі әдіс тәсілдер қолданып тапсырманы орындау.

2-тапсырма. Сурет бойынша таным қалыптастырып, оқушыларды тілдесімге шақыру.

Ол ән айтты. Ол би биледі. Ол ән тыңдады.

3-тапсырма. Тақырып бойынша берілген жұмбақпен жұмыс жасау.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

4-тапсырма. Оқушыларды ән айтуға үйрету мақсатында берілген «Біз бақытты баламыз» атты өлеңмен жұмыс жасау.

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйренуге берілген үлгімен жаңа сөйлемдер жасату.


  1. Ән.

  2. Ән айтты.

  3. Ол ән айтты.

  4. Ол әдемі ән айтты.

VI. Сабақты қорытындылау.

«Аудармашы» ойыны.

Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөзді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп аудармасын жазады.

VII.Оқушылардың білімін бағалау.

VIII.Үй тапсырмасын беру.

64-бет, 4-тапсырма, өлеңді жаттау.



2 «А» 11.12.2014 ж. 2«Б» 11.12.2014 ж. 2«В» 11.12.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім- сурет салу.

Сабақтың мақсаты:1. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын қалыптастыру.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін

жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте

сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3. Оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу баулу, өз бетімен жұмыс

жасауға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған парақтар.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІV.Сөздік жұмысы.

бояу-краска қылқалам-кисточка сурет-картина сурет салу-рисовать.


  1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

  2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.

  3. Оқушылар жаңа сөздерді топпен айтып шығады.

  4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.


V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау мақсатында әр түрлі әдіс тәсілдер қолданып тапсырманы орындау.

2-тапсырма. Тақырып бойынша үлгімен берілген сөйлемдермен жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек жасау.

  1. Бояу. 1. Қарындаш.

  2. Қызыл бояу. 2. Қарындашым бар.

  3. Әдемі қызыл бояу. 3. Менің қарындашым бар.

3-тапсырма. Оқылымға берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жүйелі түрде жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру.


Каталог: uploads -> doc -> 0336
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0336 -> Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным
0336 -> Сабақтыңтақырыбы: «Менің сүйікті тағамым. Табыс септік»
0336 -> Сабақ Пәні: «Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері»
0336 -> Сабақ Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Біржан сал Абай ауылында ( «Абай жолы» роман- эпопеясынан үзінді) Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Жабагиева Енлик Жалгасовна 2012 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет