Сабақтың тақырыбы: Мереке Мақсаты: Мәтін мазмұныны оның идеясын талдау арқылы анықтау



бет3/4
Дата08.09.2017
өлшемі333,82 Kb.
#31182
түріСабақ
1   2   3   4

Үй тасырмасын сұрағанда «Кубизм» стратегиясын қолдандым.Мұнда да оқушылар өте үлкен қызығушылықпен қатысты.Қызығушылығын ояту кезінде «Қиюын тап» деген ойын ойнадық өте қызықты болды.Мақалдың ұйқасын тапты.Кемшілігі топта көп бірін- бірі тыңдамады. Бірақ жаңа сабақты оқып, талдап өз ойларын ашық, нақты жеткізді. Ойтолғаныс кезінде почта жәшігін қолданып Шимайбекке хат жаздыртып салдырттым.Оқушылар шынымен беріліп хатты жазып салды.

Тізбектелген екінші сабағымда , оқыту барысында қойылған мақсатыма жеттім. Сабақ барысында бірінші сабаққа қарағанда кедергі азырақ болды. Тәсілдерді оқытуда қолдану өз тимділігін көрсетті. Сабақ толғымен оқып талданды. Оқушылар тақырыпты толық игерді. Сабақ туралы ойларын ашық диалог арқылы жеткізді.

Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,87-бет).Әр топта көшбасшы оқушылар суырылып,алға шығып,топтық жұмыстарды орындауға басшылық жасап,әлсіздерге көмектесіп отырды.Топтағы тапсырмаларды тез орындауға,басқалардан қалып қоймауға тырысып,жұмысты жандандыруға көп көмегін тигізді.Міне,сабақтың сәттілігі-осында.Атап айтатын болсам Ардақ,Қарақат,Айым,Бекарыс,Назым,Айшуақ өздерінің белсенділіктерін тағы бір айқындап берді.Өйткені,бесеуі де бұрыннан белсенді оқушылар еді,ал бүгінгі сабақта олар тобындағы балаларды алға қарай тартып,барлық тапсырмаларды орындау барысында көзге түсті. Осы сабақтың нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары,белсенділіктері артып,ойлауы дамып,өзіне деген сенімділігі жоғарылағанын байқадым.Сондай-ақ оқушылардың білім сапасы артып,өз бетімен ізденушілік қабілеттері дами бастағанын пайымдадым.Сабақты өту кезінде жеткен жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.Мұғалім өмір бойы ізденіс үстінде болады.Ол өзінің кәсібіне салғырттықпен қарамау керек.Қазіргі технологиясы жақсы дамыған заман талабы осындай.Қазіргі оқушылар көп кітап оқымайды,керісінше компьютермен «достасқан»,ешкіммен тілдік қарым-қатынасқа түспейді.Сөйтіп сабағы нашарлап,дүниетанымы дамымай қалады. Міне,менің екінші сабағымда алған әсерім мен жетістігім осындай.

Тізбектелген үшінші сабақ


Сабақтың тақырыбы:Сауысқан мен көкек

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіне отырып,идеясын ашады. 

Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарту емес,сонымен бірге осы идеяларды өңдеу және оларды әрі қарай дамыту болып табылады.HertsCam-да (Хертс Кэм).[нұсқаулық, 89 бет]

Тізбектелген үшінші сабағымда, өткізілген алдыңғы екі сабақта жіберлген жетіспеушіліктермен кемшілктерді жойып , артықшылықтарын жетілдіре қолдандым. Сабақ жоспарлауда толық жеті модельді қолдандым. Курсте алған тәжрибеммен, нұсқаулықтаналған білімме сүйендім. Оқушыларды төрт топқа бөлдім, тақырыпқа байланысты құстардың суреттерімен .Топқа бөлінуде алдыңғы екі сабаққа қарағанда қиналған жоқ.Үй тапсырмасын сұрағанда «Ыстық» орындық тәсілін қолдандым оқушылар жылдам жауап берді. Қызғыушылғын ояту үшін жұмбақ шешу арқылы нақты тақырыпты ашып алдық.Сол тақырыптағы құстар жайлы қосымша мәлімет бердім.Мағынаны тану жаңа сабақты бастамас ББҮ кестесін қолдандым оқушылар белсенді жауап берді. Топпен, жұппен,өз ойларын ортаға салғанда өздерін жақсы көрсетті. Сергіту сәтіне бейнебаян көрсетіп, оқушыларды шабыттандырып сабаққа деген құлшыныстары оянды. Ой толғаныс кезеңінде әр топтан «Микрофон» әдісімен топ арасында сабақтан алған әсерлері туралы бір біріне айтып шықты.Топ ішінде өз –өздерін бағалау тәсілін қолдандым.Сабақ барысында рефелексия әдісін қолдандым әрі онда жазған ойларын жеккелей оқып талданды.



Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).[нұсқаулық, 49 бет] Осы сабақта жалпы қойлған мақсатыма жеттім. Мен өз сабақтармда жеті модельді қолдана отырып, қызықты әрі түсінікті, толық қамтылған, барлық оқушы өз деңгейлерінде меңгерген, нақты мақсаты айқын білім берудің жетістігіне жеттім. Әсіресе жаңа тақырыпты ашу,қызығушылықты ояту, диалогтық оқыту, топпен жұсыс жасау,ойтолғаныс өте тимді болды. Уақттың үнемдігімен, тақырыпты ашу, толық мәтінің талдануы нәтижелі болды.

Топпен жұмыс кезі Көкек пен сауысқанның табиғатқа, Көкекке ұқсас адамдарға мысал келтіру


Каталог: uploads -> doc -> 0537
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0537 -> Сабақ тақырыбы: «Қазақ хандығЫ ҚҰрылуының алғышарттары»
0537 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Арал тағдыры»
0537 -> Сабақ жоспары №1 Сынып: 7 «Ә» Күні: 15. 10. 2015 Пән: Тарих


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет