Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Арал тағдыры»



Дата01.05.2017
өлшемі148,79 Kb.
түріСабақ




Тақырыбы:

«Арал тағдыры»

8 сынып
География пәнінің мұғалімі:

Магнаев Б.Ж

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Арал тағдыры»

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай?

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс әстей бәлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды суды ластамауға, ысырапсыз пайдаланбауға, табиғаиын сүюге,моны қорғай бәлуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электрондық оқулық, Қазақстанның географиялық картасы, бейнетаспа.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, информатика.
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, кезекшінің рапорты.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

Сонымен оқушылар біз өткен сабақта таңғажайып Ананың кең байтақ даламызға тамаша тартуы деп танылған Арал теңізімен толық таңысқан едік.Ал, енді бүгінгі сабағымызда Арал теңізімен әрі қарай таңысамыз.

Әрі қарай сабақтың мақсаты айтылады.
2. Үй жұмысын тексеру:

1) Арал теңізінің географиялық орны;

2) Арал теңізінің ауданы;(66 мың км2, 18,24 мың км2). Соңғы рет тағдырлы Арал теңізі 1960 жылы кемерінен асып буырқанған екен, содан беріде түбі тесік шелектей тартыла берген. Өкінішке орай бұл процесс бүгінгі күнге дейін жалғасуда)

3)Арал теңізінің тереңдігі;( орташа тереңдігі 16,1 м, ең терең жері 67м).Слайд: Ермеков Дастан «Арал теңізі» .Видео «Море по колено» 4 мин: 44 с

4) Температурасы (Жазда жылы, қыста суық, бірақ алты ай қыста қар жаумайды, тек өңменнен өтер қара суық болады. Бір қызығы, көктем дейсіз бе, күзге ұқсатасыз ба, әйтеуір қыс деуге келмейтін ауа райын байқауға болады. Сондықтан, көк теңізге кіндігімен байланған жұрт, «Казгидрометтің» ауа райын болжаған мәліметіне оншалықты ден қоймайды)

5) Оқушылар Арал теңізінің бүгіні мен өткенін салыстырайық. Жалпы Сыр сүлейлері, яғни ақсақалдары шағала ұшып қаз қонған, балығы мол, қызығы көп жылдарды күні кешегідей көз алдына елестетіп отырып айтады. Көкірегі қарс айырылып, жүрегімен жырлап айтады, көзіне жас алып жылап айтады.

Оны мына өлен шумақтарынан байқауға болады:

Ұлы теңіз – саған да, маған да Ана,

Сөз қалдырған осындай бабам дана.

Бәрі қашты...алысып апатыңмен,

Адам қалды аралда, адам ғана.
Сондай – ақ:

Дүние деген бұйым емес,



Мейлі әлі де біреуді желіктірісн.

Тартылуы теңіздің қиын емес,

Аралды көріп тұрсың.

Арал қашып сағындырды,

Оны іздеп келеді сағым мұңы.

Сортаң жердің даласын дауыл жұлқып,

Өртейді күн аптабы шағыл құмды.

Арал кеуіп кетпесін ... Арал кеуіп,

Марал кеміп кетпесін, марал кеміп.

Арал теңізінің бұрынғы және қазіргі бейнесін көрсету (бейнетаспа арқылы). Видео «Арал. Потерянное море»



Арал теңізінің қайта орнына келетіне кәміл сенеміз. Сондай – ақ Арал теңізінің толқыны тулап, құстары шулап жатқанын көре аламыз деген ойдамын.

Арал теңізін сақтап қалудың жолдары.
1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5.Жер асы суларын пайдалану.

6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми жұмыстар жасалуда. «Арал-тағдыры-адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.



Келесі кезең «Сиқырлы сандықша» деп аталады.

Бағалау .

Үйге тапсырма беру: «Аралдың болашағын қалай көремін?» тақырыбына шығарма жазып келу .

(2-3 оқушы өткен сабақ бойынша мәлімет береді).



  1. Қайталау сабақ

Сонымен, бүгінгі сабағымызда біз мына сүрақтарға жауап береміз:

  1. Арал теңізі неге тартылды??? және ол қашан толады???

  2. Арал теңізінің толқыны тулап, құстары шулап жатқанын көре аламыз ба???

Сабақ 2 этаптан тұрады.

1 - этапта оқушылар лексикалық тақырыппен жұмыс істейді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының модельдерін қолдану .

1 - тапсырма.

Оқушылар Арал теңізінің бүгіні мен өткенін салыстырады. Жұмысты аяқтағаннан кейін екі оқушы презентацияға шығады .

Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды .



1 - топ Аралдың бақытты шағы .

2 - топ Жанарына мұң тұңған Арал. Презентациядан кейін теледидардан Арал теңізі көрсетіледі.

2 - топқа Арал теңізінің бұрынғы және қазіргі бейнесін көрсету (бейнетаспа арқылы)

2- тапсырма .

Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс істейді.

Сұрақтар : 1- топ Экологтар не деп дабыл қағады?

2 -топ Ғалымдар қандай ұсыныс жасайды?

3 -топ Үкімет не дейді ?
Пресс конференция

3 – тапсырма

Дискуссиондық карта толтыру. Аралды қалпына келтіруге бола ма ?



Иә Жоқ

Оқушылар тапсырма бойынша өз ойларын білдіреді. Бір оқушы өлең оқиды «Қорғау деген Аралды» Кәкімбек Салықов .

Орындайтын: Симашева Анжела

Бағалау .

Үйге тапсырма беру: «Аралдың болашағын қалай көремін?» тақырыбына шығарма жазып келу .

Сабақтың 2 - этабы

а) Граматикалық тапсырмалар.

Оқушылар компьютерге отырып, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды.



Тақырып: Сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдер және олардың түрлері 2-3 оқушы ереже айтады.

Тапсырма

  1. Арал кеуіп бара жатыр және өте үлкен мәселе көтеріп отыр.

  2. Кезінде Арал үлкен, керемет теңіз болған, бірақ қазір ол қиын жағдайда.

  3. Аралды қайтадан толтыруға болады, яғни оған өте көп қаржы керек.

  4. Экологтар Аралдың шетінде тұратын адамдардың денсаулықтарына алаңдап отыр, өйткені тұз адам денсаулығына көп зиян келтіреді.

  5. Аралдан өте көп тұз көтеріліп жатыр, сонымен қатар әлемге қауіп тудырып отыр

ә) Сабақты қорыту: Компьютердегі берілген тест сұрақтарына жауап беру .

Оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0537
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0537 -> Сабақ тақырыбы: «Қазақ хандығЫ ҚҰрылуының алғышарттары»
0537 -> Сабақ жоспары №1 Сынып: 7 «Ә» Күні: 15. 10. 2015 Пән: Тарих
0537 -> Сабақтың тақырыбы: Мереке Мақсаты: Мәтін мазмұныны оның идеясын талдау арқылы анықтау


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет