Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар»



бет1/4
Дата30.01.2017
өлшемі443,26 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4
Пән: Әдебиет

Пән мұғалімі: Кетикова Ж.Т.

Сынып: 5

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгіменің мазмұнын меңгеру; тақырыбы мен идеясын ашу, бала Абайдың бейнесін таныту. М.Әуезов, Абай жайлы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: оқушыларды өзіндік ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге жетелеу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, өнерді бағалауға, қонақжайлылыққа, үлкенді, ата-ананы сыйлауға баулу.

Міндеттері:

  • Оқушылар мәтінмен таныса отырып сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады.

  • Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға , пікір алмасуға дағдыланады.

  • Оқушылардың сөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сын тұрғысынан білдіруге дағдыланады.

Әдіс-тәсілі: "Сиқырлы гүл" ойсергегі, «Сұрақтар иерархиясы» кластері, микромінездеме, сахналау, сұрақ-жауап, "Қоржын", т.б.

Көрнекіліктер: кітаптар көрмесі, интербелсенді тақта, флипчарт (АctivInspire),карточкалар, суреттер, бағалау парағы, бейнежазба, қосымша әдебиеттер, ұлттық киімдер, домбыра.

Сілтеме (деректер): Оқулық – Әдебиет 5сынып, Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай, Алматы, «Атамұра», 2015.Түсіндірмелі сөздік

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.

Күтілетін нәтиже: М.Әуезовтің "Ақын қонақтар" әңгімесін толық меңгеру арқылы оқушылардың білімдері кеңейіп, функционалдық оқу сауаттылығы дамиды.


Сабақтың барысы:



Деңгейлер


Уақыт



Модуль


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

«Сиқырлы гүл» ойсергегі

Оқушылармен амандасу:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сиқырлы гүл» ойсергегін өткізу.

- Сәлеметсіз бе!


Ойсергектің ережелері:

Оқушылар шеңбер құрып, әр оқушы өзінің көршісіне жақсы тілектер айтып, гүлді тарту етеді.








1 мин

Топқа бөлу

«Құрақ құрау» әдісі



Сурет қиындылары таратылады.

Топ ережесі, бағалау парағы таратылады



Оқушылар сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлінеді.

І топ –

ІІ топ -

Топ басшысын, топ мүшелерін (спикер, тайм-кипер, хатшы, сыншы, бақылаушы) сайлайды.







Үй тапсырмасын тексеру

4 мин

"Сұрақтар иерархиясы"

Класстер толтыру

Көрме



Үй тапсырмасын тексеру мақсатымен оқушыларға

М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қойылады, «Сұрақтар иерархиясы» кластері толтырылады . Мұғалім оқушыларды қосымша әдебиеттермен, көрмемен таныстырады.



Оқушылар « М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына үйден жазып келген қосымша мәліметтері бойынша кластер толтырады.



Мұғалім смайликпен бағалайды




I деңгей – Білу.



3 мин

Бейнежазба


Тақырыпқа шығу мақсатында деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?



Оқушылар не түсінгенін, сабақтың тақырыбы қандай екені туралы өз ойларын ортаға салады.
скрин
- М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Оқушылар сабақтың мақсатын белгілейді.






II деңгей – Түсіну.

6 мин

Талдау әдісі

«Микромінездеме-Дәйексөз»



Әңгіме мәтіні бойынша тапсырма беру.

Оқушылар әр топқа берілген тапсырманы топта талдайды.

1 топ – Әңгіменің композициялық құрылымын талдау

2 топ – Негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру (карточка)


Кейіпкер

Микромінездеме

Дәйексөз


абай






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет