Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің



Дата19.12.2016
өлшемі104,8 Kb.
#4183
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Сабақтың мақсаты:

а) әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;

ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуға,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

б) табиғатты қорғауға, аялап ,баптап күтуге,сұлулықты сезіне білуге,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б

Сабақтыңбарысы а) Ұйымдастыру кезеңі:

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ой қозғау.

Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше ,мына сөйлемге назар аударамыз .

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,т албесігі.Адам-табиғаттың перзенті.

Қоршаған орта

Табиғат

Х алық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.



  1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.

  2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.

  3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

  4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

  5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.

( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)

Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)

Біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.


Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі

Қасқыр

Адам

ойлайды қомағай

Толғаныс. Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал.
1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.


Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.

  1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.

  2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

  3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.

  4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің бас кейіпкерлерінің бірі Көксеректің монологын жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты

Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына бойлау.

М.Әезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау;

Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту;

Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу;



Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың өту әдісі: СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап, талдау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, көксерек кинофильмінен үзінді, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі оқу, мазмұндау.

1. Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою.

1. Кішкене Көксерек

2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы.

3. Ауыл адамдарының наразылығы

4. Ауыл иттерінің бөтенсуі

5. Ұрлық6. Ашқарақ Көксерек

4-оқушыға әңгімелету


  1. Көксеректі суретте.

  2. Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.

2. Салыстыр.

Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?

Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.

Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.

3. Қолданыңыз.

Көксерек туралы ел не дейді?

Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры

асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?

( Шығармашылық жұмыс)

Мәтін желісіне қарай сұрақтар

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

2. Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады дегенді қалай түсінесің?

3. М.Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едің?

Ой қозғау.

Қай жазушылардың шығармаларын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.

- Ендеше, мына сөзге назар аударыңдаршы?

- Табиғат дегеніміз не, қалай түсінесіңдер

Табиғат


қоршаған орта халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

- Олай болса кеше ғана оқып танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек және оның иесі ( Құрмаш) олардың іс-әрекеті турасында әңгіме өрбімек.

Сұхбат алу.

1. Көксерек фильмін көрдің бе?

2. Қай жері сіздің есіңізде қалды?

3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз?

Көксерек фильмінен үзінді көру.

1-бөлім: Қасқырлар мекені

2-бөлім: Адамдар қиянаты

3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш

4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш

5-бөлім: Айқас

6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр



Сұрақтар.

1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады?

2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар?

3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды)

Топтау ( сәйкестендіру кестесі)

Кейіпкерлер Тән қасиеттер

Адам саналы

Қасқыр санасыз

ойлайды

еңбектенеді



жыртқыш

қомағай


Шығармашылық жұмыс

1. Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту

2. Қасқыр туралы қысқаша мәлімет

3. Қасқыр туралы 5 жолды өлең құрастыр



Сабақты бекіту.

Әңгімені тізбектей оқу.



Бекіту сұрақтары:

1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж)

2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы)

3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр)

4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа)

5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр)



Қорытынды.

Әуезовтен жетті бізге көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.

Шуылдасып ауылдың көп иттері,

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.

Жасалған қорытынды. ( пікір алысу)

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық.

Жер бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Оқу, талдау. Адам және табиғат эссе жазу

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты

Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына бойлау.  М.Әезовтың  «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау;  Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту;  Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу

Сабақтың түрі: Қайталау сабағыСабақтың өту әдісі: СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап, талдау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, көксерек кинофильмінен үзінді, интерактивті тақтаПәнаралық байланыс:бейнелеу өнеріСабақ барысы:          

Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың назарын сабаққа аударуҮй тапсырмасын сұрауҮйге Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі оқу, мазмұндау.1. Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою.1. Кішкене Көксерек2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы.3. Ауыл адамдарының наразылығы4. Ауыл иттерінің бөтенсуі5. Ұрлық6. Ашқарақ Көксерек4-оқушыға әңгімелету1. Көксеректі суретте.Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жапасыл.

2. Салыстыр.

Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?

Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.

Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.

3. Қолданыңыз.

          Көксерек туралы ел не дейді?

          Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры   

         асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?

         ( Шығармашылық жұмыс)

         Мәтін желісіне қарай сұрақтар

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

2. Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады дегенді қалай түсінесің?

3. М.Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едің?

Ой қозғау.

Қай жазушылардың шығармаларын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.

- Ендеше, мына сөзге назар аударыңдаршы?

- Табиғат дегеніміз не, қалай түсінесіңдер

    Табиғат

қоршаған орта                               халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

- Олай болса кеше ғана оқып танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек және оның иесі ( Құрмаш) олардың іс-әрекеті турасында әңгіме өрбімек.

Сұхбат алу.

1. Көксерек фильмін көрдің бе?

2. Қай жері сіздің есіңізде қалды?

3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз?

Көксерек фильмінен үзінді көру.

1-бөлім: Қасқырлар мекені

2-бөлім: Адамдар қиянаты

3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш

4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш

5-бөлім: Айқас

6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр

Сұрақтар.

1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады?

2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар?

3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды)

Топтау ( сәйкестендіру кестесі)

Кейіпкерлер                                                 Тән қасиеттер

Адам                                                              саналы

Қасқыр                                                          санасыз

                                                                       ойлайды

                                                                       еңбектенеді

                                                                       жыртқыш

                                                                       қомағай

. ( пікір алысу)



Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

 
Каталог: uploads -> doc -> 0355
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0355 -> «Нағарашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0355 -> Сабақ "Сырлы бояу"
0355 -> Қазанбай Ғалия Аударма- халықпен халықты,тілмен тілді,әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет