Сабақтың тақырыбы: Micrоsoft Word 2013 та құжаттарды құру және форматтау. Қатысқандар: Қатыспағандар саны



бет3/4
Дата21.11.2019
өлшемі1,07 Mb.
#52238
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
word құжаттарды құру және форматтау
5 сабақ. Жиынтықты орындау. Киім бөлшектерін пішу. Жеке бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру және өңдеу. Бұйымды сәндеу

Құжатты сақтау. Құрылған құжатты сақтау үшін атау жолындағы Сақтау батырмасын шерту немесе "Office" белгішесінен "Сақтау" командасын таңдауға болады. Екі жағдайда да Сақтаудың сұхбат терезесі ашылады (5.5-сурет). Word үнсіз келісім бойынша менiң құжаттарым бумасында Doc1 аты бар файлмен сақтауға ұсынады және файлға кеңейтуін тағайындайды: docx кеңейтудi алатын (макростарды қолдамайды) Word құжаты. Файлдардың жаңа пішімін қолдануы керек (*.docx), өйткенi бұл пішім файлдың өлшемiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi және мұндай файлдарды вируспен жұқтыруға ұшырмайды.




5.5 - сурет. Құжатты сақтаудың сұхбат терезесі
Сақтаудың сұхбат терезесінде қолданушы өз бетімен файлдың түрін, файлдың атын және құжатты сақтау бумасын таңдай алады.

Құжатты баспаға шығару. Word 2013 құжатты баспаға шығару үшін Office/Баспа командасы арқылы орындалады. Бұл команданы орындағаннан кейін "Құжатты алдын ала көру және баспаға шығару" мәзірі пайда болады (5.6-сурет).

5.6 - сурет. Баспаның сұхбат терезесі
Құжатты баспаға шығарудан бұрын оны тексеріп алу қажет. Беттің парағының өрістерін және бағытын тексеру жөн. Үнсіз келісім бойынша редактордың құжатының пішімі А4 пішіміне сәйкес және оның бағыты – кітапша түрінде беріледі. Ол үшін "Бетті белгілеу" қыстырмасында "Беттің параметрлері" сұхбат терезесінде қажетті қасиеттерді өзгертіп және тексерген жөн (5.7-сурет).


5.7 - сурет. Беттің параметрлерін орнату
Құжатты баспаға қай түрде шығуын көру үшін Алдын ала көру тәртібі қолданылады. Оны іске қосу үшін Office/Баспа/Алдын ала көру командасын орындау қажет. Алдын ала көру қыстырмасының терезесі ашылады (5.8-сурет).


5.8 - сурет. Алдын ала көру қыстырмасы


Алдын ала көру тәртібі көмегімен топтардың қажет батырмаларына шертіп бірнеше командаларды орындауға болады: Баспа, беттердің параметрлері, Масштаб және Көру. Алдын алу көру тәртібінен шығу үшін "Алдын ала көру терезесін жабу" батырмасын басу қажет.

Құжатты баспаға шығару. Егер құжатты баспаға шығарудан бұрын оған өзгерістер енгізу керек болса, онда Office/Баспа командасын орындаймыз. Баспаның сұхбат терезесі пайда болады, онда принтердің қажет түрін, нешінші бет, неше көшірме және т.б. өзгерістерді таңдап құжатты баспадан шығаруға болады (5.9-сурет).




5.9 - сурет. Баспа терезесі
Егер Қасиеттер батырмасын шертіп, Принтердің сұхбат терезесі ашылады (5.10-сурет).


5.10 - сурет. Принтердің қасиеттер терезесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет