PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі құралдары. PhotoShop терезесі. ТҮс палитралары



бет1/6
Дата31.07.2020
өлшемі0,77 Mb.
#75853
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PhotoShop графикалық редакторы
ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, 1 лекция, жаңа дәріс

PhotoShop графикалық редакторы. Негізгі құралдары.
1.PhotoShop терезесі.

2.ТҮс палитралары.

3.Құралдар панелі мен атрибуттар панелі.

4.Белгілеу құралдары.

  1. 5. Сурет салу құралдары.


11.1.PhotoShop терезесі.
Редакторды іске қосқаннан кейін монитор экранында PhotoShop-тың негізгі терезесі пайда болады. (1-сурет). Осы терезе бағдарлама интерфейсінің бірінші элементі болып табылады. Бұнда дизайнерлер мен суретшілер үшін қажетті құралдардың бәрі бар.
Бағдарлама ашылғанда басқа қосымша бағдарламалар сияқты автоматты түрде жаңа құжат құрылмайды, себебі PhotoShop негізінде бейнелерді құру үшін емес, оларды өңдеу үшін қолданылады.


1-сурет. Photoshop редакторының негізгі терезесі.


Мәзір қатарында редактордың көптеген мүмкіндіктерін орындайтын командалар бар: тақырып қатары, қалып-күй қатары, мәзір т.с.с. Стандартты элементтердің қысқаша сипаттамасы:
Тақырып қатары. Бағдарламаның атауы мен белгісін көрсетеді, яғни Adobe PhotoShop. Қатардың оң жағындағы батырмалар бүктеу-толық ашу, өлшемін өзгерту және бағдарлама терезесін жабу үшін қолданылады.

Жүйелік мәзір. Бағдарлама атауы қасындағы бағдарлама белгісіне тышқан көрсеткішіне апарып шерткенде ашылады. Онда: қайта қалпына келтіру, жылжыту, жабу және өлшемін өзгерту сияқты тереземен жұмыс істейтін командалар бар. Жүйелік мәзір командалары операциялық жүйе меншігі, сондықтан да олардың тілі графикалық редактор тілінен өзгеше болуы мүмкін.

Қалып-күй қатары (терезенің төменгі шекаарасының бойында орналасқан). Ашылған құжат, жұмыс дискілері, ағымдағы құрал туралы ақпараттарды көрсетеді. Егер бағдарламада ашылған құжат жоқ болса, қалып-күй қатарында ақпарат та жоқ болады.

Мәзір. Бейнелермен құжаттарды басқару үшін, орындайтын функцияларына сәйкес біріктірілген командалар тобы. Бас мәзір командаларының жеке төгілмелі мәзірі болуы мүмкін.

Негізгі командалар топтарын қарастырайық.

File (Файл). Файлдарды көшіру, файлдарды ашу және жабу, басқа бағдарламаларға тасымалдау сияқты файлдармен жұмыс істейтін операциялар орындайды. Осы мәзірде енгізу құрылғыларынан бейнелерді жүктеу, басқа қосымша бағдарламаларға ауысу, құжатты баспаға шығару алдында тексеру операциялары да орындалады.

Edit (Редакциялау). Редакциялау командалары - қиып алу, көшіру және т.с.с. өлшемдерді өзгерту мен бейне түрін және оның фрагменттерін қисайту. Осы командалар тобында фигура өрнегімен бояу құралы түрлерін анықтау, буферді тазарту, бағдарламаларының барлық мүмкіндіктері (баптау, түс бояуларын және үлгі жиындарын басқару) бар.

Image (Бейне). Бейнемен жұмыс істейтін командалар тобы. Мұнда тондық және түстік өзгертулер, бейне типін өзгерту, бейнеден қажетті бөлігін қиып алу (кадирование), фоннан фрагментер қиып алу командалары бар.

Layer (Қабат). Бейне қабаттарымен жұмыс істеу, басқару командалары.

Select (Белгілеу). Белгіленген аймақтармен жасалынатын жұмыстар.

Filter (Фильтр). Бейнені арнайы өңдеуге арналған командалар. Бұнда PhotoShop құрамындағы фильтрлер бар және қосымша орнатылған фильтрлер болуы да мүмкін.

View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы көрінісін басқаратын командалар масштаб және бейнеленудің түстік модельдері, бағыттауыштар, сызғыш және т.с.с. командалар жиынынан тұрады.

Window (Терезе). Бас терезе түрін басқару PhotoShop палитрасын экранға шығару және баптау, Құжат терезелерін орналастыру.



Help (Көмек). Компьютерде жұмыс істеп отырған адамның іс-әрекетіне сәйкес және жалпы графикалық редактор терезесі анықтама ақпараттарын ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет