Сабақтың тақырыбы: Микроэволюция және популяция туралы ұғым. Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық Топ: №16-3 топ



Дата23.08.2017
өлшемі88,02 Kb.
түріСабақ
«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу жұмыстары

жөніндегі орынбасары: Ж.Кибекбаева
Сабақтың тақырыбы:§9.Микроэволюция және популяция

туралы ұғым. Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық

Топ: №16-3 топ

Өткізілетін мерзімі:13.10.2016 ж.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:



Студенттерге алдыңғы тақырыптардан алған білімдерін тереңдете отырып, «Микроэволюция және популяция туралы ұғым. Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық .» туралы түсінік беру. Студенттердің дүниетанымын тақырыпқа сай өрбіту, дамыту, арттыру, тіл байлығын дамыту.

Студенттерді өз бетімен ізденуге, еңбектенуге, шығармашылыққа баулу

Студенттерді өз беттерімен  жұмыс жасауға, ізденіске,  жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке  тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.


Сабақтың

түрі:


Аралас сабақ

Әдіс -тәсілдер

Ұжымдық оқыту, сұрақ – жауап, ойын элементтерін қолдану, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Кітаптар көрмесі, интерактивті тақта, буклеттер, плакаттар.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, экология, генетика

Ұйымдастыру кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  • Амандасу. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

  • Студенттердің көңілін сабаққа аудару.

  • Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарымен таныстыру.

  • Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

  • Студенттерді психологиялық дайындау;

Үй тапсырмасын сұрап, бекіту, бағалау

«Ой туғызу» Проблемалық сұрақтар.

  1. Эволюция қандай ұғым?

  2. Қайта өркендеу дәуірі қай ғасырда дамыды, оған қандай жағдайлар себеп болды?

  3. Теофраст өсімдіктерді зерттегенде қандай жақтарына мән берді?

  4. Жаратылыстану зерттеушісі, философ Аристотельді неліктен жануартану ғылымының негізін қалаушы дейміз?

«Ой қозғау» (айырмашылығын кестеге толтыру)

Теофрасттың Грекия аймағындағы сипатталған өсімдіктері

Қайта өркендеу дәуірінде Еуропаға әкелінген өсімдік түрлері

Бамбук, банан, пальма, лимон, мимоза,мақта, лотос, папирус, т.б.

Қалампыр, картоп, жүгері, темекі, қызанақ, асқабақ, какао





Оқушыларды

білімді, саналы

және белсенді

түрде меңгеруге

дайындау кезеңі:


-Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

- Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету.

- Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

-Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- Оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.


Жаңа сабақты

түсіндіру кезеңі:




Жаңа сабақты түсіндіру.

Микроэволюция – түр популяцияның ішінде жүретін және оның гендік қорын өзгертіп, жаңа түр түзілумен аяқталатын эволюциялық әрекеттердің жиынтығы.

Гендік қор (генофонд) – популяциядағы немесе түрдегі барлық гендердің жиынтығы әрі табиғи сұрыпталудың нәтижесінде популяцияның өзгеруі. "Микроэволюция" терминін орыс генетигі Н.В.Тимофеев-Ресовский енгізген(1938ж). Микроэволюцияның нәтижесінде популяция, түр тармағы, түр түзіледі.

Популяция (латынша populus – «тұрғындар» деген мағынаны білдіреді) – бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін,дербес генетикалық жүйе құрайтын,бір түрге жататын даралардың жиынтығы;белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендейтін және осы жерде бірнеше ұрпақ бойы өсіп өнетін бір түр даралары. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903жылы дат биологі В.Иогансен (1857-1927)енгізген.




Ресей экологтары





А.В.Яблоков

...белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтар



М.С.Гиляров

Популяция дегеніміз-жеке түрдің сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын түр ішіндегі тіршілік формалары ұқсас даралардың топтары





С.С. Шварц

Популяция дегеніміз-орта жағдайлардың өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің жергілікті топтары



1.Өсу


Популяцияға тән қасиеттер

2. Даму

3. Көбею


4. Орта жағдайлардың

өзгерісіне бейімделуі



  1. Генетикалық шығу тегі


Популяцияның өзгеруі.Табиғатта (өсімдіктер мен жануарлар) даралар санының жылдан – жылға,ұрпақтан – ұрпаққа өзгермей қалатын бірде – бір түр кездеспейді. Барлық популяциялардың шекарасы,ондағы тіршілік ететін даралар саны ұдайы өзгеріп отырады. Бұған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары әсер етеді. Қарапайым эволюциялық процестің – түрдің ішінде,яғни популяцияда жүруі; бір популяцияның ішінде ересек жануарлардың бір – бірімен еркін шағылысуы; популяцияның саны; жас ерекшелігі; табиғатта нақтылы тіршілік етуі; экологиялық,генетикалық және т.б. қасиеттерінің болуы популяцияның – эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі екендігінің дәлелі.

Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады.Ч.Дарвин саяхат кезінде жинаған материалдарын ретке келтіріп, организмдерде айқын және айқын емес өзгергіштіктер болады деген тұжырым жасады.Айқын өзгергіштік күтімнің ауысуына байланысты өзгереді. Мәдени өсімдіктерді құнарлы топырақта өсіріп, жиі қоректендірсе өте қарқынды өседі. Егер ылғалы жеткіліксіз, минералды тұздары аз, құнарсыз топырақта өсірсе өте баяу дамиды.Ч.Дарвин анықтаған айқын өзгергіштік – орта жағдайының өзгеруіне байланысты организмнің тұқым қуаламайтын фенотиптік көрінісі.

Айқын емес өзгергіштік. Ч.Дарвиннің түрлердің ішіндегі даралар морфологиясы, мінез-құлқы жағынан ерекшеленетін өзгергіштіктері болатынын байқаған.

Бір табындағы жануарлардың немесе егістікте өскен өсімдіктердің ішінен көзге айқын біліне қоймайтын жеке өзгергіштіктерді айқын емес өзгергіштік деп атайды.

Айқын емес өзгергіштіктің негізгі ерекшелігі – тұқым қуалайтындығы. Айқын емес өзгергіштік организмнің жыныс жүйесіне қоршаған ортаның жанама әсер етуінен пайда болады, оның қазіргі атауы – мутация.

Мутация (латынша «mutatio» - өзгеру )кенеттен болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тұрақты түрі. Бұл кезде организмдегі ДНҚ құрылымының сапасы немесе саны өзгеріп, кенеттен организмнің әр түрлі белгілері, қасиеттері пайда болады.

Мутациялық, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік кезінде организмдегі генотиптің өзгеруіне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:



  1. Гендік мутация кезінде бір гендегі ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу реттілігі өзгереді, яғни бір нуклеотидтердің түсіп қалуы немесе жаңадан қосылуы байқалады;

  2. Хромосомалық мутация кезінде хромосомалардың қалыпты құрылымы өзгереді;

  3. Геномдық мутация кезінде хромосомалардың саны өзгереді;

  4. Цитоплазмалық мутация кезінде құрамында ДНҚ молекулалары бар органоидтерде өзгерістер байқалады.

Тұқым қуалаушылық – барлық организмдердің құрылысы мен қызметінің белгілерін сақтап, оны шыққан тегінен ұрпақтарына беру қасиеті. Ген ұрпаққа берілгенде жоғалмайды, жасушаның әрбір бөлінуі кезінде қайта түзіліп отырады.

Ч.Дарвин өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық органикалық дүние дамуының эволюциялық факторы екендігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.



Жаңа сабақты

бекіту кезеңі



  1. «Сөз құрастыр» (шапшаң түрде шашыраңқы әріптерден сөз құрастырады және анықтама береді)

Т У М Я И Ц А – мутация

К Я Р И М В Э Ц И О Л О Ю – микроэволюция

Е Г Н – ген

У О Ц П Я И Л П Я – популяция

Н Е Г Қ Ы Д О М – геномдық

Г З І Т І Ш Ө Е Р Г К – өзгергіштік



  1. Оқулықты пайдалана отырып, сөйлемді анықтаңдар:

А. Айқын өзгергіштік - ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ __ _

Айқын емес өзгергіштік - _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ __ _

Ә. Гендік қор - ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ __ __ __ _

Популяция - ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ __ __ __ _

Б. Тұқым қуалаушылық - ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _

Өзгергіштік - ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ _ _ _ __ __ __ _




  1. Кестеде берілген организмдердің популяциясы шектен тыс көбейіп кетсе, табиғатта қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Организм өкілдері

Зияны

Шегірткелер




Колорадо қоңызы




Қасқыр




Тарақан




Маса







Бағалау:

Сабақ барысында белсенді араласып отырған оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:

«Өз өлкемізде тіршілік ететін құстардың популяциясы» ізденіс жұмысы




Пән оқытушысы: С.Құрмашева
Каталог: uploads -> doc -> 01b8
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01b8 -> Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру
01b8 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың қолданбалы композициядан білімдерін жетілдіру, әр түрлі бұйымдар жасап
01b8 -> Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтарын түсіндіру
01b8 -> Сабақ көрнекілігі: Слайд шоу Сабақ түрі: Лекция сабақ Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, лекция оқу
01b8 -> Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі Сабақтың мақсаты: Білімділік
01b8 -> Өлең: 1-жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет