Сабақтың тақырыбы: Митоз жасушасында митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін процесстер


Митоз сатыларындағы жүретін үдерістерін сәйкестендіреді



бет3/4
Дата12.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#165380
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
10 қмж 11
mzh.-blp-shyarudy-tr-azalar-shn-mayzy.-zhanuarlarday-blp-shyaru-nmder.-zat-almasudy-soy-nmder., тжб 5, Ақбаян апай, Адалдық, Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org, 9 лекция Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі (1)
Митоз сатыларындағы жүретін үдерістерін сәйкестендіреді


Қосымша 2
ЕББҚ оқушыларға сұрақтар (есту қабілеті төмен балалар үшін)
«Тізбектелген суреттер»
А)Төмендегі суреттердің реттілігін анықтаңыз.


1

2

3

4














Дескриптор:
1.Митоз фазаларын анықтайды.

Қосымша 3
1.3 Жасушалық цикл


10.2.2.1 Дайын микропрепарат көмегімен митоз фазаларын зерттеу


Тақырыбы: Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау.


Зерттеу мақсаты: митоз процесінде пияз қабықшасы жасушаларының бөлінуін анықтайды.
Гипотеза:_ егерде пияз тамырларының уақытша препаратын дайындасақ немесе дайын микропрепараттарды зерттесек , онда.....


Теория:
Мысалы, әрбір адам жасушасында 46 хромосома бар, ал пияз жасушасында 8 хромосома болады . Барлық жасуша бөліну кезінде ДНК - ын еселенуi жүреді. ДНК репликациялану кезінде ДНҚ - ның екі спиралi екi шиыршықтарды бөліп, әрқайсысының бастапқысынаң екi бiрдей ДНҚ молекуласын беретiн жаңа қосымша тiзбек пайда болады.
Митоз профаза, метафаза, анафаза және телофаза сияқты бірнеше кезеңнен өтеді. Митоз соңында цитоплазманың нақты бөлінуі цитокинез жүреді және ол телофаза кезіндегі процесс.
Митоз сатылары :
Профаза. Хромосомалар ширатылып , жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне таратылып, олардың арасындағы микротүтікшелерi бөліну ұршығын түзедi.
Метафаза. Полюстерден бiрдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығынын түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлi бөлiктерi белгiлi тәртiппен бiр жазықтық бойына орналасады.
Анафаза. Центромерлерге бекiтiлген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстерiне тартады, ал хромосома иыктары центромерлерге қарай енжар түрде ілеседі. Сонымен бұл кезенінде екі еселенген хромосомалар хроматидтерге айналып, жасушаның полюстерiне ажырайды.
Телофаза. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар керінеді. Цитоплазманың мембраналық кұрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екi кiшкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны «цитокинез» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет