Білімділік: каланхоэ туралы мағлұматтар беру, гүлдер туралы білімдерін кеңейту, өлең тақпақтар арқылы тіл байлығын арттыру, моншақпен гүл тоқуға, бұйымды сәндеуге, әшекейлеуге үйрету;
Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қолөнер жұмысына машықтандыру;
Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, төзімділікке, жауапкершілікке, жасаған жұмысты әсем безендіруге, табиғатты қорғауға, сүйе білуге , күте білуге тәрбиелеу.
«Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Ол - гүл. Гүл - әдемілік өлшемнің шыңы. «Гүл — дүние көркі» десек те қателеспейміз. Гүл (латынша флос)- гүлді өсімдіктердік көбеюінің белгісі. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді.
Сұрақ – жауап:
- Гүл – ол өсімдік, қай табиғатқа жатады?
Оқушылар: Гүлдер тірі табиғатқа жатады .
- Балалар, гүлдер не үшін керек?
Оқушылар: Гүлдер әдемілік үшін керек, гүлді туған күн иесіне, мерекеде, аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
- Бүгін біз сабағымызды қандай тақырыпта өтеміз деп ойлайсыздар ?
Қыздардың жауабы:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы“Гүлдер”
-Иә дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
“Гүлдер” оның ішіндегі «Каланхоэ гүлі» туралы
Тақырыбы: Моншақтан каланхоэ тоқу
Сабақтың мақсаты
Нені үйренуіміз керек?
1.Каланхоэ туралы мағлұмат беру.
2.Гүлді моншақпен тоқуға үйрету.
3.Бұйымды сәндеуге, әшекейлеуге үйрету.
1.Каланхоэ туралы мағлумат алу
2.Моншақпен гүл тоқып үйрену.
3.Тоқылған гүлді сәндеп, әшекейлеуді үйрену.
Не үйрендік?
Олай болса, алдымен каланхоэ тарихына тоқталайықшы:
ҚАЛЫҢҚОЙ (KALANCHOE КАЛАНХОЕ)– көпжылдық, жақсы гүлдейтін шөптесін өсімдік. Өсімдіктің емдік қасиеттеріне байланысты оны халық арасында «дәрігер», «өмір гүлі» деп те атайды. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды жоюмен бірге антивирустық пәрмені бар өсімдік. Таралған аймақтары – Оңтүстік Африканың, Оңтүстік Американың тропиктік аудандары, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай мен Ява аралдары. 200-ге жуық түрі белгілі. Ал оның 30-ға жуық түрі мен сұрпы үй жағдайында өсіріліп келеді. Өсімдіктің жапырақтары түріне қарай жалпақ, етті, жиектері ирек болып келеді. Гүлдері қоңырау, себет тәріздес, ұзындығы 30см гүлсабаққа шоғырланған. Дұрыс күтім жасалса, жыл бойы гүлдейді.
Жаңа сабақ
а/ Моншақтан гүл тоқудың нұсқау картасымен түсіндірмелі жұмыстар жүргізу