Сабақтың тақырыбы: Өнегелі отбасы егеменді елдің ертеңі. Эпиграф



Дата03.02.2017
өлшемі117,85 Kb.
#8582
түріСабақ
Өнегелі отбасы – егеменді елдің ертегі. Қазақ отбасы. 9 сынып. Жаңа оқыту технологиясы бойынша ашық сабақ.

Степногорск қаласы

КММ ОДБММИ №4 «Болашақ» мектеп-интернаты

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Қайдарова Сара Ермекқызы

Сабақтың тақырыбы: Өнегелі отбасы – егеменді елдің ертеңі.

Эпиграф: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Жалпы мақсаты:

Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу. Туыстық атаулары туралы мәліметті толықтыру, жаңа тақырып бойынша лексиканы сөздермен сөздік қорыларыңды молайту және топпен шығармашылық қабілеттеріңді қолдануға үйрену. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, бірлесіп білім алу, жекелей, жұптық, топтық Әдіс- тәсілдері: сөйлесу, сұрақ- жауап,әңгімелеу

Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар. сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Кезекші әңгімесі:

Сабақтың ұраны:

Тілдік жаттығу:
Сөйлесу:

Мұғалім-оқушы

Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сөйлесу:

Мұғалім-оқушы


Сөйлесу: оқушы-оқушы



1 Слайд. Жаңа сабаққа дайындық:

2 Слайд. Оқушылар экрандағы сөздік арқылы өлеңнің мазмұнын түсінеді


Жаңа сабақ:
3 Слайд. Экранмен жұмыс:

1.Жазылым:

2. Кітаппен жұмыс:

4 Слайд. 3. Кесте бойынша туыстық атауларды жазу:

Топтарды таныстыру:




5 Слайд. Топпен жұмыс.

4. Мәтінмен жұмыс. 10мин (10 ұпай)



6 Слайд. Қосымша дайындалған материалдар бойынша жұмыс:

7.Слайд. Ойын.

8 Слайд. Топтар арасындағы постермен жұмыс және оларды қорғау(презентация)
9 Слайд. Сабақты қорытындылау:

10 Слайд.Үйге тапсырма беру:
Формативтік бағалау:

Рефлексия:



-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Отырыңдар

1) Тілашар 2) Психологиялық ахуал. Шеңбер құрып алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық.

-Сыныпта кім кезекші?

- Сабақта кім жоқ?
-Балалар қазір қай сабақ?

-Олай болса, қазақ тілі сабағындағы ұранымыз қандай?

Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма.(әр оқушының алдына мақсат қою)
-Сендер қай республикада тұрасыңдар?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

-Сен қазақша сөйлейсің бе?

-Қазақша жақсы түсінесің бе?
-Олай болса бүгінгі сабақта қазақша сөйлесіп көрейік.

Қане үйге берілген Тіл туралы мақалдарды жатқа сұрап, олардың мағыналарын түсіндіріп беріңдер. Үйде дайындап келген сөзжұмбақ пен ребустар бойынша білімімізді тексереміз, сол сөзжұмбақ пен ребустарды топтар арасында дұрыс шешімін табамыз.


Қазақ отбасы туралы

-Нені білулерің керек?

-Қазақ отбасының мүшелері,туыстық атаулары, мақал-мәтелдері туралы білесіңдер.

-Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысасыңдар.

-Нені үйренулерің керек?

-дұрыс сөйлеп,сұраққа дұрыс жауап беруге.

-Топпен жұмысты кеңірек жүргізуге баулу

-Сабақта 5 топ жұмыс жасайды.Топ басшылары бағалайды.

- Сенің отбасың үлкен бе?

- Менің отбасым шағын.

- Отбасында неше адам бар?

- Отбасымда алты адам бар.

- Сенің ата- анаң қайда жұмыс істейді?

- Менің ата- анам мектепте жұмыс істейді.

- Сенің атаң, әжең бар ма?

- Менің атам, әжем бар.


-Мына өлең жолдарын тыңдаңдар, ол қандай тақырыпқа жазылғанын, не туралы екенін айтыңдар.

Балалар,мынау өлең жол арқылы , бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.


Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –

Бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.


Ұлдардың кішісі -

Бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңілі бар.
Глоссарий: отбасы- жанұя- семья

Онша үлкен емес-не очень большая

Бала- ребенок

Ұл-сын


Қыз- дочь

Тату- тәтті- дружно

Үйленбеген-неженат

Жігіт – парень

Тұрмыста емес-незамужем

Тұрмыста- замужем


Тақырыбы: Өнегелі отбасы – егеменді елдің ертеңі.
Туыстық атаулар:

А Ата – әкенің әкесі (отец отца) Әже – әкенің шешесі (мама отца) Әке-шеше – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар (супруги ) Бала – ата-анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады (дети родителей, поколение, их называют сын, дочь) Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы (хозяин дома, продолжатель рода) Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана (дочь – будущая сноха, мама) Немере – ұлдың баласы (сын сына) Шөбере – немеренің баласы (сын внука) Жеңге – ағаның әйелі (жена брата) Жезде – әпкенің күйеуі (муж сестры) Келін – ұлдың әйелі (жена сына) Нағашы – шешенің туыстары (родственники по материнской линии) Жиен – қыздан туған бала (ребенок дочери) Бөле – әпкелі-сіңлілердің балалары (дети сестер)


Осы сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру. Тілдесім. Диалог
Кітаптағы суретпен жұмыс. Суретке қарап сұхбат құрастыру.




1.5 топқа бөліну: 1 топ: Ата тобы, 2 топ: Әже тобы, 3 топ: Әке тобы, 4 топ Ана тобы, 5 топ: Бала тобы (1 Ата тобы: жетекші- Кирилл, хатшысы –Батырхан, таймменеджмент- Юлия, 2 Әже тобы: жетекші- Томирис, хатшысы –Алибек, тайм-менеджмент- Коля, 3 Әке тобы:жетекші- Данияр, хатшысы –Лиза, тайм-менеджмент- Ерлан, 4 Ана тобы: жетекші- Анеля, хатшысы –Зарина, тайм-менеджмент- Виталина, 5 Бала тобы: жетекші- Таня, хатшысы –Қосман, Салтанат, тайм-менеджмент- Катя)
2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. 1) Мәтінді мұқият оқып, түсіну.

Туыстық атаулар

Отбасы – келешек ұрпақ. Онда сүйіспеншілік, татулық, сенім қалыптасады. Мемлекетіміздің негізгі міндеті – отбасыны қамқорлыққа алу. Әрбір баланың туған анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де – сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да – нағашы атаң мен нағашы әжеңнің қызы.Ұл мен қыз үшін ата-анадан асқан адам жоқ, сондықтан балалар ата-анаға өмір бойы қарыздар. Ана – ошақ сақтаушысы. Ол бала тәрбиелейді, отбасын тамақтандырады, үйді таза ұстайды. Әке – отбасының тірегі, сондықтан ол отбасын қаржымен қамтамасыз етеді. Бала – ата-анадан туған ұрпақтар, олар ұл, қыз деп аталады. Баласы бар үй бақытты үй деп саналады. Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ иесі, сондықтан «қыз – қонақ» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Аға, әпке, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған балалар, үлкен болса – аға, кіші болса – іні, үлкен қыз – әпке, кіші болса – қарындас, қыздар үшін сіңлі болады. Жеңге – ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін – келін, жасы кішілер үшін – жеңге, жеңеше. Немере – ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Шөбере – немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Жиен – қыздан туған бала. Қазақ отбасында үлкенді сыйлайды, олардың айтқандарын есте сақтайды, үлкен кішіге ақылшы, қамқоршы, ал кіші көмекші болады.



Сөздік жұмысы

сенім – доверие қалыптасу – формироваться қамқорлыққа алу – брать под защиту ошақ сақтаушысы – хранительница очага қаржы – денежные средства, финансы қамтамасыз ету – обеспечивать аялау – лелеять, ласкать, беречь мәпелеу – внимательно, усердно ухаживать қамкоршы – покровитель, опекун ақылшы – советчик, наставник тірек, қазық, сүйеніш – опора, поддержка


2) Сұрақтар құрастырып жазыңдар.

3) «Даналық ағаш» ойыны (кестені толтыру):

Ата-ана не істейді? (ата-ана борышы)

Бала не істеу керек? (бала борышы)

1.




2.




3.



4) Грамматикалық тапсырмалар. (жай және салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау) Жазылым. Мәтінне екі жай сөйлемдерден 1 салалас, 1 сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыр. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.


- Деңгейлік тапсырмалар. 1-деңгей. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер. Неге үйдегі алтын қазық – ана?

Бабалар сөзі –тәрбие көзі. - Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық – бала, - депті жігіт. - Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.


2-деңгей. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғау қойып, жаз.

1. Сенің әке... мен ана... саған өмір берді.

2. Олар сенің бақыт... үшін өмір сүреді.

3. Ата-ана...... мақтан тұт!

4. Солардың денсаулығ..., тыныштығ... сақта.

5. Әрқашанда ата-ана...... сыйла, ешқашан ренжітпе. Бұл – сенің міндет...



3-деңгей. Сөзге фонетикалық талдау жаса: Ата,әже, әке, ана, бала Өз отбасын туралы жазып бер.

1.Тапсырма: Отбасы, ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдерді айтып бер. Бір мақалдың мәнін түсіндіріп бер.

2. Тапсырма: Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар: әке-шеше, ана, сыйлау, сүйіспеншілік, болашақ. Осы сөздермен сөйлем құрастырып жаз.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жұмысының мақсаты қандай?
«Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырамыз 1. Әке – асқар тау... (ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ)

2. Ананың көңілі балада... ( баланың көңілі далада)

3. Ұядан не көрсе... ( ұшқанда соны ілерсің)

4. Жеті атасын білмеген... (жетімдіктің белгісі)

5. Әкеге қарап ұл өсер... (анаға қарап қыз өсер)

6. Әдепті бала-арлы бала... (әдепсіз бала-сорлы бала)

7. Атаңа не қылсаң... (алдыңа сол келер)

8. Кәріге құрмет... (балаға міндет)

9. Балалы үй базар... (баласыз үй қу мазар)

10. Әке балаға... (сыншы)


1 Ата тобы: Отбасында атаның орны қандай?

2 Әже тобы: Отбасында әженің орны қандай?

3 Әке тобы: Отбасында әкенің орны қандай?

4 Ана тобы: Отбасында ананың орны қандай?

5 Бала тобы: Отбасында баланың орны қандай?
1. Міне сабағымыздың тақырыбы қандай болды?

2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? 3. Сабақта не істедік? 4. Неге үйрендіңдер?

5. Үлкен кісілерді не істеу керек? (құрметтеуіміз керек, сыйлауымыз керек)
Бүгінгі мәліметтерді пайдаланып,отбасы туралы шағын эссе жазу

Бағалау. (формативтік бағадан сумативтік бағасын шығару).Топтарда бір-бірін өзара бағалау

Топ басшылары топтағы оқушыларға баға қояды
(стикер таратамын)

- Не білдім?

- Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды?

- Не ұнады?


-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңдар!




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет