Сабақтың тақырыбы: Қорғаныс құралдары



бет1/2
Дата13.06.2022
өлшемі62,5 Kb.
#146488
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
2-12. Қорғаныс құралдары
2021 пиза жауабымен


10.06.2022 Сабақтың тақырыбы: Қорғаныс құралдары.
Электр қауіпсіздікті қамту үшін жеке немесе келесі үйлесімді құралдар мен техникалық әдістерді қолданады: қорғаныш жерлестіру, қорғаныс сөндіргіші, потенциалдарды теңестіру, төмен кернеу, ток өтетін бөлшектердің изоляциясы, желілерді электрлік бөлу, шектегіш құралдар, блоктау, ескетпелі дабылдар, қауіспсіздік белгілері, ескертпелі, плакттар, электр қорғаныс құралдары.
Жерлестіргіш құралдары. Аспаптың корпусына тұйықталу әсерінен кернеу түспеу үшін ток өткізбейтін бөліктерді арнайы жермен қосады, яғни жерлестіреді. Жерлестіргіш қорғанысы оқшауланған нейтралы бар үш фазалы желіде қолданылады.
Жерлестіргіш қорғаныстың әрекеттік принципі жер мен корпус аралығындағы кернеуді қауіпсіз мәнге дейін төмендету болып табылады.
Егер электр қондырғының корпусы жерлестірілмей фазамен түйіскен болса, онда оған түйісу дегеніміз фазамен түйісу дегенді білдіреді. Осы жағдайда адам денесінен өткен ток күші өте қауіпті болып табылады.
Егер корпус жерлестірілсе, онда Rа=Rе=0 адам денесінен өткен ток күші келесі формуламен анықталады:

Мұндағы: R3 – жерлестіру кедергісі (электр қондырғы құрылымының ережесі бойынша ол 4 Ом жоғары болмауы керек);
Rиз =45000 Ом; Rh =1000 Ом, R3 мәні Rh және Rиз салыстырғанда төмен, соның нәтижесінде теңдеу қарапайым болады:

Сол кезде адам денесінен өткен ток күші төмендігедей:



Яғни адам өміріне қауіпсіз мән осыны жерлестіру дейді, сондықтан ол қорғағыш деп атайды. Түйісу кернеуінің мәні азғана болады: Uт=1,0 В
Жерлестіру сымдары ретінде эртүрлі металл құрылымдары: фермалар, лифт шахталары, электр сымдарының болат құбырлары, әртүрлі мақсаттағы ашық ұсынылған стационарлы құбырлар.
Қорғаныс сөндіргіші. Адамды токпен жарақаттау қауіптілігі туындағанда қондырғыны өте тез автоматты түрде үзіп тастайтын құрал.
Қорғанудың бұл түрінде апаттық аумақ немесе жерге не электр қондырғыға бір фазалы тұйықталуда барлық желілер не болмаса кернеудегі қондырғы адамның түйісуінде өте тез ажыратылады. Қорғаныс сөндіргіші жерлестіру жүйесінде қосымша қолданылады, сонымен қатар негізгі қорғаныс шарасы болып табылады. Егер изоляция кедергісі төмендесе немесе кернеудегі қондырғыға адам түйіскенде, қорғаныс сөндіргішінің функциясын изоляцияны бақылау қондырғысы атқара алады.
Қорғаныс сөндіргіші химиялық өндірісте, әсіресе электр тогымен жарақаттану ғимараттарында, сонымен қатар жарылысқа қауіпті аумақтарда өте тиімды болып келеді.
Потенциалды теңестіру. Адам бір уақытта түйісетін электр тізбегінің нүктелерінің аралығындағы кернеу мәндерін төмендетеді. Потенциалды теңестіру үшін қондырғы орналасқан барлық аумаққа тор түріндегі болат жолақтары орналастырылады.
Өндірістік ғимараттағы электр қондырғылары мен өндірістік қондырғылардың арасында кандайда бір байланыс болады. Электр қондырғыдағы бір бөлшек тұйықталғанда барлық металдық бөліктердің кернеулері жерге қатысты бір-біріне жақын болып келеді. Нәтижесінде электр қондырғы мен еден арасындағы кернеу төмендейді, ғимарат аудандары бойынша потенциалдары теңеседі. Потенциалдар теңескенде тұйықталу тізбегінде тұрған адам салыстырмалы түрде аз кернеуде болады. Құрылыс ережелерге сәйкес ғимараттағы барлық технологиялық қондырғылардың корпустары, құбырлар, металдық конструкциялар жерлестірілуі керек. Потенциалды теңестіру факторы қауіпсіздікті қамтушараларында маңызды орын алады, бірақ жеке қорғаныс ретінде қолдануға болмайды.
Төмен кернеу. Бұл электр тогымен жарақаттанбау үшін қолданылатын 42 В жоғары емес номиналды кернеу. Осы шараны қауіптігі жоғары, өте жоғары және сыртқы қондырғыларда қолданған өте тиімді. Бірақ осындай кернудегі электр қондырғылары екі фазалы жүйеде қауіпті болып келеді.
Электр қондырғылардың коректену көзі ретінде, стационарлы жарықтандыруда, қауіптілігі жоғары және өте жоғары ғимараттардағы тасымал шамдардағы және басқада жағдайлардағы төмен кернеулер қолданылады. Төмен кернеу көздері ретінде екіншілік кернеуі 12-42 В арнайы төмендеткіш трансформаторлар болу мүмкін. Бірақ бұл қорғаныстың қолдану облыстары аз, себебі созылған желілерді және кернеуі төмен қуатты электр қабылдағыштарды дайындау өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет