Сабақтың тақырыбы: Қорғаныс құралдары



бет2/2
Дата13.06.2022
өлшемі62,5 Kb.
#146488
түріСабақ
1   2
Байланысты:
2-12. Қорғаныс құралдары
2021 пиза жауабымен
Ток жүретін бөлшектерді оқшаулау. Оқшаулануының дұрыстығы – эксплуатация және электр қондырғылардың сенімділігінің қауіпсіздігін қамтудағы негізгі жағдай. Бірнеше түрлері қолданылады:
Жұмысшы оқшаулау - электр қондырғылардың ток жүретін бөлшектерінің жұмыстарын нормалайды және электр тогымен жарақаттанудан қорғайды. Жұмысшы оқшаулануының материалы ретінде эмаль, оралған сымдар, сіңіретін лактар және компаундар қолданылады. Алаң кабельдері мен сымдарының изоляциясында қолданады.
Қосымша оқшаулау - жұмысшы оқшаулау бұзылған жағдайларда қосымша ретінде қолданылады. Қосымша оқшаулау ретінде машинаның пластмассалық корпусы және басқада элементтер қолданылады.
Қос оқщаулау - қосымша және жұмысшы оқшауларынан тұратын электрлік оқшаулау. Қос оқшаулау электр қауіпсіздікті қамтуда жеткілікті болып есептелінеді. Қос оқшаулауды қолданғанда басқа қорғаныс құралдарын қолданбауға болады.
Күшейтілген оқшаулау – жақсартылған жүмысшы оқшаулау, қос оқшаулаумен қорғаныс қасиеттері бірдей.
Пластмасса қасиеті қос оқшаулаудың қолдану облысын шектейді. Оны төмен қуаттағы электр қондырғысында қолданады.
Электр желілерінің оқшаулау жағдайын үнемі бақылау адамның электр тогымен жарақаттанудың алдын алады. Оқшаулау периодты және үздіксіз бақыланады. Жүктемелік және жарықтандыру электр қондырғыларының оқшаулау кедергісі 0,5 МОм төмен болмау керек.
Желілерді электрлік бөлу. Желілерді бөлгіш трансформатордың көмегімен жеке электрлік байланыспаған аумақтарға бөлу - электр қауіпсіздігін қамтитын негізгі шара болып табылады.
Бөлгіш трансформаторлар электр қабылдағышты біріншілік желі мен жерлестіруден бөледі. Бөлгіш трансформатордан қорғағыш балқымасы бар тек бір ғана электр қабылдағыш қоректенеді, автоматтың біріншілік жақтағы ток күші 15 А. Трансформатордан бөлінген екіншілік кернеу 380 В жоғары болмауы керек. Трансформатордың екіншілік орау және электрқабылдағыштың корпусы жерлестіруге қосылмау керек. Адам кернеулі бөлшекпен түйіскенде қауіпсіз, себебі екіншілік тізбек қысқа болғандықтан ток күші өте аз.
Жерлестірілген екіншілік орауы бар төмендеткіш трансформаторға қарағанда бөлгіш трансформаторларды пайдаланған тиімді. Қорғанудың бұл түрі қауіптілігі жоғары электр қондырғыларда қолданылады.
Шектелген қондырғы. Бұл адамның электр қондырғыдағы ток өткізетін бөлшектермен кездейсок түйісуін болдырмайды. Шектелген ток өткізетін бөліктер электр қондырғылардың құрылымымен анықталады.
Жалаң сымдар, шиналар, сонымен қатар қорғаусыз және жетуге қолайлы ток өткізетін бөлшектері бар қондырғыларды тегіс не торлы жабылған қораптарға, шкафтарға, камераларға және басқа да ыдыстарға қойылады.
Тегіс шектеулер өндірістік ғимараттарда міндетті түрде қолданылады. Торлы шектеулер тек квалификацияланған электртехникалық қызметкерлерге қолайлы қондырғыларда қолданылады. Оқшаулау мен шектеу қолданылмайтын жерлерде, электр қондырғыларын қол жетпейтін биікке орнатады.
Өндірістік ғимараттың ішіне жалаң ток өткізетін ток бөліктері еденнен 3,5 м биіктікте орнатылады.
Электр қорғағыш құралдар. Электр қондырғылармен жұмыс істейтін адамдарды электр тогымен жарақаттанудан, электр доғасының және электрмагнитті өрістің әсерінен қорғайтын тасымал бұйымдар.
Мақсатына байланысты қорғағыш құралдары оқшауланған, шектелген және көмекші болып табылады.
Оқшауланған қорғаныс құралы - адамды жерден және ток өтетін бөліктерден қорғауда қолданылады, сонымен қатар негізгі мен қосымша болып бөлінеді.
Негізгі оқшауланған қорғаныс құралы электр қондырғының жұмыс кернеуін сенімді ұстайды және кернеудегі ток өткізетін бөлшектермен түйісуді болдырады. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында оқшаулау қорғаныс құралы ретінде оперативті штангтер және ток өлшегіш клещтер, диэлектрлік қолғаптар, оқшауланған қолы бар құрал және кернеуді нұсқаулар қолданылады.
Қосымша оқшауланған қорғаныс құралы - негізгімен қосымша құрал ретінде жүреді. Оларға диэлектрлік галоштар, кілемдер, сонымен қатар оқшауланған тақтайшалар жатады.
Шектелген қорғаныс құралы – ток өткізетін бөлшектерді уақытша шектейтін әртүрлі тасымалданатын шектемелер.
Қосымша қорғаныс құралы – электротехникалық кызметкерлерді биіктен құлаудан, жарықтық, жылулық немесе химиялық әсерден, дыбыстан сақтайтын қондырғы.
Қорғаныс құралдар ретінде шығарылған барлық қондырғылар мен құралдар зауытта шығарылуы тиіс және нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес сынақтан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет