Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі34,15 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Орфография мен орфоэпия туралы білім беру және нақтылы мысалдармен түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардыңжалпы сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.

2.337 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:

    1. Сатылай фонетикалық талдау үлгісі

Сөз

1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз

2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу

3.тасымал

4.екпін

5.буын үндестігі



6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді

талдау жасау.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Орфография дегеніміз не?

  2. Орфоэпия дегеніміз не?

  3. Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру

  4. Мына сөздердің айтылуын жаз.

Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  1. жаттығу(ауызша)

  1. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.




  1. жаттығу

  1. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.




  1. жаттығу

  1. Мәтінде қате жазылған сөздерді тауып, оларды дұрыс жазып шығыңдар.

.
2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.

Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл

ІІ деңгей

1.төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.

Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.

ІІІ деңгей

1. 1. Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.

2.342 – жаттығу.
Каталог: uploads -> doc -> 03e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e3 -> Сабықтың тақырыбы
03e3 -> «Білімді мыңды жығар» мұғалімдерге арналған интеллектуалды сайыс Мақсаты
03e3 -> Мазмұны кіріспе 1 бет I бөлім Жер асты суларының маңызы мен пайдасы 2-11 бет II бөлім Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы 11-16 бет III бөлім Қатынас


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу