Астана қаласы
№68 орта мектеп КММ-нің
Тарих пәні мұғалімі
Томанбаева Алия Габитовна
Сабақтың тақырыбы: Орта тас / мезолит/ ғасыры / б.з.б. 12-5 мың жыл/
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға орта тас ғасырының ерекшелігі мен қоғамдық өзгерістері, мезолит адамдарының кәсібі жайлы жан-жақты білім беру;
-
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету, өздігінен білім алуға дағдыландыру;
-
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: топтық-диалогтық сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті, пікір алмасу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Көрнекілік: карта, тірек-сызбалар, интерактивті тақта, орта тас ғасыры плакат
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
-
Оқушыларға кәмпиттер таратып, таңдаған түстері бойынша 3 топқа бөлу.
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: Кейінгі палеолит/ б.з.б. 40-12 мың жыл/ .
Әр топқа үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар кезекпен қойылады. Жауап бере алмаған топтың сұрағын келесі топ жауап беруге болады:
-
Кейінгі палеолиттің хронологиялық шеңбері / б.з.б. 40-12 мың жыл/
-
Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері қандай? /бұл кезеңде адамзаттың түрлі нәсілдері, рулық қауым қалыптаса бастады./
-
Кейінгі палеолитке тән құралдарды атаңдар? / қырғылар, қырғыштар, найза, шанышқы ұштары т.б./
-
«Қыстырма әдісі» дегеніміз не? / сүйек пен аңаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасау әдісі/
-
Кейінгі тас дәуіріндегі климаттық өзгеріс / алып жануарлар азайып, мүлдем құрып кетті/
-
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ең көрнектісінің бірін ата? /Батпақ /
-
Палеолиттің соңына қарай аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары қолданылды, оларды ата? /дротик, гарпун, болас/
-
Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам / саналы адам/
-
Осыдан қанша мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды? /40-30 м.ж./
-
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет қай жерден табылды? / Франция. Кро-Маньон үңгірі/
-
Туықан адамдар ұжымының атауы? / рулық қауым/
Жаңа сабақ: Орта тас / мезолит/ ғасыры / б.з.б. 12-5 мың жыл/
Сабақтың тақырыбы мен жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі: Топ басшылары тақтада жапсырылған жапсырма қағаздың таңдаған кәмпит түстеріне сәйкесін таңдапалып, жазылған тақырыпшаны дауыстап оқиды.
-
Орта тас ғасырының ерекшелігі
-
Мезолит адамдарының кәсібі
-
Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
Осы тақырыпшалар бойынша оқушылар кітаптағы мәтінмен жұмыс істеп, 7 миут дайындалып, постер жасап, қорғайды.
Оқушыларға көмекші құрал ретінде интерактивті тақтада төмендегі кесте сызылып, алдын-ала дайын тұрады:
Қарағанды
Мичурин
Қызылсу
Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар
Явленко
Әкімбек
Ерейментау
Дүзбай
Тельман
Орта тас ғасырындағы орын алған өзгерістер
|
ірі жануарлар жойылды
|
ағашты құрал ретінде пайдалану
|
өзен-көлді кешіп өту
|
жебелі садақ
|
балта
|
қайық, сал
|
ұсақ аңдарды аулау
|
баспана тұрғызу.
Ағаш кесу, қайық жасау
|
өзенді бойлай жүзу, балық
аулау
|
Сабақты бекіту: Топтардың барлығы ортаға шығып, эстафета таяқшасы арқылы:
-
Мезолит заманында қандай өзгерістер болды;
-
Мезолиттің хронологиялық шеңбері;
-
Мезолит заманының үлкен жаңалығы;
-
Микролит дегеніміз не?
-
Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар саны;
-
Қазақстан аумағындағы мезолит тұрақтарын ата;
-
Мезолит заманында тағы қандай өзгерістер болды т.б. сұрақтарды бір-біріне қояды.
Үйге тапсырма:
-
Тақырыпты оқып, мазмұндау.
-
Мезолит пен палеолит заманын салыстыру.
Бағалау. Топтар критерийлі бағалау жүйесі бойынша / топтың тақырыптың мазмұнын ашуы, сөйлеу мәдениеті, белсенділігі, шығармашылығы/ бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |