Сабақтың тақырыбы: Өсиет. Жалпы мақсаты



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі171,57 Kb.
#13232
түріСабақ
  1   2
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бижанова Мейрамгүл Сейілханқызының қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Мерсер мен Литлтон (Нұсқаулық, 39-бет)

Күні:

Пәні: қазақ тілі


Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:

Өсиет.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар өсиет сөзінің мән-мағынасын түсінеді.Әке өсиетінің құндылығына назар аударады.Үлкенді тыңдау арқылы дұрыс жолға түсуге болатынына көздерін жеткізеді. Сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.

Диалогтің нәтижесінде ынтымақтастық қалыптасады.



Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы, әдебиет.

Қазақ тілі, әдебиет оқу пәнінің әдістемесі.

Тренингтік ойындар мен жаттығулар.(К.З.Жаксылыкова)

Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және қолдану.(Орақова А.Ш.,Жартынова Ж.А.)



Оқу нәтижесі:

Өсиетті орындау арқылы теріс жолға түспеген, ата- ана сенімін ақтайтын, әкені сыйлау-парыз екенін түсінетін адам атына лайық азамат болу керек екендігіне көздерін жеткізеді.

Оқушылар білімді өз бетінше меңгере алуға дағдылана бастайды.Сөздік жаттайды.

Топпен, жұппен жұмыс істеуге қалыптасады. Сөйлеу мәдениетін дамытады.


Негізгі идеялар:

Ақыл-кеңес, өсиетті орындау, адамдық, өнеге.

Қолданылатын материалдар:

АКТ , 6 қалпақ, белгі жалауы, стикер, магнит, «Жалын-мұз» сергіту сәтіне лайық баяу әуен, рефлексия ілу үшін «Даналық ағашы».

Постер, фломастерлер.



Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Идеяларды жинақтау әдістері-Миға шабуыл, топтық шабуыл, өз бетінше ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін сұрақтарды топпен талдау- кейс-стади әдісі, идеялар мен ұсыныстарды генерациялау әдісі-525 тәсілі, «Жалын-мұз» жаттығуы, «Ойлаудың 6 қалпағы», топтық дискуссия әдісі, «3,2,1» стратегиясы, Блум таксономиясы,топпен жұмыс , жеке жұмыс, өзін-өзі бағалау.



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

АКТ. Көңілді әуенді қосып, оқушылармен бірге би жаттығуларын жасау.

Оқушыларды топқа бөлу




Ә.Қалаубаеваның «Көңілді күн» әніне музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды.

Бойлары бойынша 3 топқа бөлінеді.




І. Білу

  • Сабақтың мақсатын айқындау

«Миға шабуыл» «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет. (К.З.Жаксылыкова)

«Өсиет» сөзіне постер қорғауға бағыт-бағдар беру.




Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Өсиет сөзін естігенде естеріне не түскенін қағазға жазады.

Әрбір топ жазған сөздерін ұсынады.

Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады.

Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, өсиет туралы білетіндерін ортаға салады.


ІІ.Түсіну

Әр топқа мәтінді түсініп оқуын тапсыру.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып, түсініктерін анықтау.

-Әкесі баласына қандай өсиет айтты?

-Бала неге кедейлене берді?

-Ағасы әке өсиетін қалай ұғындырды?

-Бала нені түсінді?

-Өсиет дегенді қалай түсінесіңдер?


Әр топ мәтінді өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.

Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Топ мүшелері өздерін өздері бағалап отырады.


ІІІ. Қолдану

Ойлан, Жұптас, Пікірлес.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.


Оқулықтағы 2,3,5- тапсырмаларды орындайды Сөйлемдерді толықтырады. Мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Оқушылар өз пікірлерін толық айтады.

«Жалын-мұз» жаттығуын жасайды.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 39-бет (К.З.Жаксылыкова).



ІҮ. Талдау


Өз бетінше ойлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін сұрақтарды топпен талдау - кейс-стади әдісі. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет. (К.З.Жаксылыкова)
Баланың кедейлене берген және бай болған себептері.

№2 семантикалық карта «Сөздік»



Өз тақырыптары бойынша ойларын дәлелдейді.

Интерактивті тақтадағы семантикалық картаны толтырады, мәтінмен байланыстырады және өз ойларын дәлелдейді.






















Ү.Жинақтау


525 тәсілі

5-қатысушы

2- сұрақ

5-минут


Эдуард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және қолдану, 43-бет. (Орақова А.Ш.,Жартынова Ж.А.)


Дөңгелене отырған әрбір оқушы қағаз бетіне 2 сұрақтан жазады да, келесі оқушыға береді, ол 2 сұрақ тіркеп, келесіге береді.Сұрақ қайталанғанша үдеріс жүріп отырады. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», 17-бет (К.З.Жаксылыкова).
Оқушылар мәтінді осы әдіс бойынша жинақтап, талдайды, сынып жұмысына да өз бағаларын береді.


Каталог: uploads -> doc -> 07fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fb -> «Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет