Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Мұғалімнің аты-жөні



бет2/4
Дата20.09.2022
өлшемі416,54 Kb.
#150008
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-smdkterd-su-men-damuyna-zharyty-ser.-zharyty-tsu-degeyne-aray-smdkterd-beymdelu.

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Жіптік құбыр» тренинг
Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..

1-топ:
Раушан
2-топ:Тұңғиық
3-топ:Түймедақ

«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Жарықтың экологиялық факторлар ретіндегі маңызы 1-параграфта қарастырылды. Жарық фотосинтез барысында энергия береді, бүршік жару, гүлдеу, жапырақтың түсуі сияқты тіршілік үдерісін қамтамасыз етеді. Фотопериодизм – ағзалардың бейімделуі. Эволюция барысындағы миллиардтаған жылдар ішінде тірі ағзалар осы тұрақты көрсеткіштерге бейімделді. Тірі ағзаларда маусымдық өзгерістерді анықтайтын маңызды фактор – жыл бойындағы күн мен түн ұзақтығының мерзімді ауысымы. Фотопериодизм – тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті. Фотопериодизм деп тірі ағзалардың тәуліктің жарық уақытының ұзақтығының өзгеруіне әсер көрсету қабілеті деп те айтуға болады. Жарықты қабылдайтын барлық тірі ағзалар күн мен түн ұзақтығының мерзімді ауысымын қажет етеді деп те айтқан дұрыс. Яғни фотопериодизм құбылысы міндетті әрі қажетті сипатқа ие. Ол жарықты мүлде қабылдамайтын тіршіліктен басқа барлық тірі ағзаларға тән. Жарықты мүлде қабылдамайтын ағзаларға кейбір бактериялар, мұхит түбін мекендеушілер, жарық түсетін тереңдікте ешқашан болмаған ағзалар, еркін тіршілік ететін сатысы жоқ жасушаішілік және ағзаішілік паразиттер т.б. жатады.
Ауа райы және климат жағдайлары тұрақсыз. Бір жылы көктем ерте шығып, жылы болады, келесі жылы кеш шығып, суық болады. Басқа жыл мезгілдері туралы да осыны айтуға болады.
Ерте күн жылынып кеткеннен кейін күрт үсік түсуден немесе күзде күрт суып кетуден болатын ықтимал шығынды төмендету үшін барлық тірі ағзалар ауа температурасына ғана емес, жарық күн ұзақтығына да әсер көрсетуге бейімделген.
Ғалымдар көру мүшесі жоқ ағзалардың да фотопериодизмге әсер көрсететінін анықтады. Мысалы, қуыршақ сатысында қыстайтын көбелек дернәсілдері жарық күннің белгілі бір ұзақтығында ересек дараға айналады. Тәжірибе зерттеушілері қуыршақтарды температурасы төмен теттариумге қояды. Бірақ жарық көктемдегідей сәуір-мамыр айла- рына сәйкес келді. Өсімдіктердің өзгеретін жарық жағдайына бейімделуі. Бүршік жару, гүлдеу, жемісінің пісуі, жапырақтың түсуі сияқты үдерістердің барлығы – өсімдіктер тіршілігінің барлық маусымдық өзгерістері фото- периодизм заңына сәйкес жүреді.
Заңдылықтарды зерттеудің практикалық маңызы зор. Мысалы, шалқан өсіру. Бұл дақыл бақшада өседі, толыққанды тамыржеміс қалыптасып үлгерместен өсімдік гүлдеп, тұқым түзе бастайды. Тамыржемістің барлық қоректік заты сонда кетеді. Шалқан өсімдігін жылыжайда өсірген кезде жылдың кез келген уақытында ерте көктемдегі сияқты жарық түсіреді. Өсімдік толыққанды тамыржеміс түзеді де, көпке дейін гүлдемей тұрады. Ашық алаңда да осындай жетістікке жетуге болады. Ол үшін өскіндерді белгілі бір уақыт күңгірт пленка- мен жауып қояды. Өсімдіктерді осылай «алдау» әртүрлі дақылдардан қажет өнім алуға мүмкіндік береді. Уақытты өзгерту және жарық түсу ұзақтығын өзгерту арқылы қыс ортасында да өсімдікті өсіруге болады. Ұзақ және қысқа күн өсімдігі. Жабайы табиғатта ғалымдар барлық өсімдікті ұзақ күн және қысқа күн өсімдігі деп бөледі. «Поляр күні» мен «поляр түніне» бейімделген тундра өсімдіктері де бар. Бұлар – ұзақ күн өсімдіктері. Мысалы, ошаған (дурнишник) тәуліктің жарық уақыты 21 сағат болғанда ғана гүлдей бастайды. Әйтпесе қатал климат
жағдайында гүлдеген өсімдік үсіп кетуі мүмкін.
Тропиктік, экваторлық және қоңыржай белдеу өсімдіктері де – қысқа күн өсімдіктері. Қазақстанға қысқа күн өсімдіктері тән. Оларда күн мен түн тәулік ішінде түседі және 6–7 сағат құрайды. Биоырғақты жіктеу. Биоырғақ – тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын өзгерістер, циклдік үдерістер. Биоырғақтар өте алуан түрлі. Биоырғақ себептері әртүрлі. Сыртқы себептерден туындайтын биоырғақтар да бар. Оған фотопериодизм құбылысы да жатады, мысалы, Аустралиядағы климаттың мыңжылдық циклі. Ішкі биоырғақтарға адам жүрегінің ырғағы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет