Сабақтың тақырыбы: Отбасы мәселелері Қимыл есімі (Тұйық етістік) І. Лексикалық минимум. Сөздік қорды байытайық



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі405,59 Kb.
#130965
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
В2 ортадан жоғары деңгейге арналған жұмыс дәптері№2
Практическое занятие 1, Топан 10 пз, 7 апта хирургия
ОҚЫЛЫМ: Мәтінді оқыңыз.
Отбасы бюджетін сауатты жоспарлай білесіз бе?
Отбасылық бюджетті сауатты жоспарлай білу - үлкен өнер. Осыны меңгерсеңіз, ақшаңызды үнемдейсіз және артық қор да жинай аласыз. Ендеше қаражатты болудың құпиясы неде? Адамның қанша ақша алатыны емес, келесі жалақыға дейін қанша ақша қалатыны маңызды.
Тапқан табысты есеппен жұмсауды сараңдық деп ойлау - қателік. Еңбекпен тапқан қаражатты қалай болса солай жұмсауға болмайды. Демек, ақшаны шаша бермей, оны дұрыс ұстауға үйреніңіз. Мысалы, шет мемлекеттерде отбасылық бюджетті жоспарлауды, ақшаны үнемдеуді арнайы оқытып, балаларды жастайынан тәрбиелейді.
Ақшаны үнемдей алмаудың басты себебі ақшамызды ойланбай жұмсау және өзімізге пайдасы аз нәрселерді алуда. Қажет емес затты артық алып, керісінше, қажеттісін алуды ұмытып кетіп жатамыз.
Көптеген адамдар жалақы алғанда, бірден дүкен аралауға құмар. Психологтар осы әдеттен бас тартуға шақырады. Жалақыңызды алысымен ешқайда бармай, тура үйіңізге тартыңыз. Осы кеңестерді пайдалансаңыз, ақшаңыздың үнемделгенін көріп, таңғалатын боласыз.
Сонымен отбасы бюджетін жоспарлағанда:
Шығындарыңызды есептеңіз. Мысалы, шығынның екі түрі болады. Біріншісі қажет шығындар. Олар күнделікті азық түлік, коммуналдық төлемдер, жолақы, жанармай ақысы, киім-кешек алу, туған күнге бару т.б.
Күнделікті кететін шығындарды үнемі жазып жүріңіз. Мысалы, бір айда қанша теңгеге азық-түлік алатыныңызды білмесеңіз, бір ай уақытыңызды оны анықтауға арнаңыз.
Дүкендерден азы- түлік алған сайын оның түбіртектерін жинаңыз. Осылар арқылы азық-түлікке жұмсалатын қаражатты анықтай аласыз. Яғни, әрбір шығынды осылай есептейтін болсаңыз, ақшаны неге көп жұмсайтыныңыз анықталады.
Болашақта жұмсайтын қаражатыңызды нақты жоспарлаңыз. Мысалы, демалысқа бару, көңіл көтеру, концертке бару, дәмхана, мейрамханаларға т.б. бұл жағдайларда нақты қанша ақша жұмсайтыныңызды білгеніңіз дұрыс.
Жалақыңызды немесе тапқан табысыңыздың белгілі бір пайызын жинап отырыңыз.
Ең бастысы ақшаны тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, қуанышты күндерге жинаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет