Сабақтың тақырыбы: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы Сабақ негізделген оқу мақсаты



Дата16.10.2019
өлшемі3.48 Mb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тексерді:

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:

Сабақтың

тақырыбы:

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы

Сабақ негізделген оқу мақсаты

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаттары

1.Тотықтырғыш химиялық реакция барысында жылу бөлу арқылы жүретін құбылысты түсіндіру

2.Отын жанғанда бөліп шығаратын жылуы отынның түріне және массасына тәуелділігін сипаттау

3. Жанған отынның бөліп шығаратын жылуы тегіне қарай өзгеріп отыратынын формула арқылы есептер шығаруда қолдану


Бағалау критерийлері

1.Жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөліп шығаратын жанғыш заттардың түрлерін біледі.

2. Көміртек С атомдары мен О оттек атомдары қосылғанда химиялық реакцияға түсіп отын жанатынын түсінеді.

3.Отын жанғанда бөліп шығаратын жылуы отынның түріне және массасына тәуелді екенін анықтай алады.

3.Жанған отынның бөліп шығаратын жылуын формулалар арқылы есеп шығаруда дұрыс қолдана алады.



Тілдік мақсат

Отын,жану,меншікті жану жылуы

Отын деп – жану процессі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.

Отынның меншікті жану жылуы деп- отынның жылу шығару қабилетін сипаттайтын шаманы айтамыз

Меншікті жану жылуы дегеніміз- массасы 1 кг отын түгел жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері.

Құндылықтарға баулу

Өндірісте және тұрмыста отын энергиясын үнемдеуге бағыттаймын.Елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде,техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесін жасауды қолға алғанын айтамын

Пәнаралық байланыс

Математика-математикалық есептеулер жүргізуде.

Жаратылыс-жаратылыстануда отын түрлерімен танысу

Химия- отынның химиялық реакцияларға түсуі айтылады


Алдыңғы оқу

Отынның қолданылуын жаратылыстану мен химиядан біледі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу , түсіну,қолдану.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Сабақтың басы 7 мин





І.Ұйымдастыру.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға «Сұрақ-жауап»- әдісі арқылы сұрақ қоюды жоспарлап отырмын.



1-Тапсырма:

1.Жылу мөлшері дегеніміз не?

2.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі қандай ?

3.Денені қыздырғанда оған берілетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

4..Меншікті жылу сыйымдылықтың анықтамасы қандай?

5.Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жазыңдар?

6.Неліктен ғимаратты жылытатын жылу батареяларына су құйылады?

7.Массалары және температуралары бірдей алюминий және күміс қасықтарды қайнаған суға батырды.Бұл қасықтар судан бірдей жылу мөлшерін ала ма?

8.Калория мен Джоуль бірліктерінің арасында қандай қатынас

.бар?


Дескриптор:

1. Жылу мөлшері қызған дененің жылуының сандық мәні екенін түсіндірді білді.

2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін білді.

3. Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жаза алды.

4. Әр түрлі заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарының әр түрлі болатындығын түсінді.

Қалыптастырушы бағалау.Оқушыларды жарайсың,керемет,жақсы деген сөздермен ынталандырамын.

Оқулық,есептер жинағы



Сабақтың ортасы

28 мин




ІІІ.Жаңа сабақ

«Ой қозғау» -әдісі арқылы жаңа сабақтың мағанасын ашуды жоспарлап отырмын. Көрсетілім.(балауыз жағу) ,оқушылармен диалог жүргізу арқылы сабақ тақырыбын ашуды жоспарлап отырмын.Мынадай сұрақтар қойылады.

2-тапсырма:

1.Көрсетілімде біз не көрдік?

2.Отты төңкерілген шыны ыдыспен жапсақ нені байқаймыз?

3.Қандай жағдайда от сөнбейді?


3- Тапсырма. «Физикалық диктант» -әдісі арқылы оқулықтан ақпарат беруді жоспарлап отырмын.

  1. ...... деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.

  2. Отынның ...... , ....... және ..... тәріздес түрлері болады.

  3. Отынның ....... дегеніміз- тотықтырғыш химиялық реакция.

  4. Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама ..... жану жылуы деп аталады.

«Суретер сөйлейді» -әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлемін

І-топ. Қатты
ІІ-топ. Сұйық
ІІІ-топ. Газ