Сабақтың тақырыбы Оңтүстік Америка. §37. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#14917
түріСабақ
1   2   3
§ 41-42. Табиғат зоналаары (оқу , мазмұндау) .

2. Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.



Төменде берілген үлгі бойынша кесте толтырып келу.

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары








































Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 16.03. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§49-50. Табиғат зоналары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Африка материгінің экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысатын табиғат зоналары туралы оқып үйрену.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Африка материгінің табиғат зоналарының түрлерін біледі. Табиғат зоналарының алып жатқан орны мен ерекшеліктерін атап, картадан көрсете біледі.

Тілдік мақсаттар

Ылғалды экваторлық ормандар , ауыспалы ылғалды ормандар , саванналар мен сирек ормандар , тропиктік шөл зонасы , субтропиктік жерортатеңіздік ормандар , т.б. Табиғат зоналары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

«Сиқырлы мозайка» , электронды оқулықпен , слайдпен түсіндірілім , постермен топтық жұмыс , картамен жұмыс , сұрақ жауап , тест

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §49-50.

183-189 бет. "География «Шың»баспасы



Ресурстар

электронды оқулық , Африканың климаттық , табиғат зоналары картасы , оқулық , атлас, кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§48. Өзендері мен көлдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Үй тапсырмасын «Сиқырлы мозайка» ойыны арқылы қорытындылап , жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1-сұрақ: Африканың суы мол өзені (Конго (Заир) )

2-сұрақ : Дүние жүзіндегі ең қзын өзен (Ніл – 6671 м)

3-сұрақ : Экваторды екі жерден кесіп өтіп, жинаған суын Атлант мұхитына құятын өзен (Конго)

4-сұрақ : Африка материгіндегі өзендер қандай алаптарға жатады? (Атлант мұхиты , Үнді мұхиты , ішкі тұйық алап)

5-сұрақ : Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған көл (Тана көлі)

6-сұрақ : Ніл өзені қайдан бастау алады? (Шығыс Африка таулы үстіртінен Кагера өзені болып басталады.)

7-сұрақ : Виктория сарқырамасы орналасқан өзен (Замбези өзені)

8-сұрақ : Жағалауы жартасты, Байкалдың сіңілісі, өте терең, суы тұщы көл (Танганьика көлі - 1470 м)

9-сұрақ : Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы (Дэвид Ливингстон)

10-сұрақ : Нигер өзені қай алапқа жатады? (Атлант мұхитының алабы)

11-сұрақ: Африканың басым өзені немен қоректенеді? (жаңбыр суымен)


Мағынаны тану



20

минут


Жаңа сабақ : (алдымен электронды оқулық арқылы таныстыра отырып , қысқаша түсіндірме жұмысын жасаймын)
«Сиқырлы мозайка» ойыны арқылы жаңа тақырыпты ашқан соң , сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін оушыларға таныстырамын. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп , «ЖИГСО» әдісі арқылы тақырыппен жұмыс жасауға тапсырма беремін. Оқушылар тақырыпқа сай постермен жұмыс жасайды.
     Африканың табиғат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта ауысады. Олар :

  • ылғалды экваторлық ормандар

  • ауыспалы ылғалды ормандардан

  • саванналар мен сирек ормандардан

  • тропиктік шөл зонасы

  • субтропиктік жерортатеңіздік ормандар

Постер қорғауға тапсырмалар :

1-топ : Ылғалды экваторлық ормандар

2-топ : Саванналар мен сирек ормандар

3-топ : Троипиктік шөлдер  

    1-топ мәтіні : Ылғалды экваторлық ормандар Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды.  Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын құрайды. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы пальма мен шарап пальмасы – рафия, эбен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағаш тәрізді папортник, либериялық кофе ағашы, лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) құрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығ,ы мұнда жануарлар орманның төменгі қабатында да кездеседі. Ормандарда шашақ құлақ шошқа, ергежейлі бегемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстар мекендейді.
    2-топ мәтіні :  Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарға ауысады.

     Саванналар мен сирек ормандар Африка жерінің 40%-на жуығын алып жатыр. Ешбір материкте саванналар мұндай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Африка саванналары жалпы көрінісі, тіршілік дүниесінің құрамы мен құрылымы жағынан да басқа материктердегі саванналарға ұқсамайды. Мұнда тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер арасында сирек ағаштар кездеседі. Саваннада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы мен мөлшеріне тікелей байланысты. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Ал құрғақ кезең басталысымен-ақ өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түсіреді.  Бұл мезгілде саванна сүреңсіз сарғыш түске енеді.

Ылғалды кезең 8-9 айға созылып, жауын-шашын мол түсетін жерлерде қызыл ферралитті топырақтарда паркті саванналар таралған. Мұнда биіктігі 3 м-ге жететін піл шөбінің арасында алып баобабтар, дум пальмасы мен майлы пальма өседі. Жаңбырлы кезең 6 айға дейін созылатын жерлердегі қызыл-қоңыр топырақ жамылғысында онша биік емес шөптерден тұратын нағыз саванналар таралған. Шөптердің арасында қолшатыр тәрізді акациялар өседі. Шөлейт зонасына жақындаған сайын жаңбыр өте аз, әрі 2-3 ай ғана түсетін жерлерге құрғақ саванналар тән.






      Саванналарда шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан ірі тұяқты жануарлар кең таралған. Мұнда тек бөкендердің (антилопа) 40-тан аса түрі, зебра, ұзын мойын керіктер (жираф), буйволдар бар. Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын құрайтын лемурлардың 26 түрі мекендейді. Топталып тіршілік ететін Африкалық сурикат кездеседі. Лемур мен саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының символы болып табылады. Саванналар шөп қоректі ірі жануарлар Африка пілі, мүйізтұмсықтарымен және өзен-көл бойында тіршілі ететін бегемоттарымен де әйгілі. Бұл жануарлардың көпшілігі негізінен саваннада кең таралған жыртқыштарға қорек болады. Жыртқыштардан арыстан, гепард, қабылан, шиебөрі, қорқау қасқырларкездеседі. Өзендерде қолтырауындар тіршілік етеді. Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 м-ге жетеді. Африка саванналарында құстар өте көп. Мұнда жер бетіндегі ең ірі құс Африка түйеқұсы, жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі құс секретарь, өте әдемі кішкентай шырын сорғыштар мекендейді. Көлдер мен өзен жағалауларында қоқиқаздар, тырна, көкқұтан, бірқазандар, Африкада ғана кездесетін марабу тіршілік етеді. Жәндіктерден, әсіресе ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізетін Марокко шегірткесі кең таралған.


    3-топ мәтіні :  Саванналардан екі жаққа қарай тропиктік шөлдер орналасқан. Олар әсіресе, Солтүстік Африкада үлкен ауданды алып жатыр. Сондықтан тропиктік шөлдерді Сахараның мысалында сипаттайық.

    Сахарада жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40º, +50ºС болады, әсіресе шаң мен құмды боратып, аңызақ құрғақ самум желі соққан кезде ыстықтан қорғану үшін жергілікті халық кең, ұзын киім киіп, бетін тұмшаланып жүреді. Ал түнге қарай күрт төмендеген температурадан адамдар қалтырап тоңады. 

    Жануарлар дүниесі де шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кейбіреулері ұзақ уақыт сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер (дромедар), бөкендер, қорқау қасқырлар мен шиебөрілер, фенек түлкісі, шағыл мысығы мекендейді. 

Кемірушілер, улы жыландар, үлкен сұр келес (варан), ұсақ улы жәндіктер көп. 

   Шығысқа және солтүстікке қарай Оңтүстік Африка шөлдері шөлейт зонасына ауысады. Мұнда тікенекті, жастық тәрізді бұталар мен сүттіген, алоэ өседі.

   Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән өсімдіктер. Жерорта теңізі жағалауында тас емен мен тоз емені, зәйтүн ағашы, олеандр, фисташка, мәңгі жасыл кипарис, атлас самырсыны, жабайы алмұрт пен жүзім, ал Канар аралдарында бүлдірген және айдаһар ағаштары өседі. Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты кап шамшаты, күміс ағаш, лавр жапырақты зәйтүн ағашы, түйнекті және тамыржемісті әдемі өсімдіктер, кап орхидеясы өседі. Субтропиктік климат бұл зонада цитрустарды өсіруге мүмкіндік береді.

 


Бекіту тапсырмалары

10 минут

Бекіту сұрақтары :









































































1.Ылғалды экваторлық ормандар Африканың қай бөлігінде ?

2.Саванна туралы не білесің ?

3.Тропиктік шөлдер қай бөлікте?

4. Хамада туралы сипатта?

5. Субтропикті қатты жапырақты ормандар мен бұталар туралы не білесің?

6. Вельвичия,варан,маниок,марабу дегеніміз не?

7.Секретарь құс,дум пальмасы,сурикат ,фикус дегеніміз не?

1.Ылғалды экваторлық ормандар Африканың қай бөлігінде ?

2.Саванна туралы не білесің ?

3.Тропиктік шөлдер қай бөлікте?

4. Хамада туралы сипатта?

5. Субтропикті қатты жапырақты ормандар мен бұталар туралы не білесің?

6. Вельвичия,варан,маниок,марабу дегеніміз не?

7.Секретарь құс,дум пальмасы,сурикат ,фикус дегеніміз не?




2. Картамен, қосарбеттегі табиғат зоналарымен танысу. Оқулықпен жұмыс.

Кестемен жұмыс жасау


Реті

Табиғат зонасы

климаты

өсімдіктер

жануарлары

1

Ылғалды экваторлық орман










2

Саванналар мен сирек ормандар










3

Тропиктік шөлдер












4

Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар














Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Табиғат зоналары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

3. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.





Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 49-50. Табиғат зоналары (оқу , мазмұндау) .
2.Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру





















Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 14.04. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Аустралия материгінің географиялық орны мен табиғатының өзіндік ерекшеліктері туралы біледі. Жер бедерінің ерекшелктері мен пайдалы қазбаларын атай алады және карадан көрсете біледі

Тілдік мақсаттар

Үлкен Тосқауыл Рифі , Үлкен Суайрық жотасы , Аустралия Альпісі т.б.

Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндірілім , оқулықпен , тірек сызбамен , картамен жұмыс

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §53.

184-200 бет. "География «Шың»баспасы



Ресурстар

электронды оқулық , Аустралияның картасы , оқулық , атлас, кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§52. Батыс , Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Үй тапсырмасын сұралады. Сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады. - Африка халқының нәсілдік және ұлттық құрамының қандай ерекшеліктері бар?

- Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады?

- Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған?

- Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай ?

- Батыс Африка елдерінің ішіндегі ең ірісі қай ел ?

- Халқының саны жағынан үлкен елді ата

- Кофе , қара бидай , тарының отаны болып саналатын аймақ

- Кофе атауы қалай шықты ?

- Монархиялы елдерді атаңдар

- Оңтүстік Африка Республикада Африка халқының қанша пайызы тұрады ?

- Олардың өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі үлесі қандай ?


Жаңа сабақтың тақырыбымен , мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгеру жоспары :

  1. Географиялық орны

  2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

  3. Табиғатының өзіндік ерекшеліктері




Мағынаны тану



20

минут


Мұғалім:Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер, яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер.Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,өзендері сусыз ағады,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.Сонымен қатар ,бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары»
«Менің білетін деректерім»

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?


Оқушы жауаптары :

  • Ең кішкентай материк.

  • Ең оңтүстікте орналасқан материк.

  • 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.

  • Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру .Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен.Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .

  • Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң.Ол еш ызылынбайды.Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады».Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған.Бір коаланың баласы өліп қалыпты.Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған.Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып,тербетеді де.

  • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

«Менің мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз . Алдымен электронды оқулық бойынша бейнебаянмен танысайық . Содан кейін төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.



Жоспар :

Материктің экваторға,бастапқы меридианға ,тропик шеңберіне қатысты орны.



  1. Шеткі нүктелері ,координатасын анықтау.

  2. солтүстіктен оңтүстікке ,батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.

  3. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы .

  4. жер бедері .

  5. Пайдалы қазбасы .


Күтілетін жауап:

  1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда ,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан,оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

  2. Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк

Оңтүстік-Саут-Ист-Пойнт

Батыс-Стип Пойнт

Шығыста –Байрон

3. Батыстан шығысқа-

1)а) 153°–113°=40°

б) 100 км Х 40* =4000 км;

2) Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

б) 111 км Х 29* = 3219 км.

4. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы,теңіздерімен шығанақтарын анықтап ,кескін картаға түсіреді.








Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • - Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • - Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • - Аустралия  - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • - Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • - Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • - Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • - Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).










Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.









Мұғалім: Оқушылар, мәтінді және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер.Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

Мәтінді оқып,картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :




Африка

Ұқсастығы

Аустралия











Бекіту тапсырмалары

15 минут

1.Бекіту сұрақтары :

1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді ?

2. Аустралияның жер бедері қандай ?

3. Физикалық картаны пайдалана отырып , материкте кең таралған пайдалы қазбаларды атаңдар











































































2. Картамен жұмыс .

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін , жағалауындағы ірі түбектерді , шығанақтар мен бұғаздарды белгілеңдер

3. «Аустралия» сөзіне ассосация құрастырыңдар


Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Аустралия . Географиялық орны . Жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

3. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.





Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 53. Аустралия . Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары (оқу , мазмұндау) . Кескін картамен жұмысты аяқтау.





















Каталог: uploads -> doc -> 1290
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1290 -> Сабақтың тақырыбы : Портреттің түрлерімен танысу. 4 сынып Сабақтың мақсаты
1290 -> Сабақтың тақырыбы Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж) Жалпы мақсаттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет