Сабақтың тақырыбы Оңтүстік Америка. §37. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#14917
түріСабақ
1   2   3



Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә» Күні: 10. 09. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

§3. Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың оқытудағы

мақсаты

Оқушылар материктер мен мұхиттар карталарының түрлері және белгілеріне қарай топтастырылуы, картографиялық проекция туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар материктер мен мұхиттар карталарының түрлерін біледі және картографиялық проекциялардың түрлері туралы айта алады. Карталармен жұмыс жасай алады.

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сәйкестендіру кестесі , жедел сұрақтар , әңгіме-дәріс , топтастыру , тірек-сызбамен , картамен жұмыс , сұрақ-жауап , дәптермен жұмыс

Негізгі дерек көздер

География . Материктер мен мұхиттар оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж . §3. 14-18 бет." География «Шың»баспасы.

Ресурстар

Материктер мен мұхиттар картасы, атлас , оқулық , электронды оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.


Алдыңғы білім

§2. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Жедел сұрақтар :

  • Ерте кезеңдегі зерттеулер

  • Орта ғасырлардағы зерттеулер

  • Ұлы географиялық ашулар кезеңі

  • ХІХ ғасырдағы географиялық жаңалықтар

  • ХХ ғасырдағы географиялық жаңалықтар

Сәйкестендіру кестесі :

1

1819-1821

А

Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2

1803-1806

В

Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3

1519-1522

С

Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4

1499-1503

Д

И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5

1648

Е

Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Жауабы : 1-С 2- Д 3- Е 4-В 5- А


Электронды оқулықтан 3,4,6 – тапсырмаларды орындатылады.

3-тапсырма. Атақты саяхатшылардың есімдерін атаңыз (берілген сурет бойынша )

4-тапсырма. Ваксо да Гаманыың экспедициясы қай елге жол тартты?

6-тапсырма. Географиялық ашылуларды енгізген зерттеушілерді сәйкестендіріңіз.



Мағынаны тану

20

минут

І. Жаңа сабақ .

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы карталардың қандай белгілеріне қарай жіктелетініне сипатталады.

Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);
Топтастыру.

Топтастыру арқылы оқушыларға картографиялық проекциялардың түрлері түсіндіріледі.
Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні.

Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады.



Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.
Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.
Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Проекциялар жазықтық бетіне көшірілуіне қарай да жікеледі: цилиндрлік , конустық , көп конусты , азимуттық.



Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлде байқалмайды да , ал полюстерге қарай артады.







Конустық проекциялар солтүстік полюске жақын орналасқан Еуразия мен Солтүстік Америка материктерін карта бетінде бейнелеу барысында кеңінен қолданылады. Бұл проекция бойынша материктердің пішіндері мен аудандары біршама жақы сақталғанымен , жоғары ендіктерде жатқан полюс аймақтары күшті бұрмалануға ұшырайды.

Көп конусты проекция дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылады. Онда материктердің пішіні жақсы сақталғанымен , орталық бөліктерінің ауданы бұрмалануға ұшырайды.

Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшін өте қолайлы проекция болып табылады.

Карталардағы шартты белгілер жүйесі картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады. Шартты белгілер жүйесі қарталарда қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді:



  • Масштабтық немесе кескіндік шартты белгілер

  • Масштабсыз шартты белгілер

  • Сызықтық белгілер

  • Түсіндірме белгілер

  • Жазба белгілер

Жаңа сабақты бекіту


10

минут

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап:  Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция  қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл       бейнелеу үшін  қолданылады.

Қорытынды. Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын,  шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Материктер мен мұхиттар карталары тақырыбы жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесіннің нақтылығына қарай бағалау.


Үйге тап-сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру

1.§3. Материктер мен мұхиттар карталары ( оқу,мазмұндау)



2. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру.



Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «б» Күні: 2 . 09. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы

§8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың оқытудағы

мақсаты

Оқушылар климат қалыптастырушы факторлар мен жер шарындағы климаттық белдеулер туралы оқып үйренеді. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар климат қалыптастырушы факторларды біледі. Климаттық белдеулері атай алады және картадан көрсете біледі.

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Сұрақ-жауап , түсіндірме , электронды оқулықпен таныстырылм , мәтінмен жеке жұмыс ,толықтыру , сәйкестендіру тесттері , картамен жұмыс ,

Негізгі дерек көздер

География . Материктер мен мұхиттар оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж . §8. 36-40 бет." География «Шың»баспасы.

Ресурстар

Материктер мен мұхиттар картасы, атлас , оқулық , электронды оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.


Алдыңғы білім

§7. Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы . Жауын-шашынның

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут

Үй тапсырмасы сұралып, кескін карталары тексеріледі.

Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?

Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.

Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Жауап: Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық , (антарктикалық)                     

Мағынаны тану

20

минут

І. Жаңа сабақ .

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы  мен  атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын  13 климаттық белдеуді  ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.

2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ.










3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.

4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.



Өтпелі климаттық белдеулер: 

  • Субэкваторлық

  • Субтропиктік

  • Субарктикалық және субантарктикалық .



Климат қалыптастырушы факторлар





Жаңа сабақты бекіту


10

минут

1. Толықтыру тесті .

1. Белгілі климат зерттеуші .................................(Б.П.Алисов)

2. Аса ірі континенттік шөлдер: .......... (Сахара , Арабия , Калахари, Виктория)

3. Климат қалыптастырушы факторлар .......................(географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы , жер бедерінің сипаты , мұхиттардың ықпалы)

4. Негізгі климаттық белдеулер..............(экваторлық , тропиктік , қоңыржай , арктикалық және антарктикалық).. ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді.
2.Сәйкестендіру тесті



Сұрақтары

Жауаптары

1

Тропиктік белдеулер

Қысым төмен, жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. (4)

2

Қоңыржай белдеулер

Тұрақты жоғары қысым мен төмендеген ауа қозғалысы басым. Жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары. (1)

3

Субэкваторлық белдеу

Ауа массалары мен батыс желдері басым болады, салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады.(2)

4

Экваторлық белдеу

Жаз экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас. (3)









3.Картамен жұмыс

1.Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер

2.Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады.

3.Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.



Қорытынды:      Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарындағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік.

Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер тақырыбы жайлы:

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Тақырыптың нәтижесіннің нақтылығына қарай бағалау.


Үйге тап-сыр-ма

2 минут

Үйге тапсырма беру

1.§8. Климат қалыптастырушы факторлар . Жер шарындағы климаттық белдеулер ( оқу,мазмұндау) Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу



Каталог: uploads -> doc -> 1290
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1290 -> Сабақтың тақырыбы : Портреттің түрлерімен танысу. 4 сынып Сабақтың мақсаты
1290 -> Сабақтың тақырыбы Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж) Жалпы мақсаттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет