Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#25961
түріСабақ
1   2   3

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді

Қызыл-сары ферралитті

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп

Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас

 


Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады

Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы

Субтропиктік дала(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.

Құнарлы шымды қызғылт топырақ

Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс

Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.

Шөлейт зонасы

Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.

Сұр, қоғыр топырақ

Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.

Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

 

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.



3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу

Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Сабақты бекіту:

1.Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.«Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

3.Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

4.Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

5.Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта






Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала

Сельвас










+




Гилея

+













Льянос




+










Кампос







+







Пампа













+

 

VІІІ Сабақты қорытындылау


Каталог: uploads -> doc -> 08f7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08f7 -> Бағдарламасы «Жас ғалым» 4 сынып Құрастырған: Лизат Санаққызы, бастауыш сынып мұғалімі. Түсінік хат
08f7 -> Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш ретінде қолдануы керек. А. Байтұрсынов
08f7 -> Қазақ тілі 5 сынып Тақырыбы
08f7 -> Математика пәніне арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет