Сабақтың тақырыбы Оттегі және озон Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет3/5
Дата30.04.2023
өлшемі159,21 Kb.
#175771
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Балнур 19.12.2018

Озон қабаты -қорғанышымыз
Озон күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелерінің бір бөлігін бойына сіңіреді: О3 = O2 +O0
Озон жердің тіршілігін сақтайды.
Озон тесігі (жыртығы) туралы.
1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антарктида аймағында баяу, тұрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы төмендеуін байқаған. Бұл құбылысты «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде ондай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастайды.
Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады.
Сұрақ:
1. Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының ролі қандай ?
2.Озон қабаты қалай пайда болады ?
3. Неге озон жоғалады ?
4. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?
Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар
Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады.
Озон қабаты қалай пайда болды?
Кәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энергия қажет-
150 кДж жуық.
Бастапқы реакция кәдімгі екі атомды оттек атомдық оттекпен әрекеттеседі.
O2 + O0 = O3
Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оттек молекуласының атомдары О00 ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады.
Неге озон жоғалды ?
Шын озонның шығыны ультракүлгін сәулелерді жұту кезінде, сол сияқты кейбір реакцияның өтілу кезеңінде байқалады, мысалы:
О3 + O0 =2O2
O3 +NO = NO2 +O0
Бұл жағдайда ХХ ғасырдың екінші жартысында басқа да жағдайлар қосыла бастады. Әуелі атомдық жарылыс, ракетаның және биікке ұшатын ұшақтардың әсерінен озон концентрациясы төмендеді десек, оған қоса химия зауыты өндірісінің басты кінәсі де бар. Олар озонмен реакцияға түседі. Сонымен бірге кәдімгі өндіріспен шығатын-фреон (хлорланған, фторланған көміртек). Ол нағыз бүлдіргіш (1985 жылы стратосферадағы озон концентрациясы 1 пайызға төмендеген).
Хлорфторокөміртек казірі тұрмыстық және өндірістік тоңазытқыштарда, аэрозольдік баллондарда, химиялық тазартқыш орындарында, кейбір өндірісте транспорттар өртенгенде сөндіру үшін қолданылады. Хлорфторокөміртек озон қабатында кәдімгі «тәртіп бұзушы» қызметін атқарады. Хлор озонмен атомдық оттекті жеп қояды, тез жүретін еркін ағымдағы мына реакциялардың есебінен:
O3 +Cl0 = O2 +ClO0
ClO0 +O0 =Cl0 +O2 соңғы реакцияларда хлор белсенді күйге енеді.. Бұл жағдайда хлор жоғалып кетпей, озон қабатын бүлдіре береді. Ең бастысы хлор мен фтордың бұзу әрекетінен 1990 жылдың аяғында стротосферадағы озонның концентрациясы 10 пайызға төмендеген..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет