Сабақтың тақырыбы: Оқу материалын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы



бет1/5
Дата02.03.2022
өлшемі19,36 Kb.
#133911
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тірек сызба Шаталов
проблемалық оқыту тех, ОСНОВЫ МЕТОДОЛОГИИ НАУЧНЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ тема Понятия Наука, Методология, Метод, Стандарт

Пән атауы: Жаңа педагогикалық технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Оқу материалын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы ( В.Ф.Шаталов).



1970 жылдардың басында, Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100% үлгерімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады.
Педагогикалық әдістемелік процестерде В.Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек – сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту процесінде кеңінен қолданылды.
Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.
Мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.
Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану. В.Ф.Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.
Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет