Сабақтың тақырыбы: Ою өрнек әлемі, түрлері, қолданылуы. Сабақ мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі0,67 Mb.
түріСабақ

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы мнктеп-лицейі

Технология пәнінің мұғалімі

Нургелдина Таттигайша Темиргалиевна



Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнек әлемі, түрлері, қолданылуы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: ою –өрнек әлемімен таныстыра отыра, даму жолы,

тарихын түсіндіру.



Дамытушылық: қазақ ою –өрнегіне терең үңілдіріп, білімдерін дамыту

арқылы бұйымдарда қолдану;



Тәрбиелік: ұлттық өнерімізді қастерлеуге, құрметтеуге,

ісмерлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, СТО технологиясының элементтері: ассоциация,

жигсо, топтастыру.



Көрнекілігі: Ою-өрнек түрлері, эскиздері, дайын бұйым, интерактивті

тақта, слайдтар.



Ресурстар: Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа

материалдар, желім, қайшы, стикер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, әдебиет.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуларын, дайындығын тексеру. Кезекші

тағайындау. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Жаңа тақырып.


  1. Қызығушылықты ояту. «Ассоциация»

- Ою дегеніміз не? Ою дегеніміз бір өрнекке салып қиып алған үлгі.

- Өрнек дегеніміз не? Әртүрлі ою,бедер, бейненің көркемдік түрі.



2.Мағынаны тану.

Топқа бөлініп, бірін-бірі оқыту.

«ЖИГСО» стратегиясы

І топ 1,2 нөмірлі оқушылар. ІІтоп1,2 нөмірлі оқушылар

1 нөмірлі оқушылар –ою,ою түрлері, техникасы;

2 нөмірлі оқушылар –өрнек түрлері,салыну техникасы туралы оқиды.

Әр оқушы өз топтарына түсіндіреді.

Мұғалім толықтырады.

Ою - өрнек өткен заманның хабаршысы, шежіресі. Ол сақ-месагитер, қаңлы-үйсін, түрік қағанаты дәуірін бастау алып, түрленіп, байып, мазмұнданып қазіргі ұрпаққа жеткен. Ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті.



Ою - өрнек шығу тарихы:Ата – бабаларым жазу, сызуды білмей тұрғанда, тау, тасқа белгілер, таңба салған. Ол белгі, таңба арқылы халық белгілі бір ұғымды, түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне заманан сақ, андронов мәдинетінен басталады. Тарихи-ғылыми деректерге жүгіне, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі заманан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгісі бар, бір жүйеге келген. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгіні андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұрасынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. Оюлардың даму тарихына көз жүгіртсек, геометриялық сынық сызықтар мен қияли бейне бастау алған оюлардың барлығы уақыт өте келе стильденген абстрактілік ою-өрнекке айналды. Ою-өрнек – әр халықтың таңбасы, сол елдің көне мәдениеті. Бұл ұлтымыздың мәлени дамуы, адам жанына эстетикалық ләззат сыйлайтын мәні зор өнер. Қазақ ою – өрнегі алғашқы нұсқасын сақтап, бір орында тұрып қалған жоқ , заман ағымына қарай дамып, жаңа түрге ие болып отыр.

Қолданбалы өнер түрлері ішінде бір жүйеге келтірілген өнер түрі - ою-өрнек. Осы орайда ою-өрнекті алғаш зерттеген архитектор-ғалым Т. Бәсенов оюдың даму тарихын зерделеп, өсімдік өрнектің жаңа үлгісін сызды. Бәсеновтың пайымдауынша, ою элементі аса көп емес, сол бірнеше мүйіз элементін түрлендіріп, оюдың шексіз түрін жасауға болады. Негізгі элемент-мүйіз өрнегі.Ою-өрнектің даму тарихы әр аймақта әр түрлі дамыған және әр рудың, жүздін өнер ерекшеліктері мен дәстүрі сақталған. Әр аймақтың өз

тілдік диалектілері болатыны секілді, қолөнерде де өзіндік ерекшелігі болды.

Қазақ ою-өрнегі еліміздің мәдени қолөнердің тарихи даму жасын бір жүйеге келтіру үшін ғылымдар еңбек етті. Белгілі этнограф Садық Қасиманов екі жүздей ою-өрнектің атауы мен елуге жуық ою-өрнектің мазмұнын баян етсе, белгілі архитектер Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сызбасын қағазға түсірді. Ал бүгінгі таңда білікті суретші-шебер Сапар Төленбаев қазақтың төл ою нұсқасын сабақтастыру арқылы бірін-бірі қайталамайтын екі мыңға жуық ою-өрнек дүниеге әкелді.

ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ ою-өрнегін зерттеген белгілі өнерші В. Чепелов: «Қазақ ою-өнері басқа халықтын тайға таңба бақандай дара тұрды, қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» - деп жазды. Ою-өрнек өнертің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде. Ендеше – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын өнер саласын - рухани қазына ретінде қастерлеу керек.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

Сынып үш ауылға бөлініп отыр. Үш ауыл өздері дайындап әкелген тұскиіздерінің ою-өрнектерімен таныстырады.



1-топ :

«Өрнек». Бұл топтың шеберлері өздері жасап әкелген тұскиіздеріндегі ою-өрнектерді былай түсіндіреді:

Тұскиіз жасаудың көптеген түрлері бар. Біздің топ қазақ халық болғандықтан үйдің ішінде сәнді болу үшін барқыт матаға тамбур тігісімен қошқар мүйіз ою-өрнегін салдық. Ол үшін ең бірінші нүктелі сызық бойымен қағазды бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін салып, қайшымен қидық. Сонда мынадай ою пайда болды. Осындай тұскиізді жасау барысында көп нәрсеге үйрендік.



2-топ:«Шеберлер».

Біз өз тұскиізімізге ромб ішіндегі ою-өрнегін салдық. Ол үшін төртбұрышты қағазды тең ортасынан бір бүктеп, оны көлдеңенінен тағы бір бүгіп алдық. Содан соң қарама-қарсы екі бұрышын бір біріне қосатын нүктелі сызық бойымен қиып, бір жағын ғана қалдырамыз. Үшбұрыштың қайшымен қиылған қабырғасының бойымен бір немесе жарты сантиметрдей жолақ қалдырып, түзулеп сыздық, енді ою үлгісін осы сызықтан асырмай, бірақ жеткізе жалғастыра сызып аламыз да, қиып шығамыз. Тұскиізіміз әдемі болып шықты. Осылай тұскиіздерді көктеп әлі жасаймыз деп ойлаймыз.



3-топ – «Қос алқа».

Біз өз тұскиізімізді жасау кезінде «Қос алқа» оюын алдық. Ондай оюлар көбіне жас жұбайларға арналған киіз үйлердегі тұскиіздерге салынады. Ол үшін біз алдын ала кесіп, дайындап алған төртбұрышты жұқа қағаздарды нүктелі сызық бойымен жебе бағытымен екі рет бүктеп, қағаздың бүктелген қырынан бастап сызылған үлгіні қиып алдық. Осындай әдіспен ою-өрнек құрастырдық. Енді өзіміз осы үйренгеніміз бойынша осындай тұскиіз жасай аламыз.



IV. Сабақты бекіту.

-Оқушылар, енді қазақ халқының ою-өрнек туралы мақал мәтелдерін айтайық. Ол үшін мен басын айтамын, сендер жалғастырыңдар.

1. Өнерді үйрен де, ...(жирен)

2. ... көп жерде – өнер көп (еңбек)

3. Үйренгенің өзіңе, істегенің еліңе ... (құт)

4. Шебердің саусағы ... (алтын)

5. Оюды оя алмаған ... (ойланбаған)

6. Еріншектің ... бітпейді (ертеңі)

7. ... мол өнер (қолөнер)

8. Жеті рет өлшеп, ... рет кес (бір)

-Ұлтымыздың өміріндегі ою – өрнек маңызы?

Еліміздің рәміздері - бұл жаңа ою-өрнектерді пайдаланып жасалған.

Сұрақтар.1)Еліміздің рәміздері авторлары кімдер?

2)Қандай түстер пайдаланылған? Себебі?



Ғарыштың өрнек-күн (тыныштық пен байлықтың белгісі)

Құстарға байланысты өрнектер –қыран бүркіт (қырағылықтың,ой арманының биіктігін білдіреді).

- Ою – өрнекпен нақышталған ұлттық бұйымдарды атаңыздар?



Тақтамен жұмыс. Топтастыру әдісі.



Ою – өрнектер кездеседі




Дәптермен жұмыс.

а)Ою түрлерін тарату, атауларын жазу. ә) Сұрақтар: Кесте толтыру.



1) Композиция дегеніміз

Осы сөздердің ою-өрнектерге беретін әсері

2) Симметрия дегеніміз

3) Колорит дегеніміз

4) Ритм дегеніміз

5) Ою өрнек топтары, түрлері?







ІV. Сабақты қорытындылау және бағалау.

Ою – өрнек түрлерін талдау.

Оқушылар жауаптарын бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Реферат жазу. Тақырыбы: Ою-өрнек түрлері, тарихы.

Мақал – мәтелдер, өлеңдер жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Ою –өрнек туралы салт – дәстүрлер.

Мақсаты: Ою-өрнекке қатысты салт – дәстүрлермен таныстыру.

Міндеттері: Білімділік: - Ою-өрнектің қазақ ұлтының өмірінде алатын орнын

анықтау;


Дамытушылық: Ою –өрнек құдіреттілігінің қасиетін, әрбір оюдың

терең мағынасын аша отырып, білімін арттыру;



Тәрбиелік: - Ою-өрнек өнерінің тәрбиелік мәнін аша отыра, қазақ

халқының салт – дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру-иллюстрациялық.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, тіл

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар дайындығын, қатысуын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы тексеру:

  • Ою –өрнек дегеніміз не?

  • Ою – өрнек шығу тарихы?

  • Ою – өрнекті алғаш зерттеген қазақ ғалымы?

  • Ою – өрнек неше топқа бөлінеді?

Рефераттарын тексеру: Тақырыбы: Ою-өрнек түрлері, тарихы. Оқушылар рефераттарын тыңдап, талдау.

Мақал – мәтелдер айтады.

  1. Өнеріне қарай өрнегі. 2. Дұрыс ойған ою бұруға келмес.

3.Ойсыздан ою шықпайды. 4.Ою ойғанның ойы ұшқыр.

5. Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.



Өлеңдер оқу: Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін оқу. Өздері шығарған тақпақтар, өлеңдер, мақалдар оқылады.

Ою өрнек қарасаң, өңкей мүйіз тігінен.Қайсысын қаласаң, қиып ал сызған ізіңмен

Тұскиіз төрде ілінген,оюы қандай әдемі. Өрнегі ашық білінген,ұлттық бұйым кәделі.

Қию оңай демеңдер, оған да өнер, ой керек, бос мақтанып жүрмеңдер, қиюға пысық жан керек.



ІІІ. Жаңа білім беру.

Қазақ ою – өрнек өнері халықпен бірге жасасып, оның рухани және материалдық игілігіне айналып келеді. Оюлар халқымыздың тарихи дамуында және көркемдік белесінде белгілі дәрежеде мәдени үлесі бар ұлттық асыл қазынаның бірі және халықтың мәдени мұрасы. Ою – өрнек өнері салт – дәстүрмен тығыз байланысты.. Қазақ ою – өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымда бейнеленген ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы, өзіндік философиялық мәні бар екенін және салт – дәстүрге қатысты екенін байқау қиын емес. Ою – өрнек қазақ даласында оқу – сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. Өткен ғасырда ою – өрнекпен адамның ойын, немен шұғылданғанын, іс –әректтерін осы ою арқылы оқуға болады. Яғни, өмір сүру мен салт – дәстүрі арқылы өрнектер дүниеге келді.



ІV. Сабақты бекіту.

Оқушылар шығармашылығы.

Ою –өрнек туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер шығару.

Қолөнер, құрақ – құрау, ою –өрнек,

Атты баптап, айыл – тұрман, қамшы өрмек,

Салт – дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.

Қазақта қолөнерден кереметті,

Оюлап шығарған сырмақ пен текемметті.

Қандай шебер қазақ қыздары,

Құрақты, оюларды дөңгелетті.

Бір өрнегі қазақтың сегіз сала,

Саламен көрінер жеке дара.

Ұлт өнерін бұлжытпай түсіру,

Керек болар ұрпаққа.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау.

Әр оқушыдан өз көзқарастарын, пікірлерін сұрау. Ең мазмұнды дайындалған рефераттарды көрсетіп, бағалау.



VІ. Үйге тапсырма.

Ою-өрнек эскиздерін дайындап әкелу.

Реферат жазу. Тақырыбы: Ою –өрнек туралы салт – дәстүрлер.

Ұлттық бас киім дайындатудағы

жаңа оқыту әдістерінің тиімділігі.

Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасында: «Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауды дамыта отырып оқытудың ұстанымынан басқа мазмұнын интергацитивті сипатын қамтамасыз ету басшылыққа алынады» делінген.

ХХІ ғасырдың өзінде-ақ Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту – негізгі басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал жасайтыны сөзсіз және әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор. Білім беру жүйесін реформалау оны ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа әдістемелік тұрғыдан келуді талап ететін оның басты идеясы – оқу материалын интегративтеу, оның тығыздығы мен пәнаралық байланыс негізінде құрылуын қамтамасыз ету. Осы орайда технология пәні мазмұны бойынша өтілетін сабақтарды, оның ішінде «Сәндік қолданбалы өнері негізіндегі көркем қолөнер» сабақтарын басқа пәндермен байланыстыра өткізуде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыларға білімді жүйелі және жан-жақты беруді қамтамасыз етеді. Ал жаңа білім мазмұны талабына сай оқу процесінде әдістемелік жүйелерді жаңарту - бүгінгі оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі. Осыған байланысты, технология пәні бойынша берілетін білім-дағдыларды игертуде оқушыларды жан-жақты дамытып, іскерліктерін қалыптастыру мақсатында жаңашыл, озық әдіс-тәсілдерді сабақтарымда кеңінен қолданамын.

Ал сабақтарды интеграциялау, яғни кіріктірілген сабақтар бойынша ұлттық қолөнері сабақтарын ұйымдастыру, оның ішінде ісмерлік өнерін үйрету барысында оқушылардың тарих, бейнелеу өнері, сызу, математика сабақтарында алған білімдері интеграциялық негіз болып табылады. Оқу процесін осылайша ұйымдастыру, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырумен қатар жан-жақты, жүйелі білім береді. Сонымен қатар, көркем еңбек сабақтарын өз дәрежесіне жеткізу үшін қолөнер сабақтарын халықтық педагогикамен ұштастырамын.

Технология пәні негізінде ұлттық қолөнер сабақтарын игерту үшін

оқыту процесінде сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындап алу керек. САК педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін қажет.



САК-та оқу материалының мазмұны, сабақтың түрі, мақсаттары, міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас нәтижесі, оқыту құралдарын қолдану кездерін қарастырылады. САК мұғалімге арналған әдістемелік құрал болып табылады және сабақ міндеттерін жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Төменде, «Ұлттық бас киімдер дайындау технологиясы» сабақтарына арналған сабақтың ақпараттық картасы көрсетілген.

Оқушыларды халқының өнеріне тәнті етіп тәрбиелеу

Өнерге үйрету жолында оқушылар бойында шеберлік, эстетикалық қасиет-терін қалыптастыру

Өз бетінше бұйымдар әзірлей білу

«Қолөнер өмірлік өнер» атты шығармашылық жоба қорғау.


жаңалықты эвристика- зерттеу проблемалық

диалог арқылы лық өз бетінше арқылы білім ізденіс, оқу

білу еңбектену алу мотивациясы


Ұлттық бас киімдерді дайындату сабақтарының ақпараттық картасы құрылғаннан кейін, оқытудың жаңа технологияларының ішінен тиімді әдістерін таңдау барысында мына жағдайларды ескеремін:

  • алынып отырған әдіс-тәсілдердің мектептің, оқушының мүмкін-дігімен нақты жағдайға сай болуы;

  • өтілетін сабақ алдына қойылып отырған мақсат пен міндеттерге жеткізе алуы;

- жүйелілігі, тиімділігі.

Сонымен қатар, ол әдіс-тәсілдер оқушы ынтасына, оқушы тәртібіне, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамдарына әсер ететіндей болу керек. Былайша айтқанда, таңдалып алынған жаңа технология оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен терең ойластырып, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлік ретінде рөл атқаруы керек. «Ұлттық бас киімдер» тақырыбын жоба сабақтарында игеру барысында модульді технологияны оқытуда қолдану сабақтың нәтижелі және қызықтыөтуіне бірден-бір ықпал етеді. Ұлттық бас киімдер – халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі, тұрмыс-салтының айнасы. Қазақ халқының қалыпта-суына байланысты бас киімдер түрлері өзгеріп отырды. Өмірде болған құбылыстар бас киім тігу өнерінде де өз көрінісін тауып отырды. Қазақ халқының әр дәуірде, түрлі кезең-кезеңде ойлап тапқан, тұрмысына сай өңдеп, жетілдіріп пайдаланып келген бас киім атаулары болды. Мысалы: бүгінгі тілдік қорымызда «біреудің қарқаралы бәйбішесі», немесе «қасабалы қызы» деген сөздер бар. Мұнда: бай адамның бәйбішесі малынып киінген кимешек түрімен желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түріндегі, қас сұлуға арналған сәнді бас киім үлгісі айтылып отыр.



Қорыта келгенде, жаңа әдісті қолдану – оқушы белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы осы жұмыстар нәтижесінде «Өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» сияқты атақтарға ие болады. Сонымен қатар атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін игереді.

Ендеше, технология пәні бойынша өтілетін ұлтық өнерімізді игерту сабақтарындағы оқушылар шығармашылығын арттыратын оқытудың жаңа технологиялары өз жемісін нәтижелі берері сөзсіз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет