Сабақтың тақырыбы: «Өз ойым»



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі20,86 Kb.
#119605
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Жас каламгер 1год ПП занятие №9


Күні:__________________
9 САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Өз ойым».


Сабақтың мақсаты: Өз ойын жасайды және талқылауға ұсынады;
сыныптастарының жұмысын сынайды және бағалайды; өз ойынын жетілдіреді. Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
Пәнге деген қызығушылығын ояту. Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру. Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.


Бағалау критерийлері:
1.Білім беру;
2.Оқыту;
3.Тәрбиелік;
Сабақ барысы



  1. Ой мен сөйлеу тілінің байланыстылығы.

  2. Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы.

Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның ақыл-ойын құрайтын органикаретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл қарым қатынастағы және танымдағы жүйелік ережелерді меңгереді.Алғашқыда бала бұл ережелерді түсінбейді, бірақ сол ережелерді балалар біліетіндей өздерін ұстайды.Тілдік қабілеттілік өз ішіне білгірлік пен дағдыларын және іс әрекет схемасы мен сәйкес келуі керек ( А. Валлон, Л.С. Выготский,Ж.Пиаже т.б. ) тілдің туындауы белгілі бір когнитивтік базада негізін қалады.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді.Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексереді.
Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық эксперименттік зерттеулер жасауда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсерін тигізетін әртүрлі аспектедегі балаларды алған:
1.ақыл- ойы кеміс балаларда сөйлеу кезінде логикалық ойдың бұзылыстары байқалады, күрделі мағыналық ойдың жоқтығы немесе әлсіздігі байқалады.
2. Интеллектісі төмен оқушылар ертегіні оқу кезінде кейіпкерлерді шатастырып түсіне алмайды.
3. сөйлеу тілін безендіру қаншалықты қиын болса, соншалықты қиыншылықпен меңгереді.
4. тілдік жаңалықтарды саналы әрі дәлдік түрде көлемді және жылдамдықпен жеткізу.Инттелектісі төмен балалар бұларды айта алмайды.Бұл баланың импресивтік және экспресевтик тілдірене теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі – диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпты оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, диалогты дұрыс құруға тырысады.Ауызекі сөйлесу оқушының тілін дамытады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен сөйлесуде болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтік оқыту жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу – жауап алу арқылы жүзеге асады.Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық – грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап құрастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.
Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер, жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек- сызба сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық материалды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек-сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек-сызбалар арқылы оқушылар кез келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тіл дамытып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Тірек-сызба арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап аламын. Балалар тірек сөздер берілген сызбаны пайдалана отырып әңгіме құрастырады.
Балалар әдебиетінің қалыптасып, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады. Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді «… әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз», — деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, — деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз. Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты. Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: «қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап» т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады», — деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет