3- топ.Пластиктердің қоршаған ортаға зиянды әсері.
Дескриптор: - пластиктердің қоршаған ортаға зиянын біледі;
- пластиктердің қоршаған ортаға зиянды әсерімен күресу жолдарын біледі.
4-топ. Қорытындылау.Пластиктерді және талшықтарды танып білу.
Оқушы іс-әрекеті:«Пластмассаларды және талшықтарды танып,білу» тәжірибесі орындап,химиялық реакция теңдеулерін тақтаға жазады.
Дескриптор: - пластиктердің және талшықтардың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы танып,біледі.
-химиялық реакция теңдеулерін жазады.
Қ.Б. «Жарайсың» әдісі. Кері байланыс:
Тақырыпша мәтінінің мағынасын ашуда ойларының ұшқырлығына байланысты «Үздік топ» анықтау
Бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек».
«Ойлы болсаң, озып көр». 1деңгей №1. Термопластикалық және термореактивті полимерлердің қандай ерекшеліктері бар?
№2.Пластиктердің басқа полимер материалдарына қарағанда көп қолданылу себебі неліктен?
№3.Пластиктердің: а) металдардан; ә) ағаштан қандай артықшылықтары бар?
2-деңгей №1. Полиэтиленнің қасиеттері не себепті қаныққан көмірсутектерге ұқсас?Жоғары және төмен қысымда алынған полиэтиленнің қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
№2. Полихлорвинилдегі хлордың және политетрафторэтилендегі фтордың массалық үлесін есептеңдер.
3-деңгей №1. Дескриптор:
1.Полимерлердің молекулалық құрылысын біледі.
2. Құрамы ,құрылысы бірдей, құрылым буын саны әртүрлі бірнеше микромолекуланың қоспасы-сополимер туралы біледі.
3.Полимерлерді бір-бірінен ажырата алады.
4.Табиғи және жасанды каучук,полимерді өндіру әдістерін біледі.
6.Полимерлену дәрежесін біледі,есеп шығара алады.
Қ.Б. «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау. Сабақты қорытындылау.«Мұздатқыштағы » сұрақтарды талдау. Алдыңғы мақсатқа оралу.
Рефлексия.Кері байланыс орнату. Оқушылардың пластиктерден өздері жасаған бұйымдарына сабақтан кейінгі ой-пікірлері жазылған стикерлері жапсырылу немесе салыну ұсынылады.
Үйге тапсырма: « Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері» тақырыбын оқып келу.
Пластиктердің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны туралы реферат жазу.1,2,3,4-ші топтарға пластик бөліктері таратылып,ескі пластиктерге жаңа өмір сыйлау ұсынылады. Дескриптор: Ескі пластиктен қажетті заттар жасай алады.