Сабақтың тақырыбы: Поликонденсация реакциялары. Полиамидтер және полиэфирлер. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата23.04.2023
өлшемі21,42 Kb.
#175199
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Полиамидтер мен полиэфирлер

Мономер концертрациясының әсері:
Тепе-тендік константасы мономер концентрациясына тәуелді емес.Егер реакцияны тепе-тендік кнйге жеткізсе,онда полимердің молекулалық массасы да мономердің концентрациясына тәуелді болмайды. Поликонденсациялану жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясына пропорционал. Сондықтан мономер концентрациясы артқанда тепе-теңдік күйге жететін уақыт қысқарады, яғни молекулалық массасы максимал полимер алынады.
Температураның әсері. Поликонденсациялану реакциясының жылдамдығы температура өскен сайын артады. Температура полимердің молекулалық массасына өте аз әсер етеді. Алайда температура артқанда жүйенің тепе-теңдік күйге жетуі тездейді. Сонымен қатар температура өскен сайын қосалқы заттарды жүйеден бөлу жеңілдейді. Бұл тепе-теңдікті ығыстырады, сонда түзілетін полимердің молекулалық массасы артады.
Катализатордың әсері. Егер поликонденсациялану тепе-теңдікке жеткенше аяқталса, онда катализатор реакция өнімінің молекулалық массасын әмер етпейді. Катализатор реакция жылдамдығын арттыра отырып, жүйені тепе-теңдікке жақындатады. Егер К мәні үлкен болса, катализатор реакцияның жылдамдығын арттырады. Осыдан полимердің молекулалық массасы да өседі.
Мономерлер қатынасының әсері. Поликонденсациялану кезінде мономерлер қатынасының ролі айрықша. Оның себебі бір мономердің бір түрлі функционал топтары түгелдей реакцияда қатысып болса, артып қалған екінші мономкрдің функционал топтары реакцияға түспейді. Сондықтан тереңірек поликонденсациялау үшін мономерлер эквивалентті мөлшерде алынады. Бұл қағиданы функционал топтардың эквивалентсіздік ережесі деп атайды.
Полиамидтер. Аминқышқылдардың, дикарбон қышқылдардың және диаминдердің полимерлері полиамидтер деп аталады. ММ 11000 нан 22 000 дейін. Жоғары физика механикалық көрсеткіштерге ие және синтетикалық талшықтар мен пластикалық массалар өңдірісінде қолданылады. Фенолда, крезолда, құмырсқа қышқылында және концентрлі күкірт және тұз қышқылдарда ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет