Сабақтың тақырыбы: Рентген сәулелері



Дата05.05.2020
өлшемі36,09 Kb.
#65866
түріСабақ
Байланысты:
Нұржанға


Сарбиназ Карасаева

Ойыл аграрлық колледжінің

Физика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Рентген сәулелері

Сабақтың мақсаты:Білім алушыларға рентген сәулесінің ашылуын, қасиеттерін және өмірде қолданысын түсіндіру, нақты және жүйелей ойлау қабілеттері мен сабаққа деген ынтасын арттыру, мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Еске түсіру» сайысы арқылы. Бұл жерде топтар арасында шапшаңдық қажет.III.Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріледі.Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын Вильгелм Рентген тарихына үңіліп өтелік. Рентген 27.03.1845 – 10.02.1923 жылдары өмір сүрген.1895 жылы неміс физигі  Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді "Рентген" сәулелері деп атап кеткен.Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылып отыр.Солардың бірнешеуін атап өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Вильгелм Рентгеннің келіншегінің саусағына жасаған тәжірибесі.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.

І тапсырма. Сызықтық диктант “ ^ ” дұрыс “ - ” қате

1. Рентген сәулесін терапияда қолданады.


2. Рентген сәулесі адам ағзасына пайдалы.
3. Рентген сәулесін «Рентген түтігі» арқылы алады.
4. Рентген сәулесі 1895 ж ашылды.
5. Рентген сәулесі -  Ауру тудыратын бактерияларды жояды.

ІІ тапсырма. Физикалық  диктант (логикалық ой – толғаныс)

  1. ............ сәуле электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін жарық пен радиотолқындар аралығындағы бөлікті алып жатады.

  2. Ғарыштан келетін рентгендік сәулені ...................... ұстап қалады.

  3. Температурасы 10000С-тан кем болатын дене ................   сәуле шығарады.

  4. ...............сәуле электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін жарық пен рентгендік сәуле арасындағы бөлікті алып жатады.

  5. ...............сәуле электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен g-сәуле арасындағы бөлікті алып жатады.                     

Ассосация әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.

  1. Рентген сәулесі жайлы не білдіңдер?

  2. Рентген сәулесін ашқан кім және қашан ашты?

  3. Рентген сәулесінің өмірдегі қолданысы.

  4. Болашақта рентген сәулесі жөнінде не білгің келеді?

V.Білім алушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма: $ 6.7 Интернет арқылы қосымша мәлімет жинау, сөзжұмбақ құрастырып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет