Физикалық диктант (логикалық ой – толғаныс) ………….. сәуле электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін жарық пен радиотолқындар аралығындағы бөлікті алып жатады.
Ғарыштан келетін рентгендік сәулені …………………. ұстап қалады.
Температурасы 10000С-тан кем болатын дене ……………. сәуле шығарады.
……………сәуле электромагниттік толқындар шкаласында көрінетін жарық пен рентгендік сәуле арасындағы бөлікті алып жатады.
……………сәуле электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен g-сәуле арасындағы бөлікті алып жатады.
Заттың …………………………… жоғарылаған сайын, рентгендік сәулелердің өтімділігі кеми түседі.
1901 жылы …………………………… физика саласы бойынша ең бірінші Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Ғарыштан келетін ………………… сәуле атмосфераның озон қабатында жұтылады.
Рентген сәулесінің жиілігі …………… Гц шамасында алуға болады.
Протонды кенет тежегенде ……………….. сәуле алуға болады.
инфрақызыл; 2. магнитосфера; 3. инфрақызыл; 4. ультракүлгін; 5. рентгендік; тығыздық; 7. Рентген; 8. ультракүлгін; 9. 3*106 ТГц; 10. рентгендік.
Жаңа сабақты бекіту: 1. Рентген сәулесі жайлы не білдіңдер?
2. Рентген сәулесін ашқан кім және қашан ашты?
3. Рентген сәулесінің өмірдегі қолданысы?
4. Болашақта рентген сәулесі жөнінде не білгің келеді?
Оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру Сабақты жақсы меңгеріп, берілген тапсырмаларға белсене жауап берген оқушыларды бағалаймын.
Үйге: §52. Рентгендік сәулелену 40- жаттығу №1, 2. Мәнжазба