Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздар стилі Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі17,14 Kb.
#46455
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Махамбет ауылы

Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі

1 санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халенов.С.Ө.

Телефон № 8-775-723-11-13



Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздар стилі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік) оқушыларға ресми іс қағаздар стилі, іс-қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;

Дамытушылық) оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;

Тәрбиелік) оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдісі: мазмұндау, ішінара іздену, зерттеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар стильдер туралы, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі туралы не біледі, сол жайында бір сөйлем, бір сөз тіркесін айтуы керек. Бірінің айтқанын бірі қайталамауы керек.

Жаңа сабақ:

  1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

  1. Іс қағаздары, оның түрлері;

  2. Қатынас қағаздары

  3. Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері

  1. Түсіну. Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.

I слайд.

Іс-қағаздары дегеніміз – жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Арыз Сенімхат

Өтініш Ұсыныс

Бұйрық Қолхат

Өмірбаян Іс-қағаздар Мінездеме

Анықтама түрлері Түсінікхат

Хаттама Келісімшарт

Куәлік

II слайд.



Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы)

Қатынас қағазының мазмұны

Қатыныс қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні

Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы













III слайд

Мәтін баяндау Мәтін өте жинақы

ретінде келеді құрылады

Сөйлемдер көбінесе Іс-қағаздары Экспрессивті

номинативті, екі стилінің сөздер

негізді болып келеді ерекшеліктері қатыспайды

Сөйлемдегі сөздер базистік

(негізді) тәртіпке сай

орналасады, инверсия өте

сирек ұшырасады



  1. Қолдану. Өзіндік жұмыс. 75-жаттығу. Оқушылар алған білімдерін қолданып, бір құжаттың үлгісін өздері құрастырады.

  2. Талдау. 1. «Іс жүргізуші» ойыны

Әр оқушы интербелсенді тақтадан 1-ден 10-ға дейінгі сандардан тұратын ұяшықтарды таңдайды. Ұяшықтағы құжаттардың үлгісімен танысып, құрылысын талдайды.

  1. Арыз 2. Өтініш 3. Куәлік 4. Анықтама 5. Ұсыныс

6.Түсінікхат 7. Қолхат 8. Сенімхат 9. Мінездеме 10. Хаттама

2. «Полиглот»

Берілген ресми іс қағаздар стиліне тән сөздерді үш тілде интербелсенді тақтаға жазу.

Берілген сөздер

Орыс тілі

Ағылшын тілі

арыз

заявление

statement

куәлік

удостоверение

certificate

анықтама

справка

reference

түсінікхат

обьяснительное письмо

explanation letter

сенімхат

довереность

power of attorney

мінездеме

характеристика

characteristic

хаттама

протокол

protocol

Сабақты қорытындылау.


  1. Жинақтау

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап аламын. 1. Стильдің қанша түрі бар? 2. Іс қағаздар стилі дегеніміз не? 3. Ресми іс қағаздар стилінің мақсаты қандай? 4. Іс қағаздарының қандай түрлері бар? 5. Іс қағаздар стилінің ерекшеліктерін ата.

Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше екендігін, өндірістегі істің, адам өміріндегі іс-әрекеттердің дұрыс, дәо кезінде іске асуы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты екендігін айтамын. Іс қағаздары мазмұны дәл, анық жазылуы керектігін, құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынатынын ескертемін.



  1. Бағалау.

Бағалау кестесі арқылы оқушылардың білімін, белсенділігін сараптау, бағалау.

қ\с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Іс жүргізуші» ойыны

Өзіндік жұмыс

«Полиглот»

Сұрақ-жауап

Бағасы

1.

Ғалымгереев.О.



















2.

Жұмақай.Т.



















Үйге тапсырма беру.

73-жаттығу. Мәтінді оқып, іс қағаздар стиліне тән ерекшеліктерді атау. Сыныптас досына мінездеме жазу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет