Сабақтың тақырыбы: Ұрпағына шәкірт ойын жеткізген Сұлтанмахмұт Торайғыров



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі53,02 Kb.
#122961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
С.Торайғыров
Батыр Баян талдау, Батыр Баян талдау, Жусан
Үй жұмысын тексеру: бейнеролик «Мұражайға саяхат» (әзірлегендер: Билялов Асхат, Балгенова Алия)


  • ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
    Жүргізуші (Садвокасова Дана):
    -Құрметті ханымдар мен мырзалар!
    XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми кеңес отырысын ашуға рұқсат етіңіздер!
    Бүгінгі отырысқа қатысып отырған көрнекті ғалымдар мен белгілі ақын-жазушылар, Сұлтанмамхұт әлемін зерттеушілер: Рахманқұл Бердібаев, Сәбит Мұқанов, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Қирабаев, Мұзафар Әлімбаев.
    -Құрметті Рахманқұл аға, Сұлтанмамхұт Торайғыров – халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен ақын ғой. Сіздің осы мәселе жөніндегі ойыңызды білгіміз келеді.
    Р.БЕРДІБАЕВ:
    Сұлтанмахмұт қараңғылық басқан қазақ көгіне «өрмелеп шығып күн болуды» ойлаған қазақ халқының кемеңгер перзенті еді. Оның есімі халықтың жадынан шығар емес. Ақын мұралары халқымыздың өткен өмірінің дәл шежіресі секілді қадірлі. Сұлтанмахмұт өз елінің адал азаматы болды. Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді.
    -Сәбит аға, ақын өз өлеңдерінде өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман – аңсарын жырға қосады. Сіз ақынды рухани жағынан қалай бағамдайсыз?
    С.МҰҚАНОВ:
    -Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының құндылығы соншалық, оны қаншалықты қайталап оқып, қаншалықты көп тыңдасаң да жалықтырмайды. Оқыған, тыңдаған сайын жаңа бір қырлары жарқырай көрініп, жаңа бір дүниені ашқандай болады да тұрады.
    -Тұрсынбек аға, Сұлтанмахмұт өлеңдерінің негізгі тақырыбы жөнінде не айта аласыз?
    Т.КӘКІШЕВ:
    -Сұлтанмахмұт «қараңғы қазақ көгіне күн» болудың бірден-бір жолы – оқу, білім деп таныды. Бұл мәселені ол өзінің көптеген шығармаларында көтерді. С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи – әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады.
    -Серік аға, ақынның өмірі мен шығармашылығын сіз зор мақтаныш сезімімен айтып отырасыз, жас ұрпаққа үлгі етіп отырасыз. Осы ретте ақынның мұрасының зерттелуі жөнінде не айтасыз?
    С.ҚИРАБАЕВ:
    Сұлтанмахмұт өмірі, жасаған дәуірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтер көп адамға таныс. Бәрін де білетін сияқтымыз. Дегенмен жалпы жұртқа беймәлім «ақын құпиясы» да аз емес. Оның өмір сүрген ортасының күрделілігі мен қайшылықты сипаттары тудырған біраз туындылары да жабық күйінде қалып келді. Бүгін, көне мұраларымызды тугендеп, қайта қарап жатқан заманда Сұлтанмахмұтты да қайта оқу қажеттігі де осымен байланысты.
    -Мұзафар аға, Сұлтанмахмұт қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады ғой.
    М.ӘЛІМБАЕВ:
    Иә, ұлы ақынның өлең-жырларын мен тілім шыға жаттап өстім. Өйткені, менің нағашыларым да, өз әкем де қадымша оқыған азаматтар еді. Нағашым Әбдірахман мен әкем Айтмағамбет – Уфадағы медресе Ғалияны бітірген кісілер. Ал анам Зейнеп тумысында ақын боп жаратылған уақыттан болар – балаларына Бұқар жырау, Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Иса, Естай… өлеңдерін жастай жаттатты.
    Ақындардың сұлтанын тудырған халқымыздың өзіндік өнер қасиетін үздіксіз зерттеп. Тани берейік.
    -Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі ғылыми отырысымыз аяқталды. Биыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл толды. Бұл мереке оның мұрасын танудағы жаңа белес болмақ. Туған әдебиетіміздегі биік тұлға бұрынғыдан да биіктей түспек. Еңді оның таңдамалы туындыларын басты-басты шет тілдерге аударып, ұлы ақын тойына шашу шаша алсақ, нұр үстіне нұр.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет