Сабақтың тақырыбы: С. Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді



Дата04.10.2020
өлшемі16,4 Kb.
#64038
түріСабақ

Пәні: Әдебиет күні: 17.03.17 пән: әдебиет

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С.Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді.

Сабақтың мақсаты: С.Шаймерденов туралы мәліметті толықтыру, повестің мазмұны мен идеясын анықтау.

Сабақтың міндеттері:

1. С.Шаймерденовтың өмірі, шығармашылығымен танысады.

2. Повесть жанрының ерекшеліктерін айқындайды

3. Оқиға желісіндегі сипаттамаларға өз идеяларын қосады.



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:

1. Шығарма авторы мәліметті толықтырады.

2. Оқиғаны тереңірек болжайды . 3. Тақырыпқа сай эссе жазады.



Сабақтың стратегиялары: «Жүректен-жүрекке».

Сабақтың тәсілдері: Кластер,Жигсо

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

«Жүректен-жүрекке» психологиялық сергіту арқылы сыныптағы ахуалды жасау. Оқушылар бір-біріне тілек тілей отырып, жақсы сөздер айтады.



Үй тапсырмасын сұрау. Ә. Тәжібаев туралы мәлімет, өлеңді жатқа айту

Әр топтың алдына "Ит", "Ашу""Адал достық" деген сөздерді беремін де, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.

Осы сөздерді естігенде сендерге қандай ой келді?

Осы үш сөзді бір-бірімен байланыстырғанда қандай оқиға тууы мүмкін? Бірнеше минут ойланыңыздар.

Екі минуттан кейін-ал енді көршіңізге бұрылыңыз, өз идеяларыңызды ортаға салып, бірлесіп әңгіме құрастырып көріңіздер. Біреулеріңіз сол әңгімені айтып бересіздер. Содан соң, повесть жайлы, ақынның шығармашылығы жайлы «Кластер» тәсілі арқылы анықтаймыз. Сафуанның өмірі мен шығармашылығы жайлы А4 қағазына түсіреміз Жигсо тәсілі арқылы Әр топ ортада талқылап, өздерінің болжамдарын ұсынады. Оны қорғап біткеннен кейін: -Қазір сендер Сафуан Шаймерденовтың «Ит ашуы» повесінен үзінді оқисыңдар. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. 1-үзінді. Қойлы ауыл, Марғаудың іс-әрекеттері.



Сұрақтар:

1. Қай топтың әңгімесі оқыған үзіндіге сай келеді?

2. Шопанның ауылы қандай әрекеттер жасап жатыр?

3.Марғаудың ойында не бар екен?

4. Оқиға ары қарай қалай өрбуі мүмкін?
5. Ақын осы ойымен не айтқысы келіп отыр?
6. Оқиға қай жерде болыпты? 
3-үзінді. Лезбай мен Марғаудың достығы жайлы.
Сұрақтар:
1. Марғаудың еңбегі
2. Адал достық үй жануарының бойынан табылады деп ойлайсыңдар ма?
3. Егер сен ақынның орнында болғанда қандай тақырып қояр едің? 
в)Ой толғаныс. Эссе жазу "Ит - жеті қазынаның бірі..." Оқушыларға эссе жазу тапсырылады.

2-үзінді.Повестің идеясы туралы

Сұрақтар:

1. Ақын осы ойымен не айтқысы келіп отыр?

2. Оқиға қай жерде болыпты?

3-үзінді. Лезбай мен Марғаудың достығы жайлы.

Марғаудың еңбегі

Адал достық үй жануарының бойынан табылады деп ойлайсыңдар ма?

Егер сен ақынның орнында болғанда қандай тақырып қояр едің?



в)Ой толғаныс. Эссе жазу "Ит - жеті қазынаның бірі..." Оқушыларға эссе жазу тапсырылады /10мин/. Топтың ішінен бір оқушы автор орындығында оқиды.

 Үйге тапсырма: Үй жануары туралы мақал-мәтел тауып, мазмұнын анықтап келу



Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 02ff
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02ff -> Сабақтың аты Басаяқты ұлулар класы Сегізаяқтар,кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет